400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыка және поэзия

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып оқушыларына арналған әдістемелік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Адамгершілік әліппесі.

Мақсаты:

1.Оқушыларға адамгершілік туралы түсінік беріп,Ойларын еркін жеткізіе білуге дағдыландыру;

2.Сыни тұрғыдан ойлау іскерліктерін қалыптастыру арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытып,дүниетанымдарын жетілдіру;

3.Адамгершілікке,мейірімілділікке,ақылды болуға тәрбиелеу;

Түрі: танымдық,өнеге сағаты

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,

Көрнекілігі:суреттер,кеспе қағаздар,гүлдер,топшамалар, слайдтар,нақыл сөздер.

Қатысушылар:9-сынып оқушылары

Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Сәлеметсің бе,Күн!/қолды жоғары көтереді./

Сәлеметсің бе,достым! /Достарын құшақтайды/

Сәлеметсің бе,әлем!/қолды жоғары көтеріп төбеге шеңбер сызамыз./

Сәлеметсің бе,ғасыр!/қолды жоғары көтеріп,әрі-бері былғаймыз./

Сәлеметсіңдер ме,мейірімді жан ұстаздар,ата-аналар!/ Иіледі./

ІІ.Негізгі бөлім.

Тақырыпты ашу.

Мұғалім:

Қымбатты балалар,бар назарымызды тақтаға аударайық та,адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік.

-Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толықтырайық.

*Адамгершілік-әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.



Се німділік Мейірімділік




Татулық

Сыйластық Кішіпейілділік

Шыншылдық

Аяушылық

-Сонымен балалар,бүгінгі шараның тақырыбы “Адамгершілік-әліппесі”деп аталады екен.

/Оқушылардың ойын әрмен қарай толықтыру./

Мейірімді,қайырымды адам қай кезде де жақсылық жасауға дайын тұрады.Ондай қасиет адамның жан сұлулуығын,рухани байлығын,парасаттылығын көрсетеді.Адамның адамгершілігі-оның жоғарғы қасиеті.Өздерің айтып отырған ізгі қаиеттер адам бойында болу керек.

Мұғалім сөзі:

“Адамгершілік әліппесі”журналы бойынша түсіндіру./Сонымен балалар,бүгін алғаш рет бұл журналдың алғашқы саны жарық көріп отыр./

-Енді мен сендерге адамгершілік қасиеттер туралы түсіндіріп өттім.Осы қаиеттер өз бойларыңда бар ма екен,ойланайықшы.

Айзат:

Жақсы болу өзіңнен,жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден, мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден, мен қандаймын деп ойла.

-Енді балалар,алдымыздағы қағазға “мен”деген сөзге әркім сұрақтарға жауап беру арқылы толтырады.


Мен үшін не қажет?



Не істей аламын? Кіммін?



Қандаймын?

Мұғалім сөзі:

Өзіміз туралы ойландық.Бәріңнің де бойларыңда жақсы қасиеттер бар екен.Мен қуаныштымын.Болашақта да осындай жақсы қасиеттерге ие бола беріңдер!

Енді тақырыбымызды аша түсейік.

Көрініс: “Әжей алғысы”

Сұрақ:

1.Көрініс не туралы?

2.Кімдер жақсы іс жасады?

3.Көріністен не түйдіңдер?

4. “Атаңа не істесең,алдыңа сол келер”дегенді қалай түсінніңдер?

Мұғалім сөзі:

Балалар, манадан бері адамгершілік туралы біршама нәрселер айттық.Сендер соныі бәрін ұқты деп есептеймін.Ойымызды одан әрі өрбітіп,бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген күннің суретіне назар аударайық.Жарқын күн көлегейленіп тұр.Күнді біз жан шуағын төгетін анамызға теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік.Ол үшін күн бетіндегі түнерген бұлттарды сейілтейік.Әр бұлттың бізге тапсырмалары бар екен,соны орындайық.

1-бұлт сенің шешуің не,сен неге түнере қалдың?














4-бұлт.Осы тапсырманы орындасақ күн күлімдеп шығады.








Мұғалім сөзі:


Күн:Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағым,

Бәріңе ортақ шуағым-деп ашылды.Осы жарқын күндей адамгершілігі мол жажақтарыңа шуақтарыңды сеуіп үлкен азаматша болыңыздар!

Айсана:Ғылым таппай мақтанба.

Енді балалар,Жаңбыр жауғысы келіп күн түнерді.Сосын ашылды.Ашылған күн соңынан ақша бұлттар мен әсем кемпірқосақ шыққысы келіп тұр екен.Ол ойын ойнай отырып кемпірқосақ құрастырайық.Қалай қарайсыңдар?

Ойын “Жалғастыр.”

“Не істеуге болмайды?”

*Үлкендердің алдын........../ кесіп өтуге болмайды/

*Құстарды..................../атуға болмайды./

*Достарыңды.................../ренжітуге болмайды./

*Жаман сөз........................./айтуға болмайды/

“Не істеу керек?

