400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыкалық танымдық ойын "Әуенді тап" 5-6 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл музыкалық танымдық ойын музыка пәні мұғалімдеріне арналған. Осы ойын арқылы мұғалімдер оқушылардың музыкалық білімдерін бекіте түседі деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тана мырза орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Ж Байназарова

Сазды іс-шараның аты: «Әуенді тап!»

Сазды ойынның мақсаты: Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау (және балалардың түрлі әуендерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген

сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қолданылған көрнекіліктер: Сазды ойынға арналған техникалық құралдар (музыкалық аппаратура, микрофон, слайдтар) тағы басқалар

Ұйымдастыру кезеңі: Қатысушылар залға саз әуенімен енгізіледі, үш топқа арналған орындар даярланған, фанфар сазы қойылып жүргізуші көрінеді.

Сазды ойын барысы:

-Қош келдіңіздер құрметті қауым, аяулы ұстаздар, сүйікті біздің мектебіміздің оқушылары және бүгінгі біздің сазды ойынымызға қатысушы өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын өнерқұмар, ән сүйер ойыншылар!

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй!»,-деп Ұлы Абай атамыз айтқандай ән өнерін өте сүйетін шәкірттерге арналған ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі бұл музыкалық ойынымызға төрт топ қатынасады;

- «Домбыра» тобы

- «Қобыз» тобы

-«Сыбызғы» тобы

-«Жетіген» тобы


-Бұл топтардың өз эмблема,топтық ұрандары бар. Ендеше топтарға сөз кезегін берейік.

«Домбыра» тобы :

«Ойынға келді топ «Домбыра»,

Әнге құмар жандар дара.

Қолпашта бізді уа, халайық!

Ойнап біздер қуантайық».

«Қобыз» тобы:

«Қобыз» тобы тамаша,

Салады әнді жаңаша.

Ойынымен таңқалдырар,

Ойыншылар жараса»




«Сыбызғы» тобы:

«Сыбызғы» тобы ерекше

Тапқырлығы өзгеше.

Байқаңдар топтар біздерден,

Әуеншілер біздер ерекше».


«Жетіген» тобы «Жетіген» тобы жетелі

Жеті сазды әуенмен

Жеңемін деген жігермен

Жеңіске жетіп кетеді



-Мінекей құрметті ән сүйер қауым біздің топтар өздерін таныстырып өтті,ал енді бүгінгі біздің ойынымызды сараптайтын сарапшылар тобын таныстырайық

1. Н Ахметқалиева-оқу ісінің меңгерушісі

2. А Елеусізова-тәлімгер

3. Ж Байназарова –музыка пәнінің мұғалімі

-Қошемет құрметті саз сүйер қауым!

Сарапшылар өз орнына жайғасса, мен музыкалық ойынның шартын түсіндіріп өтейін;

- Ойын аяулы әуенқұмар ойыншылар музыкалық ойынымыздың І кезеңі төрт бөлімді сайыстан тұрады:

1. «Балғын шақ әуендері» деп аталады, мұнда біздің ойыншылар бала-бақша, мектеп қабырғасында үйренген, естіген әуен-әндерді тауып, ұпай-ноталарға иеленеді.

2. «Халық әні !»деп аталады, халық әуен-әндерді табады.

3. «Жұлдыздар дауысы» деп аталады мұнда да біздің ойыншылар теледидар, радио арналарынан көріп, естіп біліп жүрген қазақ әншілерінің дауысын ажыратып, әнші немесе топ аттарын тауып айтып беруі қажет.

4. «Күй- шежіре» деп аталады, мұнда әр үш топқа арнайы уақыт беріліп, жеке -жеке тыңдаған күйдің түрлерін ойыншылар тобымен ақылдасып, күйдің атын айту керек

Сайыста топтарға тақырып, ұпай таңдау мүмкіндігі беріледі. Сайысты 3 сыныптың «Сыбызғы» тобынан бастайық.

-Мінекей осымен бірінші кезең әндерінің шеруі аяқталды, сарапшылардан

І кезеңнің ұпайларын сұрайық

Ал енді екінші кезеңімізді бастайық Екінші кезең бізге «Абай әндері», «Шәмші әндері», «Анашым», «Мектебім» және «Тәуелсіздіккке-25 жыл» тақырыптарындағы әуендерді сыйлайды екен, қабыл алайық. Шеберлікпен тауып, тіпті орындап та жіберейік!



-Қошемет құрметті қауым бүгінгі «Әуенді тап!» музыкалық ойыны осыменен аяқталды.


Біздің сарапшыларымыз енді әр топтың жинаған нұпай санын санап жеңімпаз топты анықтайды.

Сонымен құрметті ойыншылар көрермендер сазды ойынымыз тәмамдалды. Бүгінгі сайысқа қатысып ,өз білімдерін көрсеткен оқушыларымызға қол соғып қошемет көрсетейік.

«Ақылың болса ән тыңда..» деген халық нақылы айтқандай әнге деген құмарлықтарыңыз ешқашан өшпесін құрметті қауым.

Келесі сазды кеште кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
17.12.2017
3042
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі