Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыка пәні 3 сынып. Музыка және уақыт.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша жасалған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

10 сабақ жоспары

Оқу ісі меңгерушісі: Бейсекеева С.А

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 3-бөлім:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмабай Б

Сынып: 3

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Музыка жəне уақыт

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

  • музыка мен уақыт арасындағы байланысты ұғынуға тырысады;

  • музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді;

  • музыкалық өлшемдер түрлерін ажырата алады;

  • сыныптастарымен бірге бағдарламалық музыка мағынасын айқындауға талпынады;

  • музыкалық сауаттылығын дұрыс пайдалануға тырысады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • музыка мен уақыт арасындағы байланысты ұғынады;

  • музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді жəне сипаттай алады;

  • музыкалық өлшем түрлерін ажыратады, көрсете алады;

  • бағдарламалық музыка мағынасын айқындай алады;

  • музыкалық сауаттылығын дұрыс пайдаланады.

Кейбір оқушылар:

  • музыкалық шығарма мазмұнын талдауда уақытқа байланысты дыбыстық интонацияларды ести біледі, сипаттай алады;

  • бағдарламалық музыка мағынасын айқындауда өз пікірін ортаға салады;

  • музыкалық сауаттылығын тəжірибе барысында жүзеге асыра алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар мына мақсатқа жетті:

  • музыка мен уақыт арасындағы байланыстылықты ұғынуға тырысады;

  • музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді;

  • музыкалық өлшемдер түрлерін ажырата алады;

  • сыныптастарымен бірге бағдарламалық музыка мағынасын айқындауға талпынады;

  • музыкалық сауаттылығын дұрыс пайдалануға тырысады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тыңдалған музыканы сипаттайды, музыка мен уақыт жөнінде жəне олардың өзара байланысы туралы өз пікірін айтады, көңіл күйін түрлі музыкалық іс-əрекеттер арқылы жеткізе алады;

  • аспаптық бағдарламалық музыканы біледі.

Құндылықтарды

дарыту

Кəсіби музыканы тыңдау арқылы мəдени тұлғаларды тəрбиелеу

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.

(МК, Ұ) Бөлім музыка мен уақыт тақырыбын қамтығандықтан, олардың өзара байланысы мен музыкалық шығармалардағы көрінісін ашуға бағыт- талған. Сабақта жалпы уақыт, оның өлшемдері туралы əңгіме қозғалады.

Оқушылар оқулықтағы берілген суреттерге қарап, уақыт өлшемдерін атайды.

  • Мына торкөздердің ішінен ең қысқа жəне ең ұзақ уақыт өлшемдерін көрсет.

(Секунд, минут, сағат, тəулік, апта, ай, жыл). Қысқаша уақыт тақырыбына шолу жасалғаннан кейін негізгі тақырып музыка мен уақыт арасындағы байланысы қарастырылады.

  • Қалай ойлайсың, музыка арқылы уақытты көрсетуге бола ма?

«Музыка» оқулығы

Сабақтың ортасы

2-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау.

(ОТ) Музыка арқылы уақытты көрсетудің мысалы ретінде Г.Свиридовтың «Время, вперед!» («Уақыт, алға!») атты оркестрге арналған сюитасы ұсынылады. Георгий Васильевич Свиридов (1915–1998) – Ресей композиторы, пианист. Түрлі жанрда музыка жазған. Əлемге танымал шығармалары: ақын А.С. Пушкиннің

«Метель» атты повесіне жазылған музыкалық суреттемелер мен «Уақыт, алға!» оркестрлік сюитасы. Мұғалімнің көрсетуінсіз оқушы өз тəжірибесіне сүйене отырып, музыкада бейнеленген уақыттың қаншалықты тоқтаусыз жылжып жатқанын сезінеді. Өз ойларын білдіруде төмендегідей сұрақтар қарастырылған:

  • Тыңдаған шығармада музыка уақыт жыл- дамдығын қалай көрсеткен (баяу, тез, өте тез)?

  • Музыка қандай көңіл күй тудырды? Алған əсеріңмен бөліс.

  • Суретке қарап, уақыт жылдамдығына байланысты əңгіме құрастыр.

(МК, ОТ) Музыкалық шығарма нақты уақыт қозғалысын бейнелі көрсеткендіктен, сабақта бағдарламалы музыка жөнінде əңгіме қозғалады. Оқушылардың өз тəжірибесіне сүйеніп, бағдарлама- лық музыкаға мысал келтіруін сұрап өту керек. Оқулықта бағдарламалық музыка туралы түйін жасалады.

«Композитор Г. Свиридовтың музыкасы – мəңгі тоқтамайтын уақытқа арнайы жазылған шығарма. Қандай да бір тақырыпқа арнайы жазылған музыканы бағдарламалық музыка деп атайды».

3-тапсырма. Орындау.

(Ұ) Сабақта үйретілетін «Сырлы сағат» (Т. Тоқжанов, А. Рахметов) əні уақыттың қаншалықты адам өмірін-

де маңыздылығын, оны үнемдеп, пайдалы іспен

«Музыка» оқулығы нота хрестоматиясы, фонохрестоматия Г.Свиридов

«Время, вперед» Сим.оркестр https://www.youtub e.com/watch?v=jda O0F9OTNI


айналысуға шақырады. Əн тез игеріледі, сөздерінің тəрбиелік маңызы басым.

(МК,Ұ) Əнге байланысты музыкалық сауаттылыққа музыкадағы 2/4 өлшемі қарастырылады, салыстыр- малы 3/4 өлшемі де аталып өтіледі.

«Уақыт өлшемі сияқты музыканың өз өлшемі болады. Сен орындағын «Сырлы сағат» əнінің өлшемі – 2/4. Бұл өлшем бір тактінің ішіндегі ұзақтықтың екі төрттік нотаға (1-еу, 2-еу) саналатынын көрсетеді. Егер өлшем 3/4 болса, онда бір тактінің ішіндегі ұзақтықтың 3 төрттік нотаға (1-еу, 2-еу, 3-еу) саналатынын көрсетеді. Мұғаліммен бірге 2/4, өлшемдерін оң қолыңмен сермеп көрсет».

Мұғалім басқа да мысалдар көрсете алады.

5-тапсырма. Суырыпсалма.

(МК, Т) Тапсырма түрі «Сағат тілі» атты ойын түрінде берілген. Оқушыларға «Сырт-сырт-сырт сыртылдап, сағат тілі соғады» сөздерін пайдалана отырып, 4 тактілі музыкалық сөйлемге 2 дауыста суырыпсалма жасау тапсырылады.

Оқулықта ойын шарты да көрсетілген.

«Сағат сыртылын берілген нотаға қарап, екі дауыста орындаңдар. Орталарыңнан дирижер сайлаңдар.

Дирижер 2/4 өлшеміне сəйкес екпінді баяулатуына да, тездетуіне де болады».





Сабақтың соңы

6-тапсырма. Орындау жəне бағалау.

Əр топ сыныптастарымен бірге өз жұмыстарын таныстырып бағалайды.

(МК, Ұ, Т) Сағаттың жүрісін немесе сыртылын көр- сететін интонацияларға басқа да қысқа музыкалық фразаны ойдан құрастыруға болады.

Рефлексия:

Мен не білдім?

Бүгін мен не үйрендім?

Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

Ал қай тапсырманы мен жеңілдікпен орындадым?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
9386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12