Сабақтың
тақырыбы: Опера және балет театры
Сабақтың
мақсаты:Опера
және балет театры туралы білімдерін
пысықтау
және тереңірек түсіндіру
Сабақтың
түрі:
қайталау
Жоспары:
опера және балет өнері туралы тереңірек
түсіндіру. Операның дауысын тыңдату.
Операның көрінісін сипаттау.
Опера
(итал. ореrа
- дәлме-дәл шығарма, лат. ореrа
- еңбек, бұйым, туынды) — музыкалық өнер
жанры.
Операның
әдеби негізі (либретто) музыкалық
драматургия және ең алдымен вокалдық
музыка формаларының тәсілдері арқылы
өзінің көркемдік шешімін табады. Ол -
вокалдық пен аспаптық муз., драматургия,
хореография (балет) және бейнелеу
өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен
туған театр шығармасы, яғни осындай
әртүрлі өнер түрлерін біртұтас театр
әрекетіне біріктіретін синтезді жанр.
Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина,
монолог, баллада), речитатив (тақпақ
сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио,
квартет, квинтет), хор көріністері, би,
оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт)
опералық музыканың түрлеріне жатады.
Қазақстанда
опера жанры 20 ғасырдың 30 жылдары туды.
Алғашқы опералық шығармалар музыкалық
пьеса және драма түрінде болды. Олар
түгелдей қазақтың халық музыкасына,
оның ән-күй байлығына негізделіп жазылды.
1934 жылы Е.Г. Брусиловский казақтың
тұңғыш операсы "Қыз Жібекті", одан
кейінгі жылдары Жұбанов пен Л.А. Хамидидің
"Абай" (1944), М.Төлебаевтың "Біржан
- Сара" (1946), Қ.Қожамияровтың "Назугум"
(1956), С.Мұхамеджановтың "Айсұлу"
(1964), Е.Рахмадиевтің "Қамар сұлу"
(1963) және Ғ.Жұбанованың "Еңлік-Кебекті"
(1975) сияқты туындылары ұлттық операны
кәсіби тұрғыда жаңа белеске көтерді.
Егемендік алғаннан кейінгі жылдары
қазақ операсы жаңа сатыға көтерілді.
Е.Рахмадиевтің "Абылай хан" операсы
(2004) елеулі оқиғаға айналды. 2000 жылы
Астана қаласында Опера және балет театры
ашылды. Бұл оқиға ҚР Президентінің
жарлығымен Мәдениетті колдау жылымен
орайлас шешім тапты. Театрға К.
Байсейітованың есімі, сонымен бірге
«ұлттық» статусы берілді. Театр тұңғыш
спектаклін М. Төлебаевтың «Біржан-Сара»
операсымен бастады. Оның артистер құрамы
Қазақ Ұлттық музыка академиясы, Қазақтың
ұлттық консерваториясы, Алматы хореография
училищесі түлектерінен және де болашағы
зор дарынды артистер мен тәжірибелі
сахна шеберлерінен қалыптасты.
2012жылдың 19қазанында «Абай» атындағы
қазақтың тұңғыш кәсіби музыкалық театры
әрі Қазақ мемлекеттінің академялық
опера және балет театры ашылды. Бұл
театрда Брусиловский мен М.Төлебаевтың
“Амангелді” (1945), Төлебаевтың “Біржан
– Сара” (1946), Жұбанов пен Хамидидің
“Төлеген Тоқтаров” (1947) опералары
қойылды. Театрда А.В. Селезнев, Ю.П.
Ковалев, Д.Т. Әбіров сияқты балетмейстерлер,
И.И. Зак, Ғ.Н. Доғашев сынды дирижерлер
жемісті еңбек етті. Опера театры
Қазақстанда музыкалық шығарма мен
ұлттық әншілік-орындаушылық өнердің
дамуында үлкен рөл атқарды. Театр ұжымы
1958 ж. Москва қаласында өткен қазақ
әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне
қатысып, “Абай”, “Біржан – Сара”,
“Дударай” опералары мен “Достық
жолымен” балетін көрсетіп, үздік
өнерлерімен танылды. 2013
жылы Астана қаласында жаңа "Астана-опера"
ұлттық опера және балет театры ашылды.