400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыка іс-әрекеті, кіші топ, "Күзгі орманға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы "Күзгі орманға саяхат" Мақсаты: музыкалық іс-әрекеттің дамуына жағдай жасау, әуенді тыңдауға, есте сақтау қабілетін арттыруға, ырғақты ажыратуға үйрету. Әуеннің ырғағына сай жәй басып жүруге, жүгіруге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы "Күзгі орманға саяхат"

Мақсаты: музыкалық іс-әрекеттің дамуына жағдай жасау, әуенді тыңдауға, есте сақтау қабілетін арттыруға, ырғақты ажыратуға үйрету. Әуеннің ырғағына сай жәй басып жүруге, жүгіруге дағдыландыру.

Тапсырмалар:

- музыка сипатының өзгеруін ажырата білуге үйрету;

- музыканың табиғатын анықтауға үйрету (мейірімді, әуезді, т.б.);
- балалардың дыбыстарды (жоғары және төмен, әнді музыкалық сүйемелдеуімен тану) ән айту қабілетін қалыптастыру;

- әншілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету дағдылар: барлығымен бірге ән айту.

- күз мезгілі, оның белгілері туралы білімдерін бекітуге ықпал ету.

- музыка ырғағымен қозғалуға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдыр: музыкалық орталық, синтезатор, баян, сылдырмақ, Жапырақтар, қоян ойыншық, сенсорлық панель

Сөздік: Қоян, жапырақ, шырша, ағаш

Барысы:

Балалар залға шеруге шығып, шеңберге тұрады

- Балалар, сендер музыкалық сабаққа келдіңдер, сондықтан біз сендермен музыкалық тұрғыдан сәлемдесеміз.

Шапалақта алақай, соқ-соқ-соқ

Топылдатшы аяқты. Топ-топ-топ

Уқалашы бетіңді, уқала

Уқалашы бетіңді, уқала

Мынау менің ерінім, муа-муа-муа

Мынау менің тістерім, ыс-ыс-ыс

Мынау менің мұрыны, бип-бип-бип

Сәлем балақайларға, СӘЛЕМ!

-Балалар терезеге қараңдаршы, қазір қай мезгіл? Қазір балалар күз мезгілі. Жапырақтар талда сарғайған, жерге түсіп талжда жапырақтар азайған. Бірақ орманда жапырақтар әлі де бар екен. Бірге орманға барамыз ба?

«Марш» (Е.Андосов) ойналып, «Біз көңілді баламыз, орманға бірге барамыз»- деген кезде серуенге шығамыз.

-Міне балалар орманға да жеттік, қараңдаршы қандай әдемі ағаштар, жапырақтар өте көп екен. Түстері сары, қызыл екен. Бірге айтайықшы, сары, қызыл. Жарайсыңдар.

(Ағаштың артынан қоян шығады)

Ой балалар қарағдар бұл не? Сұр қоян екен. Бізді көріп сәлемдесуге келіпті. Қане қоянға Сәлем деп айтайықшы. Жарайсыңдар!Балалар қоян сендерге арнап тақпақ айтамын дейді.

«Мен қоянмын, қоянмын,

Сәбізге мен тоямын.

Қыста жейтін азықты,

Күзден жинап қоямын» жарайсың қоян.

Балалар Сұр қоянға арнап бізде ән шырқап берейікші. Қане жапырақтарды алып, қоянға жапырақ әнін айтайық.

«Жапырақ» әні.

Орманға біз келеміз

Жапырақты тереміз

Қызыл жапырақ

Сары жапырақ

Түрлі түсті жапырақ.

Қызыл сары міне міне

Саудырайды түседі.

-Жарайсыңдар балалар, жапырақтарды қоянға теріп берейік я, ол достарына Балапандар жинап берді деп айтып барады.

Ойын: Жапырақ жинау

Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, біз қазір би билейтін боламыз. Жәй би емес, ерекше би. Ол үшін бізге сенсорлық панель керек.

Қимылды би: «Қоян»

- Жарайсыңдар балалар, сергіп қалдыңдарма? Жарайсыңдар! Қане енді біз қоянға арнап сылдырмақпен ойнап берейік.

Музыкалық ырғақты жаттығу: «Сылдырмақ»

Жарайсыңдар! Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. Қоянмен қоштасып топқа барайық.

«Марш» (Е.Андосов)

Рефлексиялық түзетушілік:

-Балалар сендер тез жүгіріп, секіре алады екенсіңдер! Сендер маған ұнадыңдар, сылдырмақты жақсы ойнайды екенсіңдер. Мен сендерге тағы да келемін, сау болыңдар! Деп балалармен қоштасады.









 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.01.2026
21
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі