Музыкалық
терапия
Терапия – латын тілінен аударғанда емдеу деген
ұғымды білдіреді, сонда музыкалық терапия дегеніміз музыкамен емдеу
болып шығады. Қазіргі таңда музыкасыз өмірді елестету әсте мүмкін
емес. Үйде, көлікте, сыртта, офисте, жұмыста, барлық жерде музыка
бізбен бірге. Адамзат музыканың емдік қасиетін барын тым ертеде-ақ
білген. Адам тәнін музыкалық аспап ретінде қарастырсақ жүректің
соғуы ең үлкен ырғақ болады. Сонымен қатар адам қорыққанда,
уайымдағанда немесе қуанып шаттанғандағы жүректің соғуы нағыз ырғақтық
музыкаға айналады. Жаны жоқ дейтін өсімдіктерде жақсы музыкамен тез
өсіп, жақсы өнім беретіні белгілі. Музыка жан-жануарларға да әсер
ете алатыны бүгінгі күні жаңалық емес. Адамның жан-жүйкесіне,
сезімі мен көңіл-күйіне әсер ететін музыканы – қазақтар тәңірдің
күбіріне теңеген. Ежелгі гректердің ұлы ойшылдары Демокрит:
Флейтаның сиқырлы сазымен кейбір ауруларды емдеуге болады десе,
Гиппократ музыканы барлық ауруды емдеуге қолданған. Платон,
Аристотель және Пифагор музыканың емдік қасиеті барын мойындаса,
Гомер жағымсыз эмоциялармен күресуге музыканың көп көмегі барын
айтқан.
Музыкалық терапия – ақыл-ой мен эмоциялық әрекетке байланысты
ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік
күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, үндістерге, қытайларға,
парсы, гректерге мәлім болған. Әуен арқылы адам психикасына оң әсер
етуді музыкалық терапия деп те атайды. Музыкалық терапия сөзін
қазақшаға тікелей аударғанда музыкамен, әуезбен емдеу деген
мағынаны білдіреді. Музыкалық терапия жүздеген жылдар бойы өнер
адамдар үшін әуезден, әуеннен ләззат алу көзі болды, ал өнердің
көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады.
Музыка адамның денсаулығына, санасына, тәртібіне ықпал етеді.
Музыкалық дыбыстар адамның ағзалары мен жасушаларына да үлкен әсер
етеді. Музыкалық дыбыстар адам ағзасына, жасушаларына үлкен әсер
тигізіп, түрлі дыбыстардан адам ағзасында үлкен энергетикалық алаң
пайда болады. Яғни, олар айналадағы кеңістіктегі қозғалыстарды
тудырады. Ал біз сол энергияны қабылдаймыз және біздің ағзамызға
әсер етеді [1]. Музыка біздің өмірімізге қатты әсер ететіні мәлім.
Сондықтан, музыка барлық ғасырларда да ерлер мен әйелдерге, діннің
түрлі бағытын ұстанушы адамдар мен ұлттардың, түрлі ұлт өкілдеріне
түсінікті тіл болып есептелінеді. Музыка адамның интеллектуалдық
деңгейіне, табысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан кімге болса
да, қатысы бар.
Музыка терапиясы адамның жүйке жүйесінің шаршауы мен қажуын,
көңіл-күйін ретке келтіру мақсатында қолданатын психотерапиясының
бір әдісі. Балаға музыка арқылы жағымды әсер етудің өзіндік
әдіс-тәсілдері бар. Бұл әдісті белгілі бір жүйемен қолдана білу аса
маңызды. Ол үшін баланың жас ерекшелігі, дәл сол сәттегі жағдайы,
психикалық өзгерістері, оның себептері туралы мәліметпен таныс болу
шарт, әйтпесе, кез келген жағдайда музыка терапиясын қолдану өз
нәтижесін бере бермейді.
Музыка арқылы балаға психологиялық әсер етуде әуенді үш түрлі
сипатта қолдану керек:
* тыныштандыратын әуендер;
* жігерлілік тудыратын әуендер;
* босаңсытуға арналған әуендер. Психологтардың айтуы бойынша,
музыканың керемет күші баланың физикалық және психикалық дамуын
нығайтуда, әрі жақсы нәтижелерге жеткізуде өзіндік мәні бар. Ал
түрлі музыкалық терапияның әдістерін ойынмен байланыстыра отырып
және психотерапевтік техникаларды қолданса әсерлері жоғарылайды
Музыкалық терапияны қолданудың төмендегідей әсері бар:
* Психологиялық қорғаныстан өтуге мүмкіндік береді – тыныштандыру
немесе жандандыру, қызықтыру немесе көңіл соқтыру.
* Адамдардың шығармашылық және қарымқатынас мүмкіндіктерін дамытуға
көмектесу.
* Өзін-өзі кемелдендіру негізінде өзін бағалауды жоғарылатады.
* Сезімдерді әсерлетіп шығаруға септігін тигізеді.
* Эмпатикалық мүмкіндіктерді дамытады.
* Адам арасындағы қарым-қатынастардың орнап, дамуына, психология
және басқа адамдармен қарым-қатынастарды нығайтуға
жәрдемдеседі.
* Әлеуметтік белсенділігін жоғарылатады.
* Жаңа қарым-қатынасты құрып орнатуды жеңілдетеді.
* Агрессиялық мінез-құлықтан арылуға көмектеседі.
* Адамды білімділікке жетелейді, интеллектуалдық тәрбие
береді.
Зерттеушілердің айтуынша, музыка тыңдаудың бірнеше қызметі бар.
Шындығында, музыка жаңаша білім береді, қажетті көңіл-күйге бөлейді,
шығармашылық ісіне шабыт береді, сабасына түсіреді және ісіне шабыт
береді, күрестерге рух береді, сабасына түсіреді және жұбатады,
көңілін аулайды және тәрбиелейді. Музыка музыканттар мен музыка
тыңдаушылар арасында түрлі қатынас орнатып, алуан сезімдерді
шығарады [3].
Сондай-ақ музыкалық терапияның элементтерін дамытушы-түзетуші
трениенгтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие
процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаның
интеллектісін дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені
музыкатерапияның жоғарыда көрсетілген қызметтерінен бөлек,
төмендегідей қызметтерді де атқарады.
* психодиагностикалық;
* психопрофилактикалық;
* психокоррекциялық.
Музыкалық терапияның диагностикалық ерекшелігіне тоқталып кетер
болсақ, ол адамның психикалық қасиеті мен күйін көптеген
әдіс-тәсілдері арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық
тұрғыда талдайды. Соның нәтижесінде, адам психологиясының көрінісі
туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы болып
табылады. Музыка терапияның психопрофилактикалық қызметі – адамның
өмірінде кездесетін қиын-қыстау кезеңдердің салдарынан пайда
болатын, адам психикасына кері әсерін тигізетін жағымсыз психикалық
жағдайларды көптеген әдіс-тәсілдердің көмегімен анықтай отырып,
алдын алу болып табылады . Музыка позитивтік сеніммен (сендірумен)
қатар жан мен рухтың бірігуіне ықпал етеді. Оқу барысында пайда
болатын шаршау мен жағымсыз сезімдерден арылтады, бағыт-бағдарлы
іс-әрекеттерді атқаруына ықпал етеді. Зерттеушілердің байқауы
бойынша Бах, Вивальди, Темман, Корелли, Гендельдердің баяу
пассаждық шығармаларының ырғақтық қасиеттері қантамырының соғысын
баяулатады, адамды босаңсытып, оның сана-сезімін үйлесімділік күйге
әкеледі. Осылайша адам шаршаудан арылады. Осы жаңа әдістер
оқушыларды еркін тәрбиелеу мен тиімді оқытудың қомақты бөлшегі
болып табылады. Олар босаңсыту, жинақыландыру және барынша
ықыластарын арттыру (музыкаға деген көңілін арттыру). Осындай
музыканың ырғақтық мүмкіншіліктерін пайдалану әдістері тіл үйрену,
спортшыларды жаттықтыру, қатты аурудан айықтыру барысында
қолданады.
Әлемдік өнердің шынайы құндылықтары болып композитор-классиктер
дәрежесіне жеткен авторлардың музыкалық шығармалары есептеледі. Нақ
классикалық музыканы (ұлттық қана емес, әлемдік мәдениетте
құндылығы жоғары) функциялық музыка ретінде қолдануға болады
Музыка, сурет, поэзия да өнердің басқа түрлері сияқты, адамды
жігерлендіретін, рухтандыратын және босаңсытатын, ашу-ызаны
қайтаратын, қатты қиналу күйінен арылтатын қасиеті бар.
Шығармашылық әрекетке қажетті дене, ақыл-ой, сана, жан дүниенің
бірігуіне ықпал етеді. Бірлестік пен үндестік принциптерінен сезім
де, әрекет те ой-сана да, сөз де шығармашылық та, сұлулық деген
ұғым пайда болған. Сұлулық үйлесімділік пен жігерлендіру әсері
қабілеттіліктің интеграциялық принциптерін көрсетеді. Адамның
күштік интеллектуалдық және эмоционалдық мүмкіншіліктердің дамуына
әсер етеді.
Н.Островский атындағы
мектеп-лицейінің
музыка пән мұғалімі Балнур
Кадырбаевна