400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Музыкадағы таң көріністері

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтайды және салыстырады; Музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтайды және салыстырады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

М.Әуезов атындағы ЖББМ.

Бөлімі

Табиғат құбылыстары

Педагогтің аты жөні:

Абдыханова С.А.

Күні:

13.01.2026ж

Сынып:

4 «А,Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Музыкадағы таң көріністері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.​1.​1.​1 – музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және салыстыру;
4.​1.​1.​2 – музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтау және салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтайды және салыстырады;
– Музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтайды және салыстырады;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

























Сабақтың ортасы


































Сабақтың соңы



Амандасу.Ұйымдастыру кезеңі. «Сұрақтар ілмегі» әдісі.
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-бірімен үш тілде амандасады.

-СӘЛЕМ, ПРИВЕТ, HELLO.

1-тапсырма. Тыңдау. Зерттеу. Талдау. Сендер түрлі музыкалық шығармамен таныстыңдар. Осы шығармаларды жазуға композиторларға не әсер етті деп ойлайсың? Бірінші ойға келетін нәрсе – шығармашылық шабыт, қиял және өмірге, халқына, туған жері мен табиғатына деген зор сүйіспеншілігі. Сендер қалай ойлайсыңдар? Туған жердің жұпар иісі, кең ауасы мен сұлу табиғаты әр адамның есінде мәңгі қалады. Қайда жүрсе де, өзіне тартады.

Композиторлар – жаны нәзік адамдар. Біз, мысалы, қоршаған ортамызға, табиғатымызға деген сүйіспеншілігімізді сөз арқылы жеткіземіз, ал олар музыка арқылы баяндайды. Жақсы музыка қай ұлттың композиторы жазса да, адамның жүрегін баурайды, сезімін толқытады, мұңайтады да, қуантады.

Үнтаспадағы «Табиғат құбылыстары» тақырыбына жазылған музыкалық екі жаңа шығарманың үзіндісін мұқият тыңдаңдар.

2-тапсырма. Тыңдау. Зерттеу. Талдау. (жалғасы)

Оқушыларға сұрақтар қояды:

Көз алдарыңда қандай көріністер елестеді?

Шығармалардың басы қалай басталды (нәзік, сәл-пәл қобалжыған үнімен, әлде қатты шыққан музыка басым болып тұр ма)?

Екі шығарма бір-біріне ұқсай ма әлде айырмашылығы бар ма?

Музыканың нақышына қарай әр шығармаға тақырып қойыңдар және не үшін олай атағандарыңды түсіндіріп айтыңдар.

Енді екі шығарманы бейнетаспадан көріп талдаңдар, сендердің тақырыптарыңмен сәйкес келе ме?

«Рассвет на Москве-реке» («Мәскеу өзеніндегі таң»)

«Хованщина» операсына кіріспе (үзінді)

(музыкасын жазған: М. Мусоргский).

«Мәскеу өзеніндегі таң» кіріспесінде арайлап атқан таңды бейнелейді. Бұлыңғыр күннің ашылуы, мұнаралардың біртіндеп көріне бастауы, әтештің шақырып, таңның атканын білдіргендей шіркеу қоңырауының үні естіледі. Күн сәулесін шашып, шіркеудің мұнараларын жарқыратып тұр.

«Хованщина» операсы – Мәскеудегі мергендер көтерілісі туралы жазылған шығарма.

Тыңдау. Талдау. Орындау. М. Мусоргскийдің «Утро на Москве-реке» («Мәскеу өзеніндегі таң») кіріспесінің негізгі әуенін мұғалімнің дирижерлік қимылдарына қарап, сыныппен бірге «ля» буынға салып орындаңдар.

Әуенді қандай штрих қолдана отырып орындау керек?

Әуен қандай екпінде және дыбыс күшінде (динамика) орындалады?

«Опера» музыкалық жанрын қалай түсінесіңдер?

«Утро» («Таң») «Пер Гюнт» сюита үзіндісінің негізгі әуені (музыкасын жазған: Э. Григ). Э. Григтің «Утро» үзіндісінің негізгі әуенін мұғалімнің дирижерлік қимылдарына қарап, сыныппен бірге «ля» буынына салып, айтыңдар.

Нотада көрсетілген екпін және дыбыс күшін пайдаланып, әуенді әдемі нақышта әндетіп орындаңдар.

Әуенді, әнді орындау талаптарын сақтап, нотамен айтып көріңдер.

Рефлексия.

Мен не білдім?

Бүгін мен не үйрендім?

Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?

Үш тілде амандасады.Оқушылар «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша үйге берген тапсырманы орындайды.



Оқушылар тыңдап,талдап, түсінік айтады.












.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.





Сұрақтар ілмегі


































Әнді орындау

Марапат сөздер мен қолдау сөздермен бағалау.

Жарайсың! Керемет! Өте жақсы! Жақсы.






Жарайсың! Керемет! Өте жақсы! Жақсы.





Жарайсың! Керемет! Өте жақсы! Жақсы.















Жарайсың! Керемет! Өте жақсы! Жақсы.



Оқулық

70-74 бет


https://www.youtube.com/watch?v=HYhFyFFVg7M















Оқулық










Кері байланыс тақтайшасы

















«Отан таңы» (музыкасын жазған

С. Еркімбеков) үнтаспа (екі түрі)

Тақтайша





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.02.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі