Музыка салған сурет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыка салған сурет

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка салған сурет, дәстүрден тыс сурет салу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыптық іс-әрекет

«Музыка салған сурет»
Тобы: «Құлыншақ» МАД тобы
Тәрбиешісі:Тантаева Малика

Мақсаты:

  • Балаларды музыка тыңдаумәдениетінеүйрету, әуендітүсініпқабылдауғажетелеу.

  • Музыка арқылыбалалардыңқиялындамытып, алғанәсерлерінбейнелеуөнеріарқылыжеткізу.

  • Күзмезгілініңәсемдігін, бояулары мен табиғиқұбылыстарынтануғаүйрету.

  • Балалардыңсөздікқорынбайыту, сөйлеудағдыларынжетілдіру.

  • Шығармашылыққадегенқызығушылығынарттыру, әрбаланыңерекшеойынқолдау.

Көрнекіліктер:

  • Табиғатсуреттері, күзмезгілініңбейнесібар .

  • Музыкалықшығармалар:

Антонио Вивальди – «Жыл мезгілдері. Күз»

П. И. Чайковский – «Жыл мезгілдері. Қараша»

  • Түрлітүстібояулар, қылқаламдар, альбом беттері, қарындаштар.

  • пластилин,құлақтазалағыш,целлофан.

Әдіс-тәсілдер:

  • Әңгімелеу, сұрақ-жауап, жұмбақ.

  • Музыка тыңдау, талдау.

  • Қиялдау, елестету, бейнелеу.

  • Шығармашылықжұмыс.

  • Сергітусәті.



Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Кіруі: Оркестр

Реалаксация: Антонио Вивальди – «Жыл мезгілдері. Күз»

Мақсаты:Балалардың көңілін тыныштандырып, күз табиғатың әсемдігін музыка арқылы сезіндіру,елестету қабілетін дамыту.
– Бүгін бізде ерекше күн.Бүгінгі тақырыбымыз күзбен байланысты.Балалар: Сендер музыка есту арқылы не сездіндер?

Балалар: « Күз мезгілі » – Күзде табиғат қандай болады?

Балалардың жауаптары:
– Жапырақтар сарғаяды.
– Құстар жылы жаққа ұшады.
– Жаңбыр жиі жауады.
– Ауа салқындайды.

Дұрыс!

Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үш ай.

Күздің үш айын атап бере аласыңдар ма?

Балалар: –Қыркүйек, Казан, Қараша. Күз туралы тақпақ білесіндерме?

Болатхан Амина.

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл бидай.
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.Ал енді балалар сендер күз айын тамашалап көргілерің келе ме? Ендеше барып көрейік.

Тәрбиеші: Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекеттеріміздің Тақырыбы:«Музыка салған сурет»Балалар Музыка – жүректің тілі. Музыка – сендердің жан дүниелеріңді тәрбиелейтін, көңіл-күйіңді көтеретін, әсемдікке баулитын өнер. Балабақшадағы музыкалық тәрбие арқылы балалар сендер ән айтуға, би билеуге, музыкалық аспаптарда ойнауға, әуенді тыңдап, оны сезінуге үйренесіндер. –

Балалар, музыка әртүрлі болады. Кейбір әуен көңіл шаттық сыйлайды. Ал кейбір әуен мұңды, баяу естіледі.

Ал біз енді 2 түрлі музыка тыңдап көрейік?

Бұл әуенді тыңдағанда көңілдерің қандай болды? Не елестеді?

Балалардың жауаптары:

Жаңбыр тамшылап тұр.

Аспанды бұлт басыпты.

Жапырақтар жерге баяу түсіп жатыр.

Тәрбиеші:– Дұрыс айтасыңдар! Мұндай әуен бізге күздің жаңбырлы, бұлтты күнді елестетеді . Қане, қазір музыканы тыңдап көрейік келесі әнді.

Бұл әуенді тыңдағанда көңілдерің қандай болды? Не елестеді?

Балалардың жауаптары: Күн жылы шуағын шашып,айналаны нұрға бөлейді. Талдан сары жапырақтар баяу ұшып,жерге төгіледі.Табиғат сары түске боялып,бәрі ерекше әдемі көрінеді. Кейбір әуен көңіл шаттық сыйлайды.



2. Шығармашылық жұмыс

Балалар 3 топқа бөлінеді.

Тәрбиеші:Балалар бүгін суретті дәстүрден тыс салу әдісімен саламыз.
– Енді музыка тыңдап отырып, өздеріңнің қиялдарыңдағы күзді қағаз бетіне түсіресіңдер. 1 топ талдардың алтын жапырақтарын саласыңдар. 2 топ күз айындағы гүлдерді бейнелейсіңдер. 3 топ талдың бейнесін жасайсыңдар.

Музыка ойнап тұрады. Балалар сурет салады.

Тәрбиеші балаларға жақындап, бағыт береді:
– Қандай түстерді қолдандың?
– Бұл жапырақтарың өте әдемі!
уреттер аяқталған соң, балалар жұмыстарын көрсетеді.
Ал енді балалар жұмыстарыңды қорғаңдар.

Балалар салған суреттерін көрсетіп, әңгімелейді:
– «1 топ орман ішіндегі алтын жапырақтарды салдым.»
– «2 топ күз айыдағы гүлдерді салдым.» – «3 топ талдың бейнесін жасайды.

Тәрбиеші:
– Әрқайсың күзді өз қиялдарыңмен суреттепсіңдер. Суреттеріңнің бәрі ерекше, әдемі!

3. Сергіту сәті

«Лентамен биі»

Әуен қосылады, балалар қолдарына лента таяқшаларын алады. Балалар үш қатарға тұрып би билейді.



4. Ән айтып берейік « Күзгі вальс ».

5. Қорытындылау

Сұрақ-жауап:
– Музыка тыңдағанда қандай көңіл-күй болды?
– Күзді музыка арқылы елестету ұнады ма?
– Сурет салуға музыка көмектесті ме?

Тәрбиеші:
– Жарайсыңдар, балалар! Бүгін біз музыка арқылы күзді сезіндік. Әуен қиялымызды дамытты, суретімізді әдемі етті. Музыка – бізге шабыт беретін өнер! Музыка-адамның ішкі дүниесіне керемет әсер береді. Музыка-жанның тілі.



Күтілетін нәтиже

  • Нені біледі: Күз мезгілінің ерекшеліктерін, музыка арқылы табиғатты бейнелеуді.

  • Нені түсінеді: Музыканың адамға әсер ететінін, қиялды дамытатынын.

  • Нені меңгереді: Музыка тыңдап отырып сурет салуды, бояуларды үйлестіре қолдануды, сөзбен ой жеткізуді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі