400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Музыка және бейнелеу өнері 6 сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка пәні мұғалімдеріне қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-бөлім: Музыка және өнер түрлері Мектеп №170

Сынып: 6


Сабақ тақырыбы

Музыка және бейнелеу өнері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 - тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау ;

6.1.2.3 - көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінің көркемдеуші құралдарын салыстыру;

6.1.3.1 - әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып,әртүрлі стильдегі және жанржағы әндерді орындау;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдаған музыканы талдап, түрін, стилін және жанрын, оның ішінде басқа да өнермен қарым-қатынасын анықтайды; көркемдік бейнесін шығару кезінде музыкалық және басқа да өнер туындыларының әсерлеуші құралдарын салыстырады; әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізеді, әртүрлі стильдегі, жанрдағы әндерді орындайды

Көптеген оқушылар: Дыбыстарды есту арқылы музыкалық шығарманың мағынасына сай бейнелерді суреттей алады;

Кейбір оқушылар:Естіген музыкасына сәйкес бейнелерді елестету арқылы сурет сала алады.


Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • берілген суреттерді талдап, музыкамен байланысын анықтайды;

  • көркем бейнені құрастырудағы музыка мен бейнелеу өнеріндегі көркемдеуші құралдарды салыстырады;

  • әннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар игереді:

Тілдік терминологияны қолдана отырып, музыканы талдау, талқылау;

Талдауға арналған сұрақтар:

-Суретіңіз арқылы қандай ой жеткізгіңіз келді?

-Сіздің әуеніңіз суретке сай келе ме?

Пәндік лексика мен терминология:

импрессионизм, контраст


Құндылықтарды дарыту

Өнердің өзге түрлерін салыстыра отырып, талдау арқылы оқушы бойындағы қызығушылығын арттырып, өнерге баулу;


Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері


АКТ қолданудағдылары

Интерактивті тақта, көрнекі құралдар т.б.


Бастапқы білім

Берілген тақырып бойынша оқушыларда бейнелеу өнері мен музыка пәндері бойынша стиль, жанр ұғымдары туралы ақпараттар


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Сабақтыңбасы

5 мин













Сабқтың ортасы

30 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

  • Сәлемет пе балалар?

  • Сәлеметсіз бе апай

  • Көңіл- күйлерің қалай?

  • Көңіл күйіміз жақсы

  • Ән салайық тамаша

  • Ән салайық таласа!

Психологиялық дайындық және ширату жаттығулары.

Мақсаты:Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, назарын сабаққа аудару,топтарға бөлу жұмыстарына қолдану; сыныпта қолайлы психологиялық ықпал туғызу.

-Нұрай, күндей күліп жүр (күннің суреті)

- Айғаным, гүлдей әдемі бол(гүлдің сурет)

-Ислам, судай таза бол(судың суреті)

-Асылжан, ағаштай мықты бол(ағаштың суреті)

2. Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

1.Силлабика дегеніміз не?
2.Қара өлең және жыр неше буыннан тұрады?
3.А.Құнанбайұлының қандай әндерін білеміз?
4.Романс термині қандай мағына береді?
5.Романс музыкасының әннен айырмашылығы?
6.Романсты қандай аспаптың сүйемелдеуімен орындаймыз?
7.Романс жазған композиторларды ата?
8.Франц Шуберттің қанша вокалдық шығармалары бар?
ҚБ ( смайлик арқылы бағалау)

ІІ.(Бейнефильмдерден үзінді көрсету. (Құрманғазы «Алатау» күйі)

«Сөйлем қуаласпақ» әдісі

Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша

- Балалар  мына суреттерге назар аударайық. Не бейнеленген? (ауыл,яғни қоршаған табиғат).

- Бізді қоршаған табиғат қандай тамаша! Көз алдарыңа елестетіңдерші: дала,тау етегі, көкорай көкшалғын, ағып жатқан бұлақ, алыстан ағараңдап киіз үйлер көрінеді. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелеген! (Түрлі бояумен!.

- Ал ақын-жазушылар  ше? (өлең, , әңгімемен)

- Дұрыс. Ал, композиторлар осы көріністі қалай суреттейді? (дыбыспен,әнмен, музыкамен).

  • Табиғатты бейнелейтін қандай күйлер мен әндерді білеміз?

Олай болса балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Музыка және бейнелеу өнері

Топтық жұмыс .«Коллаж әңгіме» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын  дамыту.

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттер беріледі. Олар сол суреттерге әңгіме құрастырады.

- Балалар  мына суреттерге назар аударайық. Не бейнеленген?

Осы суреттерге қандай тақырыптар қояр едіңдер?

Осы суреттерге тақырып қою арқылы топтарымыздың атын белгілейміз

1 топқа: Ә.Қастеевтың «Жайлауда»1957

2 топқа: Ә.Қастеевтің «Кең жайылым»

3 топқа : Ә.Қастеевтің «Қыздар» ( туындылары)

- Енді осы суреттердің мағынасына қарап ән шығарып көрейік

ҚБ.Өзара бағалау.

Бағалау критерийлері:

  1. Шығарманың мәнін түсінеді

  2. Авторы туралы мәлімет береді

  3. Әуенін топта орындайды

«Екі түрлі түсіндірме күнделігі» әдісі Берілген мәтін бойынша үлестірме таратылады; берілген сұрақтарға өз пікірін жазады
1-топ: 78-79 беттегі мәтін

ІІ- топ: Әбілхан Қастеев  өмірі

ІІІ – топ: 74-75 бет

Ресурстар



Жеке жұмыс.Н.Тілендиевтің «Сары жайлау» әнін тыңдап қағаз бетіне бейнелеу. Әнді орындау

ҚБ.Өзара бағалау.

Бағалау критерийлері:

  1. Әннің поэтикалық мәнін түсінеді

  2. Авторы туралы мәлімет береді

  3. Әуенін топта орындайды



Сабақтың соңы

5 мин

«Менің сөзім» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін  бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң,  басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып,  сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен  қатысады.

Оқушылардан кері байланыс алу:

• Мен бүгін сабақта үйренгенім…

• Менің түсінгенім…

• Менің қызығушылығымды тудырған…

• Мен үшін маңыздылығы…















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі