Музыка сезім тілі

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Музыка сезім тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы







«Музыка сезім тілі»

Ашық сабақ







Ән жетекші: Султанбекова А.Б






















«Музыка - сезім тілі»

Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекет түрі: Музыка
Тақырыбы: «Музыка - сезім тілі»
Мақсаты: Музыканың құдіреттілігін ұғындыру.
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру.
Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру. Мұқият тыңдауға, зейінділікке баулу. Би қимылдарын ырғаққа сәйкес, әсем қозғала орындауға дағдыландыру. Музыканың динамикалық реңкін анықтай алуға үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, қайталау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі:  Слайд, композитор Бота Бейсенованың суреті, композитордың суреті;
Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Бастапқы жүріс
«Балдырғандар маршы» К. Қуатбаев.

Марш ырғақты әуенмен балалардың қатар түзей, ырғақты сезіне, ширақ адымдай жүре білулеріне мән береді. Балалармен әндете сәлемдеседі:
Са - ла - мат па, ба - ла - лар?
Марш әуенімен қатар бойлай, ырғақты тыңдай, ара қашықтық сақтай жүреді, әуен аяқталуымен дәл тоқтайды. Әндете сәлемдеседі:
Са - ла - мат - сыз ба?
2. Әуенді - ырғақты қимылдар.
«Балабақша» Бота Бейсенова;
- Балалар! Мен сендерге бір әннің үзіндісін тыңдап көруді ұсынғым келіп тұр. (тыңдатады)
- Әннің көңіл - күйі қандай? (Көңілді)
- Дұрыс айтасыңдар, көңілді ән. Ендеше қазір бәріміз осы әннің ырғағын қол соғулармен, аяқ топылдатулармен, ырғақты қимылдармен әйгілеп, әуенге ілесіп билеп көрейікші... Бірақ жақсылап тыңдап, ән ырғағын дәл аңғаруға тырысыңдар, жарай ма?
- Жақсы биледіңдер. Ән сендерге ұнады ма?
- Би билеу ше?
- Бұл әнді композитор
Бота Бейсенова жазды. (Суретін слайд арқылы көрсетеді.)
(
Бота Бейсенова балаларға арналған әндері көп. Мысалы: «Мектебәм аяулы мектебім», «Туған жер», «Анашым анажаным» т. б.) Композитор - музыка ойлап табады.

-Жаңа сендер қатар түзей жүргенде ойналған әуен мен осы әннің сипаты, ырғағы бірдей ме?
(- Жоқ. Бірінші ән - марш сипатты, ырғағы бірыңғай қысқа дыбыстармен беріледі. Ал екінші ән - би сипатты, ырғағы әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстармен берілген.)
- Яғни, музыка бір - бірінен сипаты, ырғағы бойынша ерекшеленеді екен.
Бүгінгі үйренген ырғақты қимылдар есімізде қалуы үшін тағы да қайталайық...
Іздену - ұйымдастыру бөлімі
- Жақсы, енді жайғасып отырып музыка тыңдайық
3. Музыка тыңдау
«Қуыршақтың мұңы» П. И. Чайковский

Қуыршақ кіреді; Көңілсіз отырады.

- Композитор бұл шығарманы «Қуыршақтың мұңы» деп атапты. Музыка арқылы ауырып қалған қуыршақтың көңіл - күйін жеткізуге тырысыпты.

Бұл - сендер сияқты кішкентай балалардың тыңдауына арналған шағын музыкалық шығарма.
- Музыканың көңіл - күйі қандай? (Мұңлы, көңілсіз)
- Дұрыс айтасыңдар, мұңлы, көңілсіз музыка екен.
- Балалар!
Жаңа сендер ырғақты қимылдар орындағанда қандай көңіл - күйде болдыңдар? (Көңілді)
- «Қуыршақтың мұңы» атты шығарманы тыңдағаннан кейін көңіл - күйлерің өзгерді ме, жоқ па? (- Иә, көңілсіз күйге түстік.)
- Ал сендер ол музыкалардың көңіл - күйін білу үшін қолмен ұстап байқадыңдар ма? Әлде көзбен көрдіңдер ме? (Жоқ, тыңдадық)
- Дұрыс, тыңдау арқылы білдіңдер. Музыка тыңдағанда әр түрлі сезімге бөленуге болады. Музыкада тілдік шекара жоқ. Әлемдегі барлық халықтардың музыкасын тыңдап, айтқысы келген ойларын түсінуге болады. Сондықтан музыка - сезім тілі делінеді. Ал музыка әсерлі, түсінуге жеңіл болу үшін музыка бояулары көмектеседі.

4. Дауыс жаттығулары.
- Алдымен, 7 нотамызды тура және кері бағытта әндетейік..

До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до.

До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до.
5. Ән айту
1. Балалар қалауы бойынша
2. «
Балабақша» Бота Бейсенова;
Өткен әндердің әуенін, таныс әнді тани білулеріне мән береді, қайталатады. Ән сөздері, әуені дұрыс сақтала, әуезді орындалуын қадағалайды.
- Балалар! Жаңа ән үйренгілерің келе ме?
Ән үйрету әдісін ескере, әннің 1 - шумағын үйретеді. Ән сөздерін анық, әуенін дұрыс меңгерулеріне көңіл бөледі)
6. Қорытынды

- Балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Тілші» деп аталады. Сендер тілшілердің қызметі туралы білесіңдер ме? Тілшілер ел арасында өнерімен, еңбегімен, ерекше талантымен т. б. танылған адамдардан сұхбат алады. Сұхбат дегеніміз кәдімгі әңгімелесу, немесе сұраққа жауап беру.
Мен тілші болайын, сендер менің сұхбаттасушы серіктестерім болыңдар.
Қойылған сұраққа толық, анық, барынша нақ жауап беруге тырысыңдар, жарай ма? Ойнаймыз ба?
- Бастадық онда! (Ә
н жетекшісі сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды)
- Қандай музыка тыңдалды?
- Музыканы біз қалай түсіне аламыз? (Тыңдап, сезіну арқылы)
- Музыка бір - бірінен қалай ерекшеленеді? (Ырғағы, сипаты, көңіл - күйі, жылдамдығы бойынша)
- Композитор кім? (Музыка жазатын адам)
Күтілетін нәтиже:
Музыкалық іс - әрекеттер түрлерін орындау дағдылары жетіледі. «Композитор», «Музыка бояулары» ұғымдарына түсінік алады. Музыканың динамикалық реңкін анықтап үйренеді. Жаңа әннің 1 - шумағымен танысады. Ән салуға ықыластары артады. Өз ойларын еркін жеткізуге машықтанады. Ырғақты дұрыс ажыратуға қалыптасады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2025
32
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі