жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
М.Зверев "Мен қалай жазушы болдым"
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
||
|
Сыныбы: |
4 |
||
|
Уақыты: |
|
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
М. Зверев. Мен қалай жазушы болдым. |
||
|
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) Ақпараттық құзіреттілік Ә)Коммуникативтік құзіреттілік Б)Проблеманы шешу құзіреттілігі |
М. Зверевтің өмірі мен қызметі туралы және шығармашылықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру Шығармашылық жұмыстар арқылы өз ойын және сезімін айқын көрсете білуге баулу Оқудың барлық кезеңінде, әрбір оқушының өз жетістіктерінің даму динамикасын ұғынып, бағалай алу дағдысын қалыптастыру |
||
|
Сабақтың түрі: |
Жаңа білімді меңгерту |
||
|
Пәнаралық байланыс: |
Қазақ тілі, Дүниетану, Еңбекке баулу |
||
|
Сабаққа қолданылатын педагогикалық технологиялар: |
Түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық. Дамыта оқыту, ізгілендіру технологиясы |
||
|
Оқыту құралдары: |
АКТ, компьютер, интерактивті тақта, Оқу -әдістемелік кешендер, плакаттар |
||
|
Сабактың барысы: |
Мұғалімнің қызметі |
Оқушының қызметі |
Күтілетін нәтиже |
|
І. Ұйымдастыру бөлімі: |
Мұғалімнің амандасуы, жоқ оқушыларды түгендеу, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының хал -жағдайын сұрау. оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру. Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту. Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеу. Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту. |
Амандасу; оқу-құралдарын дайындау, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының өзінің хал – жағдайын айту. кезекшілік міндеттерін атқару; Өзара сыйластық, бір – біріне жақсылық тілеген тренигке қатысады. Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады. |
Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды. |
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: |
|
Оқушылар кезекпе –кезек жаттаған өлеңдерін айтып береді. |
Үй тапсыпмасының тиянақты орындағанын көрсетеді. |
|
ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа дайындық. |
Отаның берік болса, жауың алмайды.
Құт – береке - атаң қымбат, Туып - өскен елің қымбат
|
Мақалдың жалғасын табады 1.Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды. 2.Отан от басынан басталады. 3.Алтын ұяң - Отан қымбат , Құт – береке - атаң қымбат, Туып - өскен елің қымбат |
Сабаққа белсене қатысады. Қызығушылықтарын көрсетеді. Сөздік қорларын молайтады. |
|
ҮІ. Оқушының біліміне сүйене отырып жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру: |
«Мен қалай жазушы болдым» Аударған: Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында — Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. |
Авторлар туралы мәлімет алады |
Бұрынғы білімдерін толықтыра түседі. |
|
ҮІ. Жаңа материалды мұғалімнің көмегімен бекіту: |
Мәтінді кезектесіп жүргізіп оқып мазмұнын айтамыз.
Сөздікпен жұмыс: Шарапты тию- Тәнті болу- Ғылым – зоолог- Күпшек- |
Мәтінді кезектесіп жүргізіп оқып мазмұнын айтады. Сұрақтарға жауап беріп мказмұнын ашады. Сөздікпен жұмыс: Шарапты тию- қайырымы, шапағатты тию Тәнті болу- риза болу. Ғылым – зоолог- жануарларды зерттеуші ғылым Күпшек- арба доңғалағының білігін кигізетін ортасындағы бөлігі |
Сұрақ-жауап арқылы мәтіннің мазмұнын меңгереді. |
|
ҮІІ. Жаңа материалды өз бетімен бекіту: |
Тест 1.Зверевтің жазушы болуына ықпал еткен адам? А. Анасы В. Достары С. әкесі Д. Ертекшіл әжесі Е. Ұстазы 2. Мектепте балаға «бес» қоюының себебі А. Грамматикалық қателігі өте көп. В. Өте көлемді С. Грамматикалық қатесіз Д. Әдеби тұрғыдан өте жақсы жазылған Е. Ертегімен ұштастыра білген 3. 25 жыл атқарған жұмысы А. ғалым- зоолог В. сыбызғышы С. жазушы Д. ақын Е. драматург 4. 1929 жылы жарық көрген кітабы А. «Ақ марал» В. «Ай марал» С. «Құмыра» Д. «Жартас» Е. «Ақ шағала» 5. Табиғат жайындағы жарияланған кітап саны: А. 125 В. 120 С. 220 Д. 20 Е. 80 |
Тест сұрақтарына жауап береді. |
Жұмбақты шешіп, тапсырманы орындау арқылы сабақты түсінгенін көрсетеді. |
|
VІІІ. Үйге тапсырма Бағалау |
Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын сипаттау Туған жердің табиғатынан өзің байқаған қызықты бір оқиғаны әңгімелеп жаз. -Бүгінгі сабақ түсінікті ме? -Ендеше, сабақ аяқталды! - Сау болыңыздар! |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. -Ия, түсінікті! -Ия! -Сау болыңыз! |
Үй тапсырмасын орындау арқылы бүгінгі тақырыпты түсінгендерін байқатады. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген