400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыка пәнін оқытудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнердің қай түрі болмасын,баланың дамуына,оның ұлттық болмысты,салт дәстүрімізді әрі қарай жалғастырушы тұлға деп танысақ,сол құндылықтарды бойларына дарытатын осы өнер деп айтар едім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Халқымыздың рухани әлемінде ойып тұрып орын алатын музыка өнері оның тұрмыс – тіршілігімен, мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Ал осы музыка өнерін білім алушыға меңгерте отырып, оның бойында адами құндылықтарды сіңіретін музыка пәні - тәрбиенің көзі десек те болады. Ұлттық мәдениетімізді көтеретін де осы музыка.

Музыкамен қарым-қатынас жеке тұлғаның рухани қалыптасуына, оның өзін- өзі танытуына мүмкіндік береді, музыкалық қызметтің ұжымдық түрлері (хор, аспаптық) музыкалық-шығармашылық қызметке қатысу сезімін дамытуға, музыкамен қарым-қатынас барысында олардың бірігуіне ықпал етеді. Музыкалық білім эстетикалық сезімнің, талғамның, көркемдік қажеттіліктің, сұлулықты сезінудің, өнердегі жəне қоршаған өмірдегі үйлесімділіктің қалыптасуына ықпал етеді.

Осыған байланысты біздің, музыка пəнінің мұғалімінің алдында оқушыларды отандық жəне əлемдік музыка мəдениетінің жауһарларына тарту, онымен қарым-қатынас жасауға деген білімді қалыптастыру, музыкалық ой-өрісін кеңейту, музыкадағы сезімге, ой-өрісіне эмоциялық жəне эстетикалық тұрғыдан қарауға тəрбиелеу міндеті тұр.

Бұл жерде мұғалім тарапынан әрбір оқушыны сын тұрғысынан ойлай алатын, жеке пікірі қалыптасқан жеке тұлғаға айналдыру көзделеді. Музыканы  тыңдау, құру, сезіну арқылы орындауды кіріктіру негізінде білімдерін дағдылары мен түсінігін жан- жақты дамыту, дарынын ашу басты мақсат болып салады.

Музыканы өнер саласының басқа да пәндерімен пәнаралық байланыс орнату арқылы меңгерту сабақ мақсатына жетудің тиімді жолы деп санаймын. Себебі, бүкіл өміріміз музыкамен тікелей байланысты. Қуанышымыз бен қайғымыз да, жеңістер мен жемістеріміз де бәрі күйлер мен әндермен суреттелген.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен, 

Ойлансайшы бос қақпай елең-селең», - деген кемеңгер ұлы Абай Құнанбайұлының өлеңі осыған дәл сәйкес келеді. Бесік жырымен басталар ғұмырымыз өмір жырымен жалғасады.

Жүрек соғысының өзі музыкалық ритмге сай келеді. Мысалы, «Күйшілік өнер» тақырыбын алсақ, күйдің шығу тарихын оқушылар зерттесе, тарих пәнімен байланысқа түседі, күйдің шыққан жерін қарастырса,  география пәнімен,  күйді нотамен үйренсе, математика пәнімен,   күйді домбыра аспабында  орындап, домбыраның қандай ағаштан жасалғанын  зерттесе, биология пәнімен, күй туралы өлеңдер құрастырса қазақ тілі әдебиеті пәнімен, дыбыстың шығуы физика пәнімен, күйді тыңдау арқылы сурет салса, көркем еңбек пәнімен  байланысады. Бұл байланысты шебер құрастыра отырып жеткізу мұғалімге байланысты.

Ұлттық  және әлем халықтарының  мәдениетінің  негізгі стильдері  мен жанрларын, олардағы құндылықтар мен  эмоцияларды зерттеп, ажырата отырып талдай білу - білім алушының музыкадан жан-жақты сауаттылығын дамыту да басты назардан тыс қалмауы керек.

Сонымен қатар, музыка пәні сабағында білім алушылардың көңіл күйлері жоғары болуы маңызды, себебі әндер мен күйлердің шабытпен орындалуы соған байланысты. Сондықтан музыка пәнінің мұғалімі психолог қызметін қатар атқарып, әрбір баланың ішкі жан дүниесін сезіп, шабыттандыру арқылы олармен жылы қарым - қатынас орната біліп, психологиялық жағымды орта қалыптастыра білуі тиіс.

Музыка туралы оқушыларға сұрақтар беру, қандай стильдегі музыкаға қызығатыны туралы әңгімеге тарту, қазіргі заманауи әндермен бұрынғы әуендерді салыстыру, сыни тұрғыдан ойландыру арқылы бейімділігін анықтай отырып, тапсырмалар беру олардың музыкалық тәжірибесін қай жағынан жетілдіруге болатынын анықтап береді. Оқушының музыкалық деңгейін анықтап, жетілдіріп алған соң, оларды сыныптан тыс іс-шараларға, мерекелік кештерге, сахналарда өнер көрсетуге мүмкіндіктер жасауымыз керек.

Сабақтағы оқытудың түрлі, жаңа белсенді әдістерін де қолдану үлкен жетістікке жеткізеді. Білім алушылардың бойында білім, білік, дағдыларды қалыптастырады. Мұғалім өзінің музыкалық идеяларымен эксперимент жасауға, оқушыларды қызықтыра отырып, барынша белсенділікке, шығармашылыққа дағдыландыруы қажет.

Қорыта келе, ата-бабамыз қалдырған баға жетпес музыкалық байлығымызды барынша нығайтып, заман талабына сай кеңейтіп, ұрпақ бойына құйып, музыканы рухани азығы ретінде қолданатын адам өмірін нұрландыруға ат салысатын тұлға тәрбиелеуде бар күш-жігерімізді аямай еңбек ету біздің басты міндетіміз деп санаймын.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. «Музыка мектепте» әдістемелік журнал 2014 №4

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық /үшінші деңгей/ Әдістемелік құрал Астана 2015

3. «Білім шапағаты» газеті. 2016ж








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
01.03.2025
195
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі