жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Музыкалық ринг"
«Балдырған» балалар бақшасы
«Музыкалық ринг»
(Балабақшаішілік музыкалық сайыс)
Музыка жетекшілері: Т.Мантекова
М.Ербаланова
Сарқан қаласы, 2017 жыл
Бекітемін: _______________________
балабақша меңгерушісі: Г.Иргебекова
Тақырыбы: «Музыкалық ринг» (сайыс)
Мақсаты: Сайыскерлердің бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиеленуші мен тәрбиешілердің музыкалық білімдерін анықтау. Әндер қорын көбейту. Тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасында шығармашылық қарым –қатынас тудыру.
Өтілетін күні: 25.01.2017 жыл, сағат 11.00 де.
Өтілетін орны: Музыка залы
Көрнекілігі: зал ішін мерекеге сай безендіру. Гулдер, шарлар, фотостенд, музыка техникасы.
Қатысушылар: ІІ кіші, ортаңғы, ересектер топтарының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері. Әр топтан 1 тәрбиеші мен 1 тәрбиеленуші. Әрбір жұп өзіне қолдаушы тобын көмекке шақыруға болады.
Барысы:
Сайыс 4 айналымнан тұрады.
І айналым:
«Таныстыру». Тақырыбы: «Біз – балабақша жұлдызы»
ІІ айналым:
Өнер көрсету. Тақырыбы: «Ән шырқайық қосылып» (Жұптар ортаға өз өнерлерін салады.)
ІІІ айналым:
Сұрақ –жауап. Тақырыбы: «Музыкалық дода» (интербелсенді тақтадан сұрақтар таңдап алынады)
ІV айналым:
Үй тапсырмасы (Қолдан музыкалық аспаптар жасап оркестр құру)
Марапаттау рәсімі.
Сайысқа қатысушылардың әрбір айналымнан алған ұпайларын есептеп жеңімпазды анықтау. «Бас жүлде» және І,ІІ,ІІІ орындармен және номинациялармен («Өнерлі жұп», «Тапқыр жұп», «Әнші жұп», «Ұйымшыл жұп») марапаттау.
«Екі жұлдыз» әнімен ортаға жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші: Армысың бақшамыздың қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2-жүргізуші: Бүгінгі «Екі жұлдыз» музыкалық сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.
2-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Сіздер үшін осы кеш ашылады
Сіздер үшін әншілер сайысады.
1-жүргізуші: Бүгінгі әуенді кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!
1. ______________________________________________________
2._______________________________________________________
3._______________________________________________________
1-жүргізуші: Бағалануы 10 балдық жүйе.
1.Ән орындау мәдениеті (эмоция,сезім)
2.Сахнада өзін өзі ұстауы (жүріс- тұрысы, қимылы)
3.Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы
4.Өнер деңгейі
2-жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлерімізді сахна сыртына шығарып салып, сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі
Әнші деп те, күйші деп те айт оны
Әнге сенің қанша икемің бар екен
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді? деп, алғашқы айналымға кезек береміз. Музыкалық сәлемдеме, таныстыру. Тақырыбы: «Біз- балабақша жұлдызы». Регламент- 2 минут.
ІІ жүргізуші: Ортаға І жұпты шақырамыз.
Барлық жұп кезекпен шығып өздерін таныстырады.
1-жүргізуші:
Біздерде достар бар өнері асқан
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз достарымыз
Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.
-деп келесі айналымға да кезек берейік.
2-жүргізуші: ІІ айналым- Өнер көрсету. Тақырыбы: «Ән шырқайық қосылып» (Жұптар ортаға шығып ән салады.)
І жүргізуші: Ортаға І жұпты шақырамыз. (регламент 3 минут)
Барлық жұп кезекпен шығып өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші: Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Сұрақтар көп қойылмақ
Достар шығып ортаға
Шешуін тауып сұрақтың
Бүгін жұлдыз атанбақ.
2-жүргізуші: Ендеше ортамызға сайыскерлерді шақырайық.
Әуенмен сайыскерлер ортаға шығады.
Тақтада әтүрлі ноталар тұрады. Соның ішінен 1 ната таңдап алады. Сол нотаның тапсырмасын орындайды.
1-жүргізуші: Али, сен ұрмалы аспаптарда ойнау білесің бе?
2-жүргізуші: Иә білемін.
1-жүргізуші: Біздің қатысушылар да жақсы ойнайды екен, олар тек ойнап қана қоймай қолдарынан аспаптар жасайды.
2-жүргізуші: Ортаға өзінің оркестрімен І жұбымызды шақырамыз.
Барлық жұп кезекпен шығып өнерлерін көрсетеді.
1-жүргізуші: Мәресіне жетті ғой байқауым да
Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда
Әділқазы алқасы атыңды ақта
Әншілерге арманмен бақыт жолда.
2-жүргізуші: Қазір алға шыққан жеңімпаздарымыздың бағасын шығарып марапаттау дайын болғанша ән шашуымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
1-жүргізуші: Бүгінгі кеш қызықты кеш
Көрермен халайық
Өнерпаздар алға шашып
Биікке қанат қағайық
-дей отырып сахнаға сайыскерлерімізді шақырайық.
2-жүргізуші: Күнде жиын болмас дәл осындай
Күн сайын өркендейміз біз осылай.
Бүгінгі сайыскерлерге қазылар
Беріңіз марапатын мән қосып ай.
Марапаттау рәсімі
1-жүргізуші: Көңілдің ақ тілегін қол етеміз
Тілектермен нығайсын мерекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс
Осымен аяқталды сайысымыз.
2-жүргізуші:Концерттік кешімізді аяқтай отырып, «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзімен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді.
1-жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, келіп тамашалап, өз жұптарыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.
Бірге: Ән аманат сіздер үшін.
Бар болыңыздар,
Сау болыңыздар!
Сұрақтар жас ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
ІІ кіші топтарына арналған сұрақтар
Мнемосхема арқылы қай ән екенін тапқызу.
(Сұр қоян)
«Шарлар»
«Әй-әй, ата»
Ортаңғы топтарға арналған сұрақтар:
Мысық пен иттің дауысын тыңдату арқылы дауыстың жуан немесе жіңішке екенін ажырату.
Көңілді –көңілсіз әндерді ажырат!
Сылдырмақпен Аю және Қоянның жүріс екпінін салып, екпіндерін ажырат. (Жай және жылдам)
Ересектер топтарына арналған сұрақтар
«Мағынасын түсіндір» ойыны
І сұрақ
«Достық» әні үштілде
«Жалқаубек» әні
«Жаңа жыл» әні
ІІ сұрақ
«Ана тілім» әні
«Қазақстан» әні
«Туған күн» әні

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген