МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ
ӘДІСТЕМЕСІ.
Қарағанды облысы Бұқаржырау
ауданы
«Үштөбе жалпы орта білім беру
тірек мектебі» (РО) КММ нің қасындағы «Балақай» шағын
орталығы
Ахметова Анаркул
Акатаевна
Елімізде жас ұрпақты
тәрбиелеу мәселелері саласында тубегейлі,шұғыл бетбұрыстар жасалып
жатқаны белгілі.Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің
болашағына тұтқа болар білікті азаматтар даярлау-бугінгі күннің
негізгі мақсаттарының бірі.Сондықтан да мектептердегі оқу- тәрбие
жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған
мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана
отырып,қазіргі қоғамдық-әлеуметтік үрдістерге сай,жаңаша,жан-жақты
білім беру, келшектің мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып
отыр.
Еліміздің болашақта
көркейіп,өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен
корінеді.Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – әлеуметтік-
педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық
енгізудің тиімді, жаңа әтістерін издестіру, оларды жүзеге асыра
алатын мұғалімдерді даярлау.
Себебі қоғамның
әлеуметтік-эконикамалық міндеттері заманына сай өзгерістерге
ұшырап,өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа
талаптары туындап отырады.
Қазіргі мектеп
жағдайындағы,білім берудің ұлттық моделіне өту,оқыту мен
тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін,жаңа инновациялық педагогикалық
технологияны игерген,икемді,шығармашыл педагог-зерттеуші,ойшыл
мұғалім болуын қажет етеді.
Оқу барысында мұғалім оқылатын
пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де,
оқытатын пәнімен де тығыз байланыста.Осыған орай мұғалім қызметінің
озіңдік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады.Оқытушы өзінің
жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер
қолданады.Кәсіптік мамандыққа даярлауда негізгі мақсат - музыка
өнеріне баулу.Болашақ мамнының ең негізгі міңдеті – таңдаған
мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы
меңгеру болса,кәсіби тұрғыда қалыптасуына зор көмегі
болады.
Музыка өнері әр түрлі қызмет
атқара алады:
1)Қатынастық
қызмет.
2)Кәсіби бағытпен тікелей
байланыста музыканы дамыту.
3)Жастар ойын,олардың жалпы
білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес
дамыту.
4)Мамандыққа сәйкес тәрбиелік
қызмет т.б.
Осылардың негізінде
орындалатын біздің міңдетіміз:
Қазақтың ұлттық мәдениетінің
жай-күйін зерттеу;
Жастар арасыңдагы
мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
Музыка саласындағы
жетістіктерің насихаттау;
Жас ұрпақтың эстетиклық
тәрбиесіне көңіл бөлу.
Музыкалық білім мен тәрбие
берудің негізі-ұлттық дәстүрде.Оқушы музыка әуенінің өзіндік
ерекшелігін,құрылымы,мазмұны,жанры шығу тарихы бірінші
кезеңде,екінші кезеңде бөлшектеп талдау әдісі,музыканы өңдеу,әуенді
музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді.Ушінші
кезеңде тұтас талдау әдісі,өнердің бір-біріне жақын түрлерін
біріктіреді.
Кәсіби-педагог ретінде
мамандықты оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға
болады.Мысалы:
Жергілікті мекен жайдағы
таңдаулы мұғалімдердің сабақтарың көрсетіп,сол мұғалімнің көзге
түсерлік қыры мен сырын аңғартып жазбаша талдау
жасау:
Әр түрлі
концерттер,көрмелерге,театырларға бару арқылы
баулу:
Іздем паздыққа тәрбиелеу үшін
оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете
алады.
Музыка оқытушысының қызметі
ұйымдастырушылық ,танымдық, т.б. бірнеше бағытта
жүргізіледі:
Музыка арқылы жас ұрпаққа
тәрбие беруде мынадай жетістіктерге қол жеткізуге
болады:
Адамның жан дүниесін
түсінуге.
Жақсы мен жаманды
айыруға.
Нәзік үндерді қабылдап,бойына
сіңіруге икемдеп,адамгершілік қасиетін жоғары ұстауға
жетелейді.
Музыка сабағы үш бөлімнен
тұрады:күй үйрену,шығарма таңдау,музыкалық сауатты
ашу.Оқушылар-ұстаз-музыка-міне осы үш нәрсе сабақтың арқауын
құрайды.Ұзтаздың міндеті өзі құрған жоспарына сәйкес оқушыларға
музыканың мағынасына,айтайын деген көркем ойына үніліп,музыкалық
білімнің негізін қабылдауға,шығармашылық үрдіске баулуға
үйрету.
Ұстаз жетістігі,қызметінің
шығармашылық денгейі оның оқушыларымен құрған сезімдік-рухани
байланысы арқылы көрінеді.Осы тұрғыда оның алға қойған жоспары,
тәрбиелік мақсаттары, көркемдік-кәсіби дәрежесі бағаланады, еңбегі
көрінеді.Оқушыға берілуге тиісті музыкалық білім мен
ұлттық,адами,рухани үрдістер өз жемісін сонда ғана көрсете
алады.
Музыкалық қабілеттің,яғни ән
айту,аспапта ойнау шеберлігінің өсуі,ондагы нақтылы табыстың болуы,
оның ұстаз тарапынан айқын көрсетілуі оқушы санасында мақтаныш
сезімін тудырып,оның шығармашылық қызметке деген ынтасын барынша
арттыра түседі.
Аспап ойнау балаларды
ұйымшылдыққа,бірлікке,сезімталдыққа,адамгершілдікке баулыса,ол
өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз.Оқушыларды музыканы
қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру- ұстаздың басты
борышы.
Сонымен, музыка пәні
оқытушысының шығармашылық-кәсіби сауаттылығы- бұл әрқашанда тек
өзінің жеке ойы,жеке қатынасы, материалдарды өңдеу негізінде өзінің
жеке бағыты,өзіңдік жаңа идеяларына пайда болуымен жаңа сұрақтардың
қортындысы ретінде болады.Себебі шығармашылық жұмыс-әрқашанда
ізденіс.