400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыка сабағында балаларды ойын арқылы тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыка сабағында балаларды ойын арқылы тәрбиелеу


Музыка сабағының басты мақсаты-балалардың эстетикалық талғамын қалаптастыру,музыкалық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы эмоциялық қатынасын білдіруге баулу,әдемілік пен сұлулыққа тәрбиелеу.

Балаларға қоршаған ортаның кейбір құбылыстарын бейнелейтін музыкалық шығармаларды таныстыру,олардың түрлері мен мәнерлілігі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер ету,музыканың дыбысын естіп,түсінуге,адамгершілік-эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу-осы саланың негізгі міндеттері болып табылады.

Жас ерекшеліктеріне,қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды.Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін,сипатын,ырғағын,тембрін ажыратып,түсінуіне әсер етеді.

Дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің оқу іс-әрекетін түрлендіріп,мазмұнын байыта,көркемдей түседі.Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады,балалық қиялдарын қозғап,түсініктерін кеңейте түседі.Балалардың шығармашылық қабілетерін дамытып,оларды әдемілікке,музыкалық үндестікке баулиды.


Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халық.

Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.

Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, жаман қылықтардан бойларын аулақ салуға үйренеді. Мақал-мәтелдерді табу, оқушылардың тілін дамутымен қатар олардың әсерлі ән орындауына, сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады.

«Жалғасын тап» ойында жасырылған мақал –мәтелдердің екінші сыңарын табу арқылы оқушылар үлкенді сыйлауға, мінез-құлықтарын жас кезден бастап қадалауға, адамгершілік іс-әркеттерді орындауға тәрбиеленеді. Тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары мақал- мәтелдер алдын ала іріктеліп, кесте қағаздарға жазылады.

Осыған байланысты оқушылардың әуен шығаратын қабілеттері дамып, сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады.

Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.

Қорыта келе музыка сабағында көп қолданылатын шаралар мен анаграммалар дидактикалық ойындары оқушылардың байқампаздығын, іздемпаздығын тәрбиелейді.

«Күн мен жаңбыр» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу(көңілді,ойнақы,сабырлы,мұңды).Шығармалардың көңіл-күйін сезіне білуге үйретеді.

Ойынның шарты: Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген карточкалар таратылады.Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап,әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.

«Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды шығарманы тыңдай отырып, динамикалық бояуларын,дауыс күштілігін ажырата білуге баулу.

Ойынның шарты: Түстері бірдей,әртүрлі көлемдегі сары қоңыраулар суреті салынған карточкалар үлестіріледі.Шығарманы тыңдап,төменгі дыбысқа үлкен қоңырау,орташа дыбысқа орташа қоңырау,жіңішке дауыстағы әуенге кіші қоңырау бейнеленген сәйкес карточканы көрсетеді.


«Ноталарды үйренейік» ойыны

Ойынның мақсаты:Әуенді тыңдап,ноталарды дұрыс орналастыруға үйрету.

Ойынның шарты:Музыка жетекшісі халық әні «Еркемайды»өзі орындап береді,екінші рет ноталардың атын атап,орналастырып отырып айтып көрсетеді.Балалар әнді қайталап орындайды,ноталардың атын атап,нота сызықтарына орналастыруға үйренеді.Балаларға нотаны үйрету жеңіл әндерден бастап,бірте-бірте күрделендіреді.


«Әуенді сағат» ойыны


Ойынның мақсаты: Үйренген ән,әуендерді есте сақтап,бекіту үшін қолданылады. Әртүрлі көңіл күйдегі әуендерді кіріспесінен немесе үзіндісінен табуға машықтандырады.


Ойынның шарты:Әртүрлі шығармадағы кейіпкерлер суреті салынған сағат бейнелі карточкалар беріледі.Жетекші таныс ән немесе әуенді ойнап,балалар «Әуенді сағаттан» сол әннің мазмұнын сай суреті сағат тілін қозғау арқылы тауып береді.


«Үш гүл - үш түрлі көңіл күй» ойыны

Ойынның мақсаты: Көңілді, сабырлы, мұңды музыкалық шығармаларды ажырата білуге үйрету. Есту қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу.

Ойынның шарты: Әр балаға үш гүлдің суреті бейнеленген карточкалар беріледі. Гүлдерде күлімсіреге , жылап тұрған және сабырлы адамның кейпі бейнеленген. Балалар шығарманы тыңдап, көңіл күйін анықтап, сәйкес карточканы көрсетеді.


«Әуеннің дауысын ажырат» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге үйрету. Әуенді тыңдап, қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.

Ойынның шарты: Көлемдері бірдей, түстері әртүрлі қоңырау суреттері беріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, әуеннің төменгі дыбысын жасыл қоңыраумен, орташа дыбысты сары қоңыраумен, жіңішке дыбысты қызыл қоңыраумен көрсетіп, карточкалардан табу.


«Теңіз» ойыны

Ойынның мақсаты: Музыканың ауыспалы сипатын естіп, сезіну қабілеттерін дамыту. Әуенді мұқият тыңдап, табиғат құбылыстарымен байланыстыра сезініп, елестете білуге үйрету.

Ойынның шарты: Балалар үнтаспадан Н.Римский-Корсаковтың «Теңіз» шығармасын тыңдайды. Теңіздің үш түрл і қалыптағы күйі бейнеленген карточкалар беріледі. Шығарма тыңдалып, жетекші теңіздің әртүрлі күйдегі суреттерімен таныстырады («тыныш жатқан» теңіз, «толқынды» теңіз, «буырқанған» теңіз). Шығарма екінші рет тыңдалып, әуеннің көңіл-күйі карточкалар арқылы көрсетіледі.


«Бұл қай кезде болады?» ойыны

Ойынның мақсаты:Жыл мезгілдері туралы ән, әуендерді тыңдап, ерекшеліктерін сипаттай білуге баулу. Тыңдалған шығармадан алған өз әсерлерін әңгімелей білуге дағдыландыру.

Ойынның шарты: Балаларға жылдың төрт мезгілі бейнеленген суретті карточкалар таратылады. Шығармаларды тыңдап, мазмұнына , мәтініне сәйкес суретті карточканы көрсете білу.


«Үш би» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды би жанрларын (полька, ұлттық би, вальс) ажырата білуге, би түрлерін еске сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулиды.

Ойынның шарты: Полька, вальс, ұлттық би түрлерінің суреті салынған карточкалармен таныстыру. Музыка жетекшісі аспапта үш түрлі пьеса ойнап, балалар әуенге сай бейнеленген суретті дәл көрсетулері тиіс.


«Қанша дыбыс?» ойыны

Ойынның мақсаты: Белгілі бір аспапта ойналған әуендегі дыбыстардың санын немесе қайтадан дыбысталуын ажырата білуге үйрету.

Ойынның шарты: Жеміс бұтағында ілінген шиелер суреті салынған үш түрлі карточкалар ұсынылады. Музыка тыңдап, әуендегі дыбыс санын естіп, сәйкес келетін шие саны бар карточкаларды көрсету.


«Көңілді күлдіргіштер» ойыны

Ойынның мақсаты: Әуендегі дыбыс ұзақтығын естіп, ажырату үшін қолданылады. Қысқа және ұзақ дыбыстардың санын анықтап көрсете білуге үйретеді.

Ойынның шарты: Көңілді күлдіргіштер және әртүрлі көлемдегі шарлар суреті бейнеленген карточкалармен таныстырады. Таныс шығарма ойналып, балалар әуенді тыңдап, шапалақпен қысқа және ұзын дыбыстарды көрсетеді. Күлдіргіштердің қолында жіптер бар. Үлкен шарлардың жібін ұзын дыбысқа, кішкентай шарлардың жібін қысқа дыбыстарға лайықтап, жіптерді жалғайды.


«Айналмалы дөңгелек» ойыны

Ойынның мақсаты: Шығарманы тыңдау арқылы балаларға музыка жанрларын ажырата білуді үйретеді.

Ойынның шарты: Дөңгелек бетіне көбелек,барабан,Ай, доп суреттері салынған карточка ұсынылады. Балалар әуенді тыңдап, дөңгелекті айналдыру арқылы вальс ойналғанда көбелекті, марш әуенінде барабанды, бесік жыры ойналғанда Айдың, полька биінде доптың суреттерін көрсетеді.



«Ғажайып үйшік» ойыны

Ойынның мақсаты: Баспалдақпен жоғары шығу және төмен түсу арқылы әуеннің бағытын дауыспен айтуға үйрету. Жануарлардың суретін қолдана отырып, балаларды олардың жүрісін, қимылын, дыбыстауын көрсете білуге,шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Балаларға үйшіктің және қоян, балапан, бақа, күшік, т.б. суреттері ұсынылады. Музыка жетекшісі «Жоғарығы шығымын» деп әндетеді.Балалар әуенді қайталап, өздері қалаған суретін басқышпен жоғарыға жүргізеді. Үйшікке жақындап, «Қандай ғажап үйшік?» деп әндетеді. Келесі кезекте терезеден сурет көрсетіліп,балалар әуенді тыңдап, сәйкес келетін аңдардың , жануарлардың, балапанның, бақаның, т.б. суреттерін басқыштармен жүргізіп,үйшікке кіргізеді. Балалар терезеден көрінген суретке қарап,олардың қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.


«Сиқырлы ағаш» ойыны

Ойынның мақсаты: Нота сызығы мен ноталар туралы түсінік беру. Әуеннің дыбыс биіктігін ажыратып, естіген әуенді нота сызықтарына орналастыруға үйрету.

Ойынның шарты: Балалардың әрқайсысына алма ағашының суреті және қиып алынған жеті алма үлестіріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, сиқырлы ағаш бұтақтарына алмаларды дыбыс биіктігіне сәйкес орналастырады. Ағашта бейнеленген бұтақтар нота сызықтары, ал алмалар нота ретінде қолданылады.


«Анасын тап» ойыны

Ойынның шарты: Әнді немесе әуенді тыңдап, жануарлар мен төлдерінің жүрісін, қимыл-қозғалысын көрсете білуге, олардың дауыс ырғақтарын ажыратып, еске сақтауға үйрету.

Ойынның шарты: Жануарлардың және олардың төлдерінің суреттері бейнеленген карточкалар беріледі. Музыка жетекшісі шығарманы ойнап, балалар әуенге сәйкес суреттегі жануардың төлін тауып, енесінің жанына қояды. Олардың жүрісін, қимылын көрсетіп, дауысын салады.


«Аспаптың даусын ажырат» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптардың тембрын ажыратуға баулу, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты:Карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай, домбыра, жетіген, қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген. Үнтаспада аспаптардың орындауында пьесадан үзінді орындалып, балалар аспаптың үніне сәйкес суретін көрсетеді.

«Қай аспапта ойнаймын?» ойыны

Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрлемелі) өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру, ажырата білуге үйрету. Аспаптарда ойнауға машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты: Балаларға аспаптардың (домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ, дауылпаз, т.б.) суреттері бейнеленген карточкалар ұсынылады. Музыка жетекшісі ширма артында жасырып бір аспапта ойнайды. Балалар мұқият тыңдап, аспаптың дауысын ажыратып, лайықты суретті көрсетеді.

«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларға арналған музыкалық аспаптардың дауыс тембрін ажыратуға үйрету. Аспаптарда өз еріктерінше ойнауға, шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады. Муыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар дауысын ажыратып, суретті картолчкалардан көрсетеді.


«Музыка бояулары» ойыны

Ойынның мақсаты: Музыка сипатын ажырату. Ән, Би, Вальс, Марш жанрларын ажырата білуге ықпал ету. Түрлі-түсті желпуіштердің түсіне қарай жанрларды ажырату.

Ойынның шарты: Жасыл түс-ән айту, Қызыл түс-көңілді билеу, Сары түс-вальс ырғағы, Көк түс-марш ырғағы екенін түсіндіру. Музыкалық шығарма тыңдалады, бірнеше рет қайталап, желпуіштермен жаттығу жасай білуге үйретеді. Балалар түрлі жанрдағы музыканы тыңдап, желпуіштерді көтеруге үйренеді.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі