«Музыкалық тосын сый»
( 2- сәбилерге арналған ойын – сауық кеші)
Мақсаты:
Музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру. Ән айту іскерліктерін дамыту, сылдырмақтарды ырғақты сезіне ойнауға дығдыландыру.
Балалардың көңіл – күйін
шаттыққа баулу.
Көрнекіліктер:
Сиқырлы қобдиша, шығыршық,
сылдырмақтар.
Ұйымдастыру сәті:
«Айгөлек» әні орындалып балаларды көңілді қарсы аламын. Әуенмен амандасады.
Саз жетекшісі: - Балалар серуен сендерге ұнай ма?
Балалар: - Ия ұнайды.
Саз жетекшісі: - Ендеше бәріміз қол ұстасып серуенге шығайық.
«Серуендейміз, демаламыз» (М. Красев) ойналып қол ұстасып еркін жүреді. 2- бөлімінде бір орында тұрып қол шапалақтайды. Әуен аяқталысымен залға Сайқымазақ кіреді.
Саз жетекшісі: - Балалар, бүгін бізге қонаққа Сайқымазақ келді.
Сайқымазақ: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Сайқымазақ: - Көңіл күйлерің қалай ?
Балалар: - Жақсы.
Саз жетекшісі: - Сайқымазақ қош келдің. Біздің балалармен бірге көңіліңді көтер.
Сайқымазақ: – Жақсы көңілдеріңді менімен көтеріңдер. Бірақ балалар келе жатып мынау әдемі қорапты тауып алдым. Бірақ не бар екенін білмеймін.Келіңдер бірге ашайық – деп балалардың қызығушылығын арттырады.
Қораптан сылдырмақтар шығады.
Саз жетекшісі: - Қызыл, жасыл сылдырмақ
Үн қатады сылдырлап – деп қозғап көрсетеді.
Сайқымазақ: - Сылдырмақты алайық,
Әсем әнге салайық!
Саз жетекшісі: - Бәріміз сылдырмақты алып ырғақпен соғып көрейік. (әуен «Сылдырмақ» А. Тоқсанбаев). Ал енді сылдырмақты жерге қойып қолымызбен бетімізді жабайық. Өте тамаша ендеше осы сылдырмақтар туралы ән орындап берейік
Ән «Сылдырмақтарым». И. Сапарбай.
Сайқымазақ. – Керемет, Ортада әлі ойын бар,
Кәне шыға қойыңдар! – деп келесі ойынға шақырады.
«Сылдырмақпен ойын»
Сайқымазақ: - Өз еріктерімізбен залда сылдырмақтарды әуенмен сылдыралатамыз. Әуен тоқтаған кезде мына жерде жатқан шығыршықтарға кіріп, жасырынып үлгерулерің керек.
(барлық бала ойнайды).
Сайқымазақ: - Апайларды тыңдаймыз,
Сылдырмақты жинаймыз. – деп балаларға сылдырмақты қорапқа салуға көмектесулерін сұрайды. Сайқымазақ қоштасып кетеді.
Саз жетекшісі: - Сылдырмақтың дауысы қандай?
Бүгінгі серуен ұнады ма?
Керемет ендеше бәріміз қол ұстасып тұрамыз. Әуенмен қоштасады да залдан шығып кетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Музыкалық тосын сый"
"Музыкалық тосын сый"
«Музыкалық тосын сый»
( 2- сәбилерге арналған ойын – сауық кеші)
Мақсаты:
Музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру. Ән айту іскерліктерін дамыту, сылдырмақтарды ырғақты сезіне ойнауға дығдыландыру.
Балалардың көңіл – күйін
шаттыққа баулу.
Көрнекіліктер:
Сиқырлы қобдиша, шығыршық,
сылдырмақтар.
Ұйымдастыру сәті:
«Айгөлек» әні орындалып балаларды көңілді қарсы аламын. Әуенмен амандасады.
Саз жетекшісі: - Балалар серуен сендерге ұнай ма?
Балалар: - Ия ұнайды.
Саз жетекшісі: - Ендеше бәріміз қол ұстасып серуенге шығайық.
«Серуендейміз, демаламыз» (М. Красев) ойналып қол ұстасып еркін жүреді. 2- бөлімінде бір орында тұрып қол шапалақтайды. Әуен аяқталысымен залға Сайқымазақ кіреді.
Саз жетекшісі: - Балалар, бүгін бізге қонаққа Сайқымазақ келді.
Сайқымазақ: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Сайқымазақ: - Көңіл күйлерің қалай ?
Балалар: - Жақсы.
Саз жетекшісі: - Сайқымазақ қош келдің. Біздің балалармен бірге көңіліңді көтер.
Сайқымазақ: – Жақсы көңілдеріңді менімен көтеріңдер. Бірақ балалар келе жатып мынау әдемі қорапты тауып алдым. Бірақ не бар екенін білмеймін.Келіңдер бірге ашайық – деп балалардың қызығушылығын арттырады.
Қораптан сылдырмақтар шығады.
Саз жетекшісі: - Қызыл, жасыл сылдырмақ
Үн қатады сылдырлап – деп қозғап көрсетеді.
Сайқымазақ: - Сылдырмақты алайық,
Әсем әнге салайық!
Саз жетекшісі: - Бәріміз сылдырмақты алып ырғақпен соғып көрейік. (әуен «Сылдырмақ» А. Тоқсанбаев). Ал енді сылдырмақты жерге қойып қолымызбен бетімізді жабайық. Өте тамаша ендеше осы сылдырмақтар туралы ән орындап берейік
Ән «Сылдырмақтарым». И. Сапарбай.
Сайқымазақ. – Керемет, Ортада әлі ойын бар,
Кәне шыға қойыңдар! – деп келесі ойынға шақырады.
«Сылдырмақпен ойын»
Сайқымазақ: - Өз еріктерімізбен залда сылдырмақтарды әуенмен сылдыралатамыз. Әуен тоқтаған кезде мына жерде жатқан шығыршықтарға кіріп, жасырынып үлгерулерің керек.
(барлық бала ойнайды).
Сайқымазақ: - Апайларды тыңдаймыз,
Сылдырмақты жинаймыз. – деп балаларға сылдырмақты қорапқа салуға көмектесулерін сұрайды. Сайқымазақ қоштасып кетеді.
Саз жетекшісі: - Сылдырмақтың дауысы қандай?
Бүгінгі серуен ұнады ма?
Керемет ендеше бәріміз қол ұстасып тұрамыз. Әуенмен қоштасады да залдан шығып кетеді.
шағым қалдыра аласыз