*Үлкенді.................../сыйлау керек./

*Ата-ананың тілін......................./алу керек./

*Кішілерге.........................................../қамқор болу керек./

*Тәртіпті................./ керек./

*Ұстаздарды ................./қадірлеу керек./

*Оқу-құралдарын................./күтіп ұстау керек./

*Адамгершілігіміз............./мол болу керек./

Ерасыл:

Нағыз адам болмын!

Бүгін титей баламын.

Әлі-ақ жігіт боламын.

Сонда, мүмкін, мен ғалым,

Әлде шофер болармын.

Әлде,әлде білсеңдер,

Жалғыз ғана талабым:

Ер жеткенде,ел сенер

Нағыз адам боламын!

Мұғалім сөзі:

Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бүлттан қорғадық.Артынан аспан шайдай ашылды.Әсем кемпірқосақта шықты.Міне осындай әсем табиғат аясына алтын ақылға толы “Адамгершілік ағашын” өсірсек қалай болады?

Алтын ақыл:

1.Әр күнді жақсы ой ойлаумен бастау керек.

2.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,күлдіргеніңді есіңе түсір.

3.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

4.Тыныштық сақтай білуге үйрен.

5.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

6. “Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі,жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі”-деген сөзді ұмытпа.

Осы әдемі ағаш сіздерге алдағы уақытта сая болсын!Үнемі ақылды,парасатты еңбекқор,адамгершілігі мол болып өсіңдер!

Сөз соңында сендер бұл шарадан қандай әсер алдыңыздар?

Сіздерге ұнады ма?/оқушылар мен ата-аналар/







Адамгершілікті дәріптеген сабағымыз аяқталды.















Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп

















Сынып сағаты

«Адамгершілік әліппесі»







9 б сынып

Нысанбай Арайлым















2019-2020 оқу жылы

Тақырыбы: «Дені саудың жаны сау»

Мақсаты: Оқушыларды денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Дені сау азаматтар-

мемлекеттің ең бағалы капиталы.

(В.Комат)

Адамның табиғаттан алатын ең үлкен сыйы ол – денсаулық. Халық арасында дені сау адамның қолынан келмейтін ісі жоқ деп босқа айтылмаған. Аталған қарапайым ойды тек қана ағзамыз сырқат танытқанда ғана немесе дәрігерлерге жүгініп, олардың қолынан келмейтінді талап еткенде ғана еске түсірмей, үнемі есте сақтап жүрген абзал. Өз заманында әйгілі қолбасшы Александр Суворов «салқын су денеге де, ақыл-ойға да пайдалы»-деп, білген. Өйткені салқын сумен емделу – өзіндік туа біткен әлжуаздықтан арылу –генералиссимустың шайқастарда жеңуіне септігін тигізді. Қазіргі заманғы зерттеулер бойынша, суық суға сүңгушілік жынысы мен тектілікке қарамастан адамның шартты биологиялық жасын төмендетеді. Яғни жасарту әсері бар және ұзақ өмір сүруге көмегін тигізеді. Көп адамдар «Егер мен су ойығына секірсем, мен өлемін, ауырып қаламын, бір жерім үсіп кетуі мүмкін және т.б.» - деп, ойлайды. Қорқыныш үрей тудырады деген рас екен, дегенмен су ойығына бірден секіруді шыныққан адамдардың өзіне де кеңес етпейміз. Ал өзіндік психологиялық тосқауылды – алғашқы рет суға түскендегі салқын су алдындағы қорқынышты – әрбір әлі еті үйренбеген адам өзінше жеңуі тиіс. Көбінесе үрей тудыратын қорқыныштың көзі, жете білмейтін «тілектестердің» кеңестері қыздыра түсетін, өзіндік ағзаның шынайы мүмкіндіктері мен қорларын білмеу болып табылады. Сөзсіз, егер алдын ала өзіңізді ауыруға икемдесеңіз, онда әрине ауруханадан табыласыз, өзін-өзі сендірудің мүмкіндігі шексіз екендігін жақсы білерсіз. Шынығу – сауықтырудағы керемет әдіс. Оның көмегімен көптеген аурулардың алдын алуға болады, сонымен қоса еңбекке қабілеттілікті, өмірге деген махаббатты сақтап қалуға көмектеседі. Әсіресе салқын тиген кезде шынығудың көмегі зор!

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.

Дені саудың – жаны сау. Әрине денің сау болмаса, рухани сауыға алмасың тағы бесенеден белгілі.

Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертенгі жалғасы.

Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.

Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Адамға денсаулықтан не бар қымбат,

Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.

Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.

Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.

Жаңа ғасыр табалдырығынанаттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты  болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай  биік көтер!

Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!  





































Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп

















Сынып сағаты

«Дені саудың жаны сау»







9 б сынып

Нысанбай Арайлым















2019-2020 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі