400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

музыка сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка сабағынан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 1

Мұғалімнің аты жөні;


Сабақтың тақырыбы

Әннің ырғақтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1 әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Оқушылар музыкалық ырғаққа қосылып ән орындайды.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Өз ойларын білдіреді. Қол қимылдары арқылы ритмді ұстай біледі.

Кейбірі: Барлық музыкалық шығармаларды ажыратады,сипаттайды, манерлеп орындайды, аспаптарда ойнап іс‑қимылдар арқылы әуеннің шеберлігін дирежерлау арқылы орындап шеберліктерін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Марш марш march

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері











Сабақтың ортасы

8 минут



1.Ырғақ дегеніміз не?

2.Ырғақтың түрлерін ата.

3. 2/4 ырғағы қандай ырғаққа жатады?

4.Вальс ырғағы жәй ма қатты ма?

5.Марш екпініндегі ырғақ қандай ырғақ?

6.Жеңіл әндерге қандай ырғақты қолданамыз?

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

Қолды сермеу арқылы 2/4 өлшемін үйрету дирижерлау. Өлшемдерді салыстыру.

Түрлі тапсырмалар



16 минут




Ырғақ, ритм (грек. rhythmys – үйлесімділік, rhйo – ағамын) – музыкалық дыбыстардың зандылық өлшемде алмасуы. Ы. - музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. Музыкада музыкалық мелодияның ырғақтық қүрылысы музыкалық заңдылықтармен айқындалады. Ырғақтың өлшем үлестерінің тегеурінді (әлді) және тегеурінсіз (әлсіз) түрлері болады; олардың ауысып келіп отыруы метр өлшемін түзеді. Дыбыстардың бір ырғаққа құрылуы музыкалқ шығармалардың жақын немесе алшақ жаткан бөліктерінде кездесе береді. Осыған орай музыкалық формалардың музыкалық фазаларын, сөйлемдерін, кезеңдерін және одан да ірі бөлімдерін кұру заңдылықтары туады. Әрбір музыкалық жанрларға және ұлт музыкасына тән ырғақтық формалар мен қайырмалар болады. Кейбір музыкалық жанрларының өзіндік ырғақ ерекшелігі болады. Мысалы, мазурка, полька, лезгинка, т.б. Сондай-ақ, ырғақтың көркемдік құрал ретінде музыкалық образдарды айқындаудағы маңызы бар. Ырғақтың архитектурада, әсіресе архитектура ансамбльдер салу ісінде үйлесім тауып, жалпы көрінісінің үнасымды болуына ырғақ елеулі әсер етеді. Ырғақ сән және кодданбалы өнерде, әсіресе ою-өрнекте кеңінен қолданылады.





Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия






«Бағдаршам әдісі»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.02.2019
1104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі