400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Н дыбысы мен әрпі. 2 саны және цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
Н дыбысы мен әрпімен танысу. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға «н» дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіре отырып, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:М-С.Бабажанов ат.ЖОББМ Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы мен әрпі. 2 саны және цифры

Дефектолог-мұғалімі: Имангалиева Л.Н.

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Н дыбысы мен әрпімен танысу. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға «н» дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіре отырып, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру. 2 саны және цифрымен таныстыру.


Сәлемдесу

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

1.Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- Салеметсіздер ме, балалар?!

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- Күз мезгілінде болатын өзгерістерді айтайық.



Сұрақ –жауап. Суретпен жұмыс

2. Негізгі бөлім


№1. Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса,баспаңдар!

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!- өлең не туралы айтылады?

-Нан

-Осы нан дастарқанға қалай келеді?



3.Шығармашылық жұмыс

Сабақты «Ас атасы - нан» деген әңгімемен бастау.
«Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
—Мынау өсіп тұрған не? — деп сұрады.
—Наужан, бұл пісіп тұрған - нан, - деп, жауап берді әжесі.
—Нан болса, таба наны қайда?
—Таба нан да осы дәннің ішінде.
—Ал тоқаш ше?
—Ол да осы дәннің ішінде.
—Бауырсақ ше?
—Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.
—Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып
тұр? — деп Науан таң қалды.
«Ас атасы — нан, нан атасы — дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, — деді әжесі.
 Мәтін бойынша презентацияны пайдалана отырып әңгімелеу.


Ойын. Бояу түсіне қол тигіз.

Барысы: балалар қазір мен сіздерге ішінде бояу түсінің бір түрі бар сөйлем айтамын. Сіздер сол түсті тауып, 1, 2, 3 дегенде сол затқа қолдарыңызды тигізулеріңіз қажет.

  1. Орманда ақ қоян жүгіріп жүрді.

  2. Ғарышқа сұр түсті ракета ұшта.

  3. Қысы-жазы көк түсті.

  4. Аспанда жарқырап сары түсті күн тұр.

№2. Екі затты көрсету арқылы, 2 саны және цифрымен таныстыру.


  1. Сергіту сәті

1, 2, 3
Дем аламыз жинап күш.
«5»- тік баға аламыз
Қуанып үйге барамыз.


  1. Қорытынды

  • Балалар бүгін қандай тақырыппен таныстық?

  • Қандай санды өттік?


Сабақты қорытындылауОқушыларды мадақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі