Алматы облысы, Қарасай ауданы білім бөлімі
«Долан ауылындағы жайлы мектеп» КММ
Сагиндыков Самат Базарбаевич
музыка пән мұғалімі
«МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім - тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт –дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын жаңартпайынша, қоғамды жаңарту мүмкін емес. Себебі, қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты делінген. Құжаттардағы аталған пікірлерге орай, қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан- жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтазар, өмірдің әрқилы кезеңдеріне дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім- тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Сондықтан “Білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында” білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр.
Сонымен, оқыту ісін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезім, мінез –құлықты қалыптасыру негізінде ұйымдастырған абзал.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамтыу, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
1
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
«МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
Алматы облысы, Қарасай ауданы білім бөлімі
«Долан ауылындағы жайлы мектеп» КММ
Сагиндыков Самат Базарбаевич
музыка пән мұғалімі
«МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім - тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт –дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын жаңартпайынша, қоғамды жаңарту мүмкін емес. Себебі, қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты делінген. Құжаттардағы аталған пікірлерге орай, қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан- жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтазар, өмірдің әрқилы кезеңдеріне дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім- тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Сондықтан “Білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында” білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр.
Сонымен, оқыту ісін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана- сезім, мінез –құлықты қалыптасыру негізінде ұйымдастырған абзал.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамтыу, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
1
шағым қалдыра аласыз













