Материалдар / «МУЗЫКАЛЫҚ НОТАНЫҢ САЯХАТЫ»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«МУЗЫКАЛЫҚ НОТАНЫҢ САЯХАТЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка әлемінде жеті нотаның болуы, атаулары, бес сызықтың бойында жеті нота орналасатындығы. Жеті нотаны бес сызыққа жинайтын соль ( скрипка) кілті екенін білу,ұғыну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2022
993
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«МУЗЫКАЛЫҚ НОТАНЫҢ САЯХАТЫ»

Ақтөбе қаласы, №17 «Шұғыла» бөбекжай балабақшасы

Музыка жетекшісі: Кенжеболатова Ақжүніс Орынбасарқызы




1. Маршпен кіру

Шеңберге тұру .Музыкалық амандасу.

Саламатсыңдарма балалар,көңіл күйлерің қалай? Балалар бір-бірімізге сәлем беріп амандасуымыз өте қатты ұнаған секілді. Ендеше балалар бүгін ұйымдастырылған ашық сабағымызға қош келдіңіздер. Музыкамен орындыққа отыру . Бүгін ноталар әлеміне саяхат жасайтын боламыз. Ендеше көңілді музыкалық ноталар әлеміне баруға дайынбыз ба? Көзімізді жұмайық.

Балалар қараңдаршы біздер Ноталар әлеміне келдік. Балалар сендер әннің дыбыстары неден тұратындығын білесіңдерме?  Олар Ноталардан тұрады. Ал нота қандай сызықтарда орналасқанын біз бүгін сендермен бірге үйренеміз.Қараңдаршы балалар, музыкалық үйшік кім тұрады екен, қалай ойлайсыңдар? Музыкалық үйшікте нота сызықшасы орналасқан. Нота сызықшасын арнайы кілтпен ашамыз. Ол скрипка кілті деп аталады. Скрипка кілтінің қасында ноталар жоқ екен, сол ноталарды үйлеріне орналастыру үшін, тапсырмаларын орындау керекпіз.

Біздің ең бірінші нотамыз «До» нотасы. Бәріміз бірге нотаны айтайық Бірге: До   

До нотасы өзінің үйшігіне орналасу үшін, біз мына тапсырманы орындайық.

2.Музыка тыңдау : Көңілсіз музыка тындату «Қуыршақ мұңы» И.Чайковский

Музыка көңіл - күйлеріңе қалай әсер етті?
Музыканың көңіл - күйі қандай? (Мұңлы, көңілсіз) Дұрыс айтасыңдар, мұңлы, көңілсіз музыка екен. Көңілді музыка тыңдау Я.Шанский

Балалар музыка жанрына байланысты 3 ке бөлінеді.Ән,би,марш.Ендеше сендерге музыканың үзіндісін тыңдап көруді ұсынғым келіп тұр. Сендер ажыратып айтасыңдар (тыңдатады)

Ән:«Орманда шырша өсіпті»

Би: «Полька» И.Кабалевский

Марш: «Детский марш»

Балалар «До» нотасын өз үйіне орналастырайық. (нотаны алып бірінші қосымша сызықтың астына орналастырамыз) 

Келесі нота «Ре» нотасын өз үйіне бару үшін, тапсырмасын орындайық. Бәріміз бірге «Ре» деп айтайықшы. «Ре» нотасын бізбен бірге ән айтуға шақырамыз. Әнді айтпас бұрын дауысымызды жаттықтырып аламыз.

3. Дауыс жаттықтығуы

Фортепиано аспабымен дауыс жаттығуы: Ми - Мэ -Ма -Мо -Му

«Ре» нотасын өз үйіне орналастырайық. (нотаны алып бірінші сызықтың астына орналастырамыз)

Келесі нота «Ми» өзінің үйшігіне бару үшін, біз ән айтумыз керек екен.

4. Ән: «Көңілді ноталар»

«Ми» нотасын бірінші сызықтың бойына орналастырайық.

«Фа» нотасы біздің би билеп бергенімізді қалайды екен.

5. Би: «До- ре - ми»

Ендеше «Фа» нотасын бірінші мен екінші сызықтың орнына қоямыз.

«Соль» нотасы музыкалық аспаптарды топтарға қалай бөлуге болатындығын көз жеткізгісі келеді. Ендеше қолымыздағы аспаптарды алып, қимылды музыкалық аспаптармен оркестр ойнайық.

6. Дауысты оркестр : «Енька ленька»

Жарайсыңдар «Соль» нотасын орнына екінші сызықтың бойына орналастырайық.

Келесі «Ля» нотасымен сендерге ырғақты ойын ойнаймыз.

Балалар денемізді сергітіп ойын ойнап алсақ қайтеді?

7.Ырғақты ойын: «Аяқ іздері»

Ойын: Аяқ іздерін басу арқылы ойнау.

«Ля» нотасын екінші сызықпен үшінші сызықтың ортасына орналастырамыз.

Ең соңғы нота ол биіктікте тұрады, соңғы үшінші сызықта орналасқан «си» нотасын орналастыру үшін біз онымен бірге До-ре-ми -фа-соль-ля-си ноталар гаммасын баян аспабымен шырқайық. «Си» нотасын үшінші сызықтың бойына орналастыру.

Балалар сонымен Бес сызық бойында неше нота бар? (жеті нота бар) Ноталар қалай аталады? (до-ре-ми-фа-соль-ля-си) Көңілді ноталар әлемі ұнадыма?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!