Материалдар / "Музыка шыңы" музыкалық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Музыка шыңы" музыкалық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топтарына арналған топішілік музыкалық сайыс . балалардың музыкалық қабілеттерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2022
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Балдырған» бөбекжай - бақшасы











«Музыка шыңы»

(Топішілік музыкалық сайыс)




Музыка жетекшісі: Т.Мантекова








Сарқан қаласы 2022 жыл



Бекітемін: ________________________________

бөбекжай-бақша меңгерушісі м.а: Г.Асканбаева




Тақырыбы: «Музыка шыңы»


Мақсаты: Балалардың музыкалық сауаттылығын анықтау, тапқырлық, ептілік қасиеттерін жетілдіру. Сахна тәртібін сақтай білуге тәрбиелеу, өнерге баулу.


Өтетін күні: 28.01.2022 жыл сағ. 10.00


Өтетін орны: Музыка залы


Барысы:


І тур – «Үй тапсырмасы» (Таныстыру, ұран, атауы, эмблема)

ІІ тур – «Ән шырқайық» (карточка таңдау арқылы)

ІІІ тур – «Музыкалық жұмбақтар»

ІV тур - «Айна», «Бауырсақ» қимылды ойындары

V тур - «Қандай аспап ?» дид. ойыны (6 аспап)

VІ тур - «Қай ұлттың биі?» (6 ұлт)

VІІ тур – «Әуенді тап!»

VІІІ тур – «Би билейік келіңдер!» (карточка таңдау арқылы)


Әуенді үзіліс: «Егеменді Қазақстан» әні












Зал тақырыпқа сай безендірулі. Тау бейнесін келтіріп, оны музыкалық белгілермен безендіріп сахнаға қою. Топты екі командаға бөлу.

Әдемі әуен орындалып, ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Түрлі әуен түсіп есіңе

Ілестің өлең көшіне.

Хош келдіңіз көпшілік,

«Музыка шыңы» кешіне.

Қайырлы күн, балалар! «Музыка шыңы» атты музыкалық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Сайысқа қатысатын сайыскерді,

Құрметпен қол соғып қарсы алайық.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. (Қатысушы командалар сахна төріне шығады).

-Балалар, ортада тұрған тауды көріп тұрсыңдар ма? Бұл «Музыка шыңы» деп аталады. Бұл тауда көптеген музыкалық белгілер бар. Және әрбір белгіде тапсырма берілген. Біз өзіміздің өнеріміз бен тапқырлығымызды көрсетіп музыкалық белгі алып осы таудың биік белестерін бағындырамыз.


Өлеңмен жаның жазылар

Өнерлі адам наз ұғар.

Төрелік айтсын төрдегі

Әділетті қазылар.

Сайыскерлердің тапқырлығын бағалайтын әділ –қазылармен таныстырайық.

  1. _________________________________________

  2. _________________________________________

  3. _________________________________________


Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдермен таныстырып өтейік.

Сайыс 8 турдан тұрады:

І тур – «Үй тапсырмасы» (Таныстыру, ұран, атауы, эмблема)

ІІ тур – «Ән шырқайық» (карточка таңдау арқылы)

ІІІ тур – «Музыкалық жұмбақтар»

ІV тур - «Айна», «Бауырсақ» қимылды ойындары

V тур - «Қандай аспап ?» дид. ойыны (6 аспап)

VІ тур - «Қай ұлттың биі?» (6 ұлт)

VІІ тур – «Әуенді тап!»

VІІІ тур – «Би билейік келіңдер!» (карточка таңдау арқылы)


Әрбір тур өткен сайын әділ қазылардың шешімі бойынша жеңімпаз командаға бір музыкалық нота беріліп отырады. Сайыс соңында қай топтың көп белгі жинаса, сол топ «Музыка шыңын бағындырушы» медаліне ие болады.


Жүргізуші: Сайысымыздың бірінші туры «Таныстыру», демек қатысушылар өздерін таныстырып өтулері керек.

Жүргізуші: Әуелетіп, қалқытып,

Тұла бойды балқытып

Балдырғанда әндер көп

Шырқататын шалқытып.

Келесі ІІ турымыз «Ән шырқайық». Топ басшылары келіп карточка таңдап алады. Сол карточкада бейнеленген суретке байланысты әндер орындайды. Ортаға топ басшыларын шақырамыз.


Жүргізуші: Тербегендей жаз гүлін

Шарықтасын сазды үнің

Осы айтылған жұмбақтың

Білесің бе жауабын?

Келесі ІІІ турымыз «Музыкалық жұмбақтар», мұқият тыңдап жауап берейік.


Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап? Қобыз


Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап? Жетіген


Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. Сыбызғы


Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,
Сахна толған оркестр әнге басар.
Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,
Ендеше кім, білсең айт,
Ол... Дирижер


Боз арғымақ, аузы жоқ,
Мұрны жоқ - екі құлақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
"Шу" деп, саусақпенен шертіп қалсаң,
Шабады жүйрік әуен тулап-тулап. Домбыра


Келеді мына жатқан күймелі бай,
Омырауы сары алтыннан түймелі бай.
Екі шал, жеті жігіт ән салады,
Затының кім екенін білмедім-ай. Сырнай


Кепкен жарғақ,
Шеңберге керiлген,
Соқсаң сарнап,
Үн шығады төгiлген Барабан


Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. Домбыра



Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте тапқыр екенсіңдер! Ал енді қимылды ойындарға кезек берейік. Біраз бойымызды сергітіп күш жинап алайық.

ІV тур - «Айна», «Бауырсақ» қимылды ойындары.


Әділ қазылар ойынға белсене тапқырлықпен, ептілікпен қатысқан топты анықтап, бір-бір белгіден береді.


V тур - «Қандай аспап ?» дид. ойыны (6 аспап)

VІ тур - «Қай ұлттың биі?» (6 ұлт)


Жүргізуші: Келесі кезеңімізде үнтаспадан әндер қойылады. Сол әндерді тыңдап, қай ән екенін табуларың керек. Ал ендеше сәттілік тілей отырып келесі турымызды бастаймыз.

VІІ тур – «Әуенді тап!»


Жүргізуші: Би қимылын теріңдер!

Бәрің бермен келіңдер!

Бұл қызықты сайысты

Тамашалап көріңдер.

Келесі VІІІ турымыз «Би билейік келіңдер!» деп аталады.


Жұмбақ жасырамыз, соның шешімін табу арқылы сол биді орындаймыз.

Гүлдің нәрін жинайды

Адамға бал силайды,

Ұнатады бірлікті

Қоғамдасқан тірлікті.

Еңбекқорды аялайды,

Еріншекті аямайды. (Ара)


Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай-ақ. Қоян


Ол жасалған ағаштан

Қолында алтын кілті бар

Өте ұзын мұрны бар.

Бұл кім екен табыңдар! Буратино

Кішкене қыз орманға

Жалғыз өзі барады.

Апасына қартайған

Дәмін салып алады


Қызыл телпек


Адамға серік

Күзетке берік Ит


Таңдайлары тақылдап

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап. Бақа




Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар, балалардың тапқырлықтарын бағалап, тиісті марапаттарыңызды берулеріңізді сұраймыз .


Әуенді үзіліс: «Егеменді Қазақстан» әні


МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ


Жүргізуші: Балдырғаным–бақша –бау,

Көңіл –көктем, өнер –тау.

Қайта айналып көргенше

Болыңыздар есен сау!

Осымен сайысымыз аяқталды. Балалар, сендерге шығармашылық жетістіктер тілеймін!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!