МУЗЫКА ПӘНІ – БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ0

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МУЗЫКА ПӘНІ – БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ0

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте музыкалық тәрбие берудің басты міндеті — окушыларды музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән-хор дағдыларын жүйелі түрде жолға қоя білумен тығыз байланысты. Сабақта ән салу дағдыларын негізінен жаттығулар айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз. Мектепте барлық пәндер сияқты, музыка пәні де оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып, ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді мақсат етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МУЗЫКА ПӘНІ – БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ


Бирмуканова Айнұр Мырзагазиевна

Қостанай қаласы білім бөлімінің

32 жалпы білім беретін мектебі

музыка пәні мұғалімі


«Адамның жан-жақты мәдени және рухани

дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер соның ішінде

музыка адамдарды тәрбиелеудің негізгі құралы».

Аристотель


Музыка пәні- білім алушыларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеудің маңызды және тиімді құралы болып табылады. Себебі музыка - бұл мәдениетіміздің ажырамас бөлігі, ал ұлттық музыкалық мұра халықтың тарихы мен дәстүрін сақтаудың маңызды жолы. Оқушыларға ұлттық музыка арқылы өзінің тамырын, мәдениетін және ұлттың байлығын түсінуге мүмкіндік беріледі.

Ұлттық музыка мен әндер халықтың өткен тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, тұрмысын көрсетеді. Музыка пәні арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық аспаптарын, әндерін, биін меңгереді, оларды құрметтеуге және сақтауға деген құштарлықтары артады.

Ұлттық құндылықтар - бұл тек музыкалық мұра емес, сонымен бірге ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан адамгершілік, еңбек, отансүйгіштік, өзара сыйластық секілді рухани құндылықтар. Музыка осы құндылықтарды жеткізудің табиғи әрі әсерлі жолы.

Музыкалық тәрбиенің маңыздылығы:

1.Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру: Оқушылар ұлттық әуендер мен әндер .арқылы өздерінің тарихи тамырларын сезінеді, халықтың рухын түсінеді.

2.Әсемдік пен үйлесімділікті қабылдау: Музыка арқылы балалардың эстетикалық талғамдары дамиды, олардың дүниетанымы кеңейеді.

3.Әдептілік пен тәртіпке үйрету: Музыка пәні сабағы балаға ұжымда жұмыс істеуді, өз ойын жеткізуді, сабырлылықты үйретеді.

4.Құрмет және жауапкершілік: Ұлттық құндылықтарға деген құрмет, ұлттың мәдени мұрасын сақтау қажеттілігі туралы түсінік қалыптасады. . [1]

Мектепте музыкалық тәрбие берудің басты міндеті — окушыларды музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән-хор дағдыларын жүйелі түрде жолға қоя білумен тығыз байланысты. Сабақта ән салу дағдыларын негізінен жаттығулар айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз. Мектепте барлық пәндер сияқты, музыка пәні де оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып, ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді мақсат етеді. Алайда музыка жай пән емес, өнер пәні болғандықтан оның өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері өте көп. Атап айтқанда оқушылардың дүниетанымы, өмірге деген көз қарасы, музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі деген ұғым әр сабақтың ең өзекті мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, оқытушының сабақта қолданылған барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал ән айту, музыка тыңдалу дағдыларын үйрену музыканың сұлулыгын, әсем сазын терең түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді.

Қазіргі таңда музыкалық тәрбие ұлттық тәрбиенің бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады, сондықтан мектеп бағдарламаларында музыкалық пәндердің маңыздылығын арттыру қажеттілігі бар. Музыка пәні оқушыларының рухани дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал етеді

Музыка пәнінің негізгі мақсаты шәкіртке ұлттық өнердің құндылығын таныту. Окушыларды музыкалық-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу оларды көркем шыгармашылық , әлеуметтік маңызды және қоршаған әлемді игеруге, тануға бағытталган істерге тарту арқылы өткізу керек. Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым- катынас тәжірибесін ашады, қорытындылайды. Бұл музыка-эстетикалық тәрбие беруде ешнәрсемен алмастыруға болмайды. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге катысуы, оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.

Әр халықтың эстетикалық дүние танымы, көркемдік өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиссінде, туған халқымыздын ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру мектепке дейінгі тәрбиеде баланы әсемдікті сүйсіне білуге баулу құралы скені сөзсіз. Сондықтан, мектепте өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда халық өнері мен мәдениетінің сан-алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді. [2] Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Сөз болып отырған мәселе – музыка пәнін оқыту барысында оқушылардың бойына ұлттық құндылықты дарыту , дамыту және қалыптастыру болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек. Міне, осы жүйелі байланысты өз тәжірибемізде қалай іске асырып жатқандығымызды көрсету үшін, музыка сабағында кездесетін кейбір қиыншылықты шешудің тиімді жолдарын көрсету мақсатында «Музыка пәні- білім алушыларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеудің негізгі құралы» атты тақырыпты таңдап алдым. Мұндағы көзделген мақсат: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдермен таныстыру. Күтілетін нәтиже:

қатысушылар жаңа әдіс-тәсілдер жайында ақпарат алады және оны тәжірибеде қолданып үйренеді.

Ұйымдастыру кезеңінде қатысушылармен жақынырақ танысу үшін «Мен кіммін? Мен қандаймын? » тренингі өткізіледі. Ой қозғау барысында мұғалімдерге «Білім алушыларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеуде өзіңіз сабақта жиі қолданып жүрген әдіс- тәсілдеріңіз қандай?» деген сұрақ қойылады және пікірлер тыңдалады. Шебер-сынып барысында қатысушыларға төмендегідей топтық тапсырмалар ұсынылады:

1-тапсырма. «Мәселе кестесі»

Шарты: Өз сабақтарыңызда көркем шығарманы оқытуда кездесетін қиындықтарды және оларды шешу жолдарын кестеде көрсетіңіздер.


Білім алушыларды ұлттық құндылыққа тәрбиелеуде кездесетін қиындықтар

Оларды шешу жолдары






Кестені толтырған соң топ мүшелері өз ойларымен ауызша бөліседі.

2-тапсырма. "Алға ұмтылу және өткенге оралу әдісі" бағдарлама тақырыптары арасында сабақтастық байланыстарды орнатады, мектеп оқушыларының музыкаға деген тұтас көзқарасын қалыптастырады.

Байланыстарды орнату үш деңгейде болжанады: оқу жылдары арасында, тоқсандар арасында, музыкалық шығармалар арасында:

Тұсаукесер арқылы «Жасырын сөз» әдісі жайында мәлімет беріледі:

Тақырып бойынша бір сөзді жасырып, жасырылған сөзді сипаттау қажет. Сипаттама арқылы басқа қатысушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады.

3-тапсырма «Жасырын сөз»

Топтарға мәтіндегі тірек сөздер таратылады.

Шарты: жасырын сөзді 3 сөз немесе сөз тіркестері арқылы сипатта.

Топтардың жауабы тыңдалады. Қатысушыларға қойылатын сұрақ: Бұл әдістің сәтті жағы неде деп ойлайсыздар? Әдісті сабақтың қай кезеңінде қолданған дұрыс?

Кері байланыс: Алдағы уақытта өз сабақтарыңызда бүгінгі ұсынылған әдістерді қолдану арқылы көркем шығарманы оқытуда кездесетін қиындықтарды шешуге бола ма? Себебі?

"Түс– бейне әдісі" - әріптестермен кіріктірілген сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Өйткені, балаларды музыка туралы ойлауға түстерді қолдану арқылы тарту музыканың өмірмен байланысын, өнердің жақындығын түсінуге жақсы әсер етеді, өйткені оқушылардың санасында олардың арасындағы салыстырмалы шекара жойылады. Түстің мағынасын біле отырып, кез-келген шығармаға бояу беруге болады. Балалар эмоцияларды түстің көмегімен білдіруді жақсы көреді – алдымен шығарманың сипаты мен оқушылардың сол немесе басқа шығарманы тыңдау кезінде көрген түстер палитрасы анықталады. Содан кейін балалар алған әсерлерін қағаз бетіне қарындашпен сурет салу арқылы жеткізеді.

. Қорыта келе, бұл әдістерді қолдану арқылы көптеген балалар поэзия мен музыканың бір-бірімен қаншалықты байланысты екенін, бір-бірін қаншалықты әдемі толықтыра алатынын, тыңдаушыға жалпы ықпалының қаншалықты күшті екенін анық түсінеді.

Бұл жұмыста мен музыка сабағында қолданатын ең қызықты, жарқын әдістер туралы айттым. Олардың барлығы қандай да бір жолмен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, талдау, ойлау, салыстыру, белгілі бір сұрақтар мен мәселелер бойынша пайымдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Музыка – бұл адамдарды дамытуға, өзгертуге, баурап алуға қабілетті, өзінің күші жағынан таңғажайып өнер. Бұл, ғалымдар дәлелдегендей, адамның ақыл-ойының, есте сақтау қабілетінің, физикалық және психикалық денсаулығының дамуына ықпал етеді. Осылайша, жоғарыда айтылғандардың бәрінен кейін қазіргі заманғы оқушылар үшін "Музыка" пәнінің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес деп айтуға болады. Ал мұғалімнің басты міндеті - бұл пәнді заманауи, қызықты, пайдалы және мазмұнды ете білу, әңгіме осы шығармада баяндалған әдістер мен тәсілдер арқылы көмектесе алады.


Қолданылған әдебиеттер



  1. Алматы « Атамұра» 2019 Музыка 4 сынып

  2. Алматы «Атамұра» 2018 Музыка 3 сынып

  3. Садықов Т.С Музыка мұғаліміне арналған әдістемелік құрал Алматы 2021ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.00.2025
48
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі