Музыкадан ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыкадан ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мұғалімдеріне арналған балабақшадағы ересек, даярлық топ балаларына арналған ашық сбақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақтөбе қалалық білім бөлімі

18 «Гауһар бөбекжай – балабақшасы» МКҚК









Ашық сабақ

«Музыка әлеміне саяхат»

1 «Ақбота» ересек тобы

Музыка жетекшісі: Бозанова А.А.





2021-2022 оқу жылы

Білім беру саласы: шығармашылық саласы;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: музыка
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын ноталардың суреттері салынған пойыз, ж. т. б.

Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. ( балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында )

«Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Балалар: - Музыка сабағына.
Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар?
Балалар: Ноталар керек.
Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар!

- Ноталар әлемі - бұл музыка әлемі. Ноталар арқылы ән шығады, біздің ән айтуымызға бұл ноталардың көмегі өте зор. Ендеше, қане менімен бірге ноталарды айтып көрейікші: До,ре, ми,фа,соль,ля,си,до. Осы дыбысталған ноталар арқылы музыка шығады екен. -Балалар біз музыка шығу үшін ноталардың қандай күйде тұратынын менімен бірге жасап үйренейік жарай ма балалар.

- Менің қолымдағы қара сызықшалар бұл нота сызығы деп аталады. Олар бес сызықшадан тұрады екен. Ол төменнен бастап саналады. Қане бірге санап үйренейік. Және де балалар



бұл күйдің сыңғырлаған әсем ән шығаратын әсем кілті бар. Ол скрипка кілті деп аталады./сөздік жұмыс: скрипка. Ол бес сызықшаның бас жағында тұрады.

- Енді балалар бәріміз бірге ноталарды атай отырып, ноталарды сызықшалар бойына орналастырайық. Міне қараңдаршы, қандай керемет нота сызығы шықты. Сонымен біз танысқан ноталарды мына музыкалық аспап арқылы шығаруғада да , болатынын көрейік. Жақындап ноталарды қайталап айтайық.

Балалар ноталарды жазылған нотаның үстіне апарып жабыстырады.
Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Балалар, бізде барлық нота толық болдыма?
Балалар: Я толық болды.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы керек балалар?
Балалар: Скрипка кілті тұруы керек.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.
Жақсы балалар, ендеше Музыка еліне пойызға мініп саяхатқа шығайық. (әуенмен жүріп, залды бір айланады) **бірінші аялдамаға**келіп тоқтайды. (Аялдамада хат жатады)

ІІІ. Негізгі бөлім. Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдап, қандай ән екенін табу керексіңдер, содан соң таңдаған бір әнді айтып беріңіздерші;- депті. (Күз тамаша, Тәуелсіз елдің ұланы, Топ-топ балақан, Шыршаға бардық)
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) **екінші аялдамаға** келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:
Музыка тыңдау: Балалар сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер; - депті. Тыңдап қараймыз ба балалар? Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады.
Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді бір музыкаға билейік. (Көңілді әуенге билеп береді) («Көңілді ноталар» сергіту сәті
Музыка жетекшісі:
Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,
Ханшайымның тапсырмасын шешейік.
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір сандықша бар, оның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан табыламын; - деген. Балалар бәріміз сандықшаны іздеп көрейік (іздейді)
Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді, ішін ашып сұрақтарды оқиды:
- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)
- Сазсырнай қалай шертіледі? (Үрлеп)
Музыка жетекшісі сазсырнайды үрлеп шертіп көрсетіп береді.
- Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі)
- Мынау қандай аспап? (Домбыра) шертпелі аспап
Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді
- Қай топқа жатады? (Ішекті)
- Мынау қандай аспап? (Тұяқтас) ұрмалы аспап
Аспаптардың аттарын балалар музыка жетекшісімен бірге дұрыс табады. Апай оларға аспаптарды таныстырып, айтып өтеді.

-Қане, балалар аспаптармен бәріміз бірге оркестр ойнап көрейік. Күй «Ата толғауы». Авторы: композитор Нұрғиса Тілендиев
- Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.
(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді балаларға қарап)
Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
- Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)
Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаңызға барғаннан соң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! ( шығып кетеді.)
Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айналып шығады)

ІV. Қорытынды.
Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын бөлістіреді)
Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып, биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен жүздестік.
Музыка жетекшісі: - Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар, ендеше бәріміз бірге «Балабақша» әнін орындайық та тобымызға кетейік. Әнді орындап музыка жетекшісімен сау болыңыз!- деп, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі;
Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі, аспаптармен танысты;
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көзқарастарын қалыптастырады.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2023
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі