Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ: 2




Бөлім тақырыбы

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы



Сабақтың түрі

жаңа сабақ



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А4; Негізгі ойды анықтау. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • шығарманың негізгі ойын анықтайды;

Көптеген оқушылар

  • шығарманың негізгі ойын ашатын мысалдарды келтіреді(ол үшін шығарма мазмұнына детальді үңілуі тиіс);

Кейбір оқушылар

  • сабақ барысында талданған ақпараттарды мысал ретінде қолдана отырып, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері мен шығарманың негізгі ойын байланыстыра алады;



Бағалау критерийлері

  • шығарманың негізгі ойын анықтайды, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері мен негізгі ойын байланыстырады;

  • әдеби көркемдегіш тәсілдерді ажырата алады.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Қашаған. Мойнына құрық салдырмайтын, бұғалықтан қашып әккі болып алған жылқы.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

«Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда»

«Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда»



Пәнаралық байланыс

тарих, этнопедагогика



Мектеп құндылықтары

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.



Осыған дейін меңгерілген білім

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.



Жоспар



Жоспарланатын уақыт


Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер









5 минут














Ұйымдастыру бөлімі.

Тыңдалым алды тапсырма.

Сыныпқа М.Әуелбекованың орындауындағы «Домбыра туралы баллада» әні тыңдауға ұсынылады. Оқушылар тыңдай отырып, ән мазмұны бойынша нақты ақпараттық сөйлемдер жазып алуы тиіс (Мысалы: «Қазақтың қанында да күй ойнайды», «Домбыра-бабаларымыздың мұңы», «Домбыра-даланың үні», «Домбыра қуанышта да, қайғыда да үнсіз қалып көрмеген/Ата-бабаларымыз қуанышын да, қайғысын да домбырамен бөліскен» т.б.). Жекелеген оқушылар қандай сөйлемдер жазып алғандары туралы сыныппен бөліседі. Мұғалім сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау мақсатында сөйлем мазмұнына қатысты жетелеуші/ой қозғау сұрақтарын қояды. Сабақ тақырыбын болжауға әкеледі.

(Әннің мәтінін ұсына отырып, бірге орындауға болады)

Жетелеуші сұрақтар:

  • Өзің ол туралы не ойлайсың?

  • Сен оны ... қалай түсінесің?

  • ... қатысты не айтар едің?

  • Сабақтағы әңгімеміздің тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

  • Тақырыпқа қатысты не айтар едің? т.б.





М.Әуелбекованың орындауындағы «Домбыра туралы баллада» әні














Сабақтың ортасы





10+13 минут


Негізгі ойды анықтау. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.









































5 минут






















































































10 минут


Тыңдалым тапсырмасы.

Т

Мұғалім сыныпты 4 адамнан тұратын топтарға бөледі. І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңінің аудионұсқасы ұсынылады. Аудиомәтін бойынша топтарға төрт түрлі тапсырма беріледі. Оқушылар келісе отырып, тапсырмаларды орындайды және қорытынды жауаптарын сыныпқа таныстырады.

1-тапсырма: Өлең оқушының оқу мәнеріне, дауыс ырғағына көңіл бөле отырып, өлең оқушының дауыс ырғағы мен мәтіннің негізгі ойын байланыстырып көріңіз.

2-тапсырма: Ақын домбыраның үні қаншалықты сан алуан, күшті екенін қалай бере алған? Ақын бейнелеуінен мысалдар келтіріңіз.

3-тапсырма: «Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда» және «Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда» деген өлең жолдарының мағынасын ашыңыз.

4-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдай отырып, шығармадан тілдік қолданысқа жаңа сөздер мен сөз тіркестерін ұсыныңыз.

Shape1

Тапсырмалар барлық топта бірдей болғандықтан да мұғалім берілген жауаптарға қатысты сыныпты өзара салыстырулар жүргізуге ынталандырып, берген жауаптарына түсініктемелер сұрап отырады. Топтар берілген жауаптарға қатысты келісетінін/келіспейтінін айтып өзара бағалау жүргізеді. Топтар жауапқа қатысты өз нұсқаларын салыстыра отырып жеткізуі керек.










Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Ж

Оқушылар мұғалім ұсынған сілтемеге өте отырып, тыңдалым мәтіні бойынша берілген тапсырмалар мен сұрақтарға өз беттерімен жауап береді (тапсырманы онлайн немесе жазбаша нұсқада орындай алады)

1-тапсырма.

Қажетті сөзді жазыңыз.

    «Екі желі, үш қазық, 
    Тоғыз ноқта 

Shape2 » 
Қажетті сөздер: сарқыра, аруана, домбыра.


2-тапсырма.

Дұрыс жауабын белгілеңіз.

    «Төгіл, төгіл, тәтті сый/ нұр /күй,
    Тау суындай сылдыра...»


3-тапсырма.

Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз.

Өлеңде домбыраға қатысты айтылатын эпитеттерді табыңыз.

Shape3 шабыт күй

Shape4 бота күй

Shape5 тәтті күй

Shape6 арман күй


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: 1


Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады.

Тестілеуден қайта өту мүмкіндігі бар. 

Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз. 
1. Өлеңнің ұйқас түрін анықтаңыз.

Shape7 A) қара өлең ұйқасы

Shape8 B) шалыс ұйқас

Shape9 C) кезекті ұйқас

Shape10 D) аралас ұйқас

2. Өлең қалай басталатындығын көрсетіңіз.

Shape11 A) «Дариға, домбырамды берші маған»

Shape12 B) «Төгіл, төгіл, тәтті күй»

Shape13 C) «Тарт күйіңді, домбыра!»

Shape14 D) «Беу, домбыра!»

3. Өлеңде кездесетін эпитетті табыңыз.

Shape15 A) бота күй

Shape16 B) қамыс құлақ

Shape17 C) сағым жылдар

Shape18 D) арман мекен

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. 
 Екі желі, үш қазық, Тоғыз ноқта ...

Shape19 A) домбыра

Shape20 B) күй

Shape21 C) жыр

Shape22 D) қобыз

5. Өлең не туралы жазылғандығын табыңыз.

Shape23 A) домбыраның қасиеті, күй құдіреті туралы

Shape24 B) жаугершілік заман туралы

Shape25 C) Жошының өлімі жайында

Shape26 D) «Ақсақ Құлан» күйінің шығу тарихы жайында

6. Өлеңдегі «қашаған» сөзінің мағынасын табыңыз.

Shape27 A) тарихтан белгілі танымал тұлға

Shape28 B) туған жерін тастап кеткен адам

Shape29 C) мойнына құрық салдырмайтын, бұғалықтан қашып әккі болып алған жылқы

Shape30 D) Қазақстандағы танымал кен орны

7. Көп нүктенің орнына тиісті тіркесті қойыңыз. 
Домбыра – қазақ халқының ...

Shape31 A) көне кітабы

Shape32 B) діни құралы

Shape33 C) жаңа аспабы

Shape34 D) ұлттық аспабы

8. Өлең қалай аяқталатындығын белгілеңіз.

Shape35 A) «Желпін, желпін, жел соқтыр»

Shape36 B) «Домбыра, сенде мін бар ма?»

Shape37 C) «Құлшына тарт, домбыра!»

Shape38 D) «Арман болған домбыра»

9. Өлеңдегі теңеулерді табыңыз.

Shape39 A) Тәтті-тәтті әңгіме айт, Жаңа өмірді жыр қыла

Shape40 B) Тауда тұман тұрмасын, Көкте, бұлт, ыдыра!

Shape41 C) Тау суындай сылдыра, Құлындайын құлдыра

Shape42 D) Өлеңде теңеу жоқ

10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. 

Ойнатайын он ..., Құлындайын құлдыра.

Shape43 A) күндей

Shape44 B) саусақ

Shape45 C) бөбек

Shape46 D) өнер


Бағалау критерийі

Бағалау дескрипторы:


әдеби көркемдегіш тәсілдерді ажырата алады.

Ұйқастың түрін ажыратады


Өлең мазмұнын түсінеді


Көркемдегіш құралдарды ажыратады


Шығарманың идеясын анықтайды



Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: 2

Т

Топта бірлесе отырып, төмендегі тапсырмалардың бірін орындаңыз.

І-тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңінің мазмұны бойынша ТҮЙІНДЕМЕ жасаңыздар. Түйіндеменің тақырыптық/мазмұндық құрылымын ақылдаса отырып шығарыңыздар.

Мысалы:

  • Шығарманың аты:

  • Шығарманың авторы:

  • Шығарманың идеясы:

  • Шумақ саны:

  • Ұйқасы:

Әдеби көркемдегіш құралдар:

  • Теңеу:

  • Эпитет: т.б.


ІІ-тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңі бойынша сызба-кесте жасаңыз. Сызба-кестенің тақырыптық/мазмұндық құрылымын ақылдаса отырып шығарыңыздар.


шығарманың аты:

авторы

көнерген сөздер

қос сөздер

т.б.







ІІІ-тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңін ұйқас, буын мағыналық ерекшеліктерін сақтай отырып, өз беттеріңізбен аяқтап көріңіз.

Бағалау критерийі

Бағалау дескрипторы:


шығарманың негізгі ойын анықтайды негізгі ойын байланыстырады

Шығарманың негізгі идеясын ажыратады;


Шығармадағы детальды ақпараттарды талдайды;


Шығармадағы детальды ақпараттарға мысал келтіреді.


Шығарманың негізгі идеясын ажыратады;



Жетелеуші сұрақтар:

  • Неге дәл осындай мағыналық құрылымдарға бөлдіңіз?

  • Сіздің сыныптастарыңыз қандай мәліметті сәтті қолданды немесе нені назардан тыс қалдырды деп ойлайсыз?

  • Шығарма оқырманға қалай әсер етеді? Оқырман қандай шешімге келуі тиіс деп ойлайсыз? т.б.






http://cdn.e.edu.kz/sui/lcms-scorm-player.html?resource=2020704438#













Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут

Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы


  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.





Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі