400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге,қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-бөлім:Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Мектеп: Дәмді орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:

Музыкалық аспаптар

Мұғалімнің аты -жөні: Махмутова Г.О.

Күні:28.11.2019

Сынып: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаты:

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (ән, интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;

Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала,құрастырып жазу.

7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Тыңдалған мәтін бойынша көзқарасын білдіре алады;

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын мақала, нұсқаулық, әңгіменің стильдік ерекшеліктерін айырады;Етістіктің шақ,рай түрлерін біледі,ажыратады;

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала,нұсқаулық,әңгіме құрастырып жазады.

Етістіктің шақ түрлерін тілдесім барысында дұрыс қолдананады;


Бағалау критерийлері:

Тыңдалған мәтін бойынша көзқарасын білдіреді;

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала,нұсқаулық,әңгіме құрастырып жазады;

Етістіктің шақ түрлерін тілдесім барысында дұрыс қолдананады;


Ойлау дағдыларының деңгейі:

ТТүсіну,қолдану,жинақтау;

Тілдік мақсат:

Пән лексикасы және терминология:
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т.б
Оқушылар: жаңа сөздерді жазба жұмысында қолдана алады
Пән лексикасы және терминология: стиль, мақала, нұсқаулық, әңгіме,етістіктің шақтары, орфография т.б

Құдылықтарды игеру:

Өз халқының мәдениеті мен тіліне деген құрмет

Ресурстар:

АКТ, аудио,қазақ тілі оқулығы Алматы, «Атамұра»2017,

кеспе қағаздар,суреттер,тірек сөздер жазылған қағаздар,стикер,жетон,


Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, «Тақырыпты болжау» әдісі, «Ойлан,жұптас,бөліс!» әдісі

Пәнаралық байланыс:

Музыка өнері,қолөнер;

Алдыңғы оқу:

Музыка өнері,музыкалық бағыттар;

Сабақтың жоспары

Жоспарлан

ған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы.2 мин



Жеке жұмыс. 5мин














































Топтық жұмыс.

10 минут























Сабақтың ортасы.

Жұптық жұмыс.

18 минут










































Сабақтың соңы


3 мин.










2 минут


























1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,сабаққа дайындық, сыныпты топқа бөлу.



«Тақырыпты болжау» әдісі арқылы тақырыпты болжатамын.Алдымен интерактивті тақтадан видео тамашалайды.

1-тапсырма.Көрген видеоматериал арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Осы жерде оқушыларға жетек сұрақтар қоямын

- Балалар,бұл видео қай жерде түсірілген?

-Бұл видеоматериалдан не бақыладыңыздар?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады?

-Сендерге осы видео қызық болды ма?


Мұғалім:-Ендеше,бүгінгі сабақтың тақырыбы «Музыкалық аспаптар».

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Оқушылар үстел үстінен өзіне ұнаған ұлттық аспап суретін алады. Содан соң сынып қабырғаларынан сол суреттің анықтамасын іздейді. Сыныпқа таңдаған аспабын түсіндіреді.

Суреттер:



Саралау:Диалог және қолдау негізінде саралау.Бірқатар сұрағыма жауап алу үшін,кейбір оқушыларға көмек қажет болады.Осы кезде оқушыларға нақтылау,жетек сұрақтарын қоямын.Ойланып,дұрыс жауап беруге,ойын жеткізе алуға жағдай жасаймын.



Қалыптастырушы бағалау.Оқушыларды жетон арқылы бағалаймын.




2-тапсырма.Музыка аспаптарын түрлеріне қарай топтап жаз.Аспап жайлы шағын мәтін жаз.\3 сөйлем\

Бұғышақ,қамыссырнай,домбыра,керней,дабыл,асатаяқ,

қоссырнай,жетіген,мүйізсырнай,шертер,қылқобыз,сазсырнай,сыбызғы,даңғыра,қоңырау,шаңқобыз,тастауық,ұран,дауылпаз,дудыға,үскірік,кепшікшың,ысқырауық,шыңдауыл.


Түрлері

Атауы

Үрлеп ойналатын


Шертіп ойналатын


Қияқпен ойналатын


Ұрып ойналатын


Сілкіп ойналатын



Дескриптор:

1.Аспаптарды түрлеріне қарай топтайды.

2.Шағын мәтін жазады.

Қалыптастырушы бағалау:Топтар жұмыстарымен алмасып,дескрипторға сілтеме жасай отырып, бір-бірінің жұмысын бағалайды.



3-тапсырма.

Сыныптағы оқушыларды жұптастыра тапсырмалар беріледі..
Топтарға тапсырма ұсынбас бұрын 1- топқа мақала туралы,

2-топқа нұсқаулық туралы, 3-топқа әңгіме туралы нұсқау-ережелер таратылады. Олар топта талқылай отырып, нұсқау-ережені түсінеді. Содан соң тапсырма беріледі:
1-топ:
Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
2-топ:
Нұсқаулық - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы, жалпы алғанда нұсқау.
3- топ:

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. 

«Таныстыру» әдісі.
Тапсырма:
1-жұп: Шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық саз аспаптары сыбызғы, кепшік, домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т.б аспап атауларын таныстыру мақсатында және күйлерінің шығу тарихы туралы топта шағын мақала жазыңыздар. (Қазақтың халық музыка аспаптар мұражайына саяхатты алуға болады)

2-жұп: Белгілі бір аспапта ойнау (қалай отыру, аспапты қалай ұстау т.б) туралы нұсқаулық жазыңыз.

3-жұп: Ұлттық аспаптар домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген туралы шағын әңгіме ертегі құрастырыңыз.

Үш жұп жұмысты орындап болған соң, сағат тілімен карусель әдісімен келесі жұп жұмысымен танысып, одан соң үшінші жұп жұмысымен танысып, топтарына оралады. Жұптар бір-бірінің жұмысын тексереді.

Дескриптор:

1.Нұсқау-ережені түсінеді.

2.Нұсқаулыққа байланысты жазба жұмысын жазады.

3.Етістіктің шақ түрлерін ажыратады.



Саралау:Ресурс бойынша саралау

Жазылым оқушылардың нәтиже көрсететін,мұғалім өнім алатын дағды болғандықтан,жазылым жұмысының жақсы шығуы алдымен сөздік қорға байланысты.Осы ретте оқушыларға нұсқау-ережелер,сөздіктер ұсыну арқылы көмек беремін.


Қалыптастырушы бағалау. «Неліктен бұл үздік?» \Оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын және не үшін солай ойлайтынын сұраймын.Мұндай түсіндіру кезінде оқушы өз ойын ашық айта алады.Табыс критериилеріне, дескрипторға сілтеме жасай алады.\


Сабақ соңында оқушыларға «Ойды аяқта!» кері байланысын ұсынамын,оқушылар бүгінгі сабақта білгенін,қиындық тудырған нәрсені,қолынан келгенін,нені үйренгенін жазады.Бұл жерде дайын шаблондары бар қағаздар таратамын.

Кері байланыс: «Ойды аяқта!»

Кері байланыс: «Ойды аяқта!»


Бүгін мен білдім...

Қиындық тудырды...


Мен үйрендім...

Қолымнан келді...



Үй тапсырмасы:9-тапсырма,87бет.







АКТ, аудио,

қазақ тілі оқулығы Алматы, «Атамұра»,2017,

кеспе қағаздар














https://www.google.kz/search?q=%D0%B0%D1%81%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%8F%D2%9B&espv=2&biw=1366&bih=662&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj9qfbEp57SAhWD_iwKHTquC7gQ_AUIBigB#tbm=isch&q=%D1%83%D1%96%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D0%BA&imgrc=hPoG5x-cktIOUM:





жетон







































Қосымша ақпарат

Саралау

Қосымша критерийлер арқылы бағалау.

Топтық, жұптық,жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.


Бағалау

1-тапсырмада оқушыларды жетон арқылы бағалаймын.Сұраққа жауап берген оқушылар жетон жинайды.3-тапсымада оқушылар топтағы үздік жұмысты «Неліктен бұл үздік?» әдісі арқылы бағалайды. \Оқушылардан өзінің жақсы деген жұмысын таңдауын және не үшін солай ойлайтынын сұраймын.Мұндай түсіндіру кезінде оқушы өз ойын ашық айта алады.Табыс критериилеріне,дескрипторға сілтеме жасай алады.\


Пəнаралық байланыс:

Музыка

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаттары шынайы,себебі оқу бағдарламасынан алынған. Бүгін оқушылар тақырыпты болжай алды және эссе жазуды үйренді.Берілген уақыт ішінде үлгердім.

Мақсатқа жету үшін жазылым дағдысын мұғалім жетекшілігімен жүргізілетін жазылым арқылы жүргіздім.


Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Тақырыпты болжау барысындағы сұрақ-жауап әдісі табысты болды,себебі кейбір оқушыдан толық жауап ала алдым

2:Ашық сұрақтар оқушыны ілгерілетуге ықпал жасады.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Мұғалім жетекшілігімен жүргізілген жазылымның кезеңдері.

2:Қалыптастырушы бағалау оқушылардың бір- бірінің жұмысын шынайы бағалауға мүмкіндік берді.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тапсырмаларды уақыт мөлшеріне қарай таңдау, топтағы қарым-қатынасты бақылау. Жекелеген білім алушыларды топтық жұмыстарға тарту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1120
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі