Н н әрпі ,Нанның дастарханға келуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Н н әрпі ,Нанның дастарханға келуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың білімділік мақсаты: Н әрпі мен өткен әріптермен тапсырмалар орындату ,нанның дастарханға келу жолын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы : Н н әрпі ,Нанның дастарханға келуі

Сабақтың білімділік мақсаты:

Н әрпі мен өткен әріптермен тапсырмалар орындату ,нанның дастарханға келу жолын түсіндіру.

Сабақтың коррекциялық мақсаты:

Компьютермен ,үлестірме карточкамен, кеспе әріптермен жұмыс барысында ұсақ-қол моторикасын дамыту.

Е.А.Стребелева мен Н.А. Каратаеваның ойлау процесін дамытудағы әдістемесі А.К. Аксенованың " Жоғалған әріптер" әдістемелерімен көзбен көріп, есте сақтауы мен зейінін дамыту. Белсенді сөздік қорына: комбайн,диірмен ,наубайхана,масақ,зауыт,дихан,егістік сөздерін қосу.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа,еңбексүйгіштікке,нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, кеспе әріптер ,слайд тапсырмалар

Пәнаралық байланыс:айналамен танысу, ана тілі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,тапсырмалар,ойын.

Сабақтың түрі : қайталау сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен, қонақтармен сәлемдесу

Балаларды сабаққа дайындау слайдпен жұмыс күз бейнесін сипаттау (слайд арқылы)

балалар аспанда не бар ? (бұлт)

тағы не бар ? (күн)

айналамыз қандай?

Ауа райы қандай болса да біз бүгінгі күнді ерекше көңіл -күймен бастаймыз!

Балалар бүгін қай күн ?

Желтоқсан айының 7 жұлдызы

Жылдың қай мезгілі ?- қыс мезгілі

қыс мезгілінің қай айы ? -желтоқсан айы

қыс мезгілінің алдында қандай мезгіл ? -күз

Күз айларын атайықшы ? қыркүйек,қазан,қараша жарайсыңдар

Күз мезгілінің қандай ерекшелігін білеміз?

Өткен сабаққа шолу

І. "Миға шабуыл"-стратегиясы

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді ? - 2 ге

2.А әрпі қандай дыбыс? - дауысты дыбыс

3.А әрпінен басталатын кез келген сөз - алма,айна

4.Қандай дауыссыз дыбысты білесің ? - Г,Т,Н ,Б

5.Гүл сөзінің бірінші әрпі - Г

6.Әліпбидегі 1 әріпті ата - А

7.Алма сөзінде неше дыбыс бар ? -4

8.Аптада неше күн бар? - 7

9.1 жылда неше ай бар ? -12 ай бар

10.Ананас сөзінде неше н әрпі бар ? 2

11.Күз мезгіліндегі жапырақтың түсі ?-сары Жарайсыңдар!



ІІ.Суретті карточка - "сөз ойла-тез ойла" суреттегі сөздің аты,оның бірінші әрпін ата, оны тақтаға жаз.

ІІІ.Кеспе әріптер : Сөз құрастыру, бас әрпін атау.

ІV. Зейін дамытуға арналған тапсырма (слайдпен жасырынған суретті тап)

V. "Жоғалған әріптер " компьютермен жұмыс жасау

...а... а...а ба...а... кү... тү... дә... а...а...ас ...ар

VІ. Сергіту сәті (жұмбақтар шешу)

1.Екі аяғы бар,

Көлденең таяғы бар ж: А әрпі

2.Екі тіреу, басқышы біреу ж: Н әрпі

3.Күрең қызыл түсі бар

Тағамдардың асылы

Қуат берер күші бар (нан)

Ал балалар сендер күнделікті асханадан ас ішкенде осы нансыз тамақ ішпейсіңдер я.Өйткені нанның орны ерекше ,осы нанның біздің дастарханға қалай келетінін білеміз бе ?Біз бүгінгі сабағымызда осы нанның қалай жасалатынын білетін боламыз.

VІІ . Жаңа сөздер: дихан, масақ,бидай,комбайн,диірмен,зауыт,ұн,наубайхана

Слайдпен жұмыс: Күзгі егістік көріністерін сипаттау ,күзгі тіршілік ,

наубайхана жайлы, нанның жасалып дайындалуы әңгімелеп суреттеу

Жапырақ біткен сарғайып,айнала алтын түске боялып табиғаттың ерекше болатын мезгілі күз екенін біз білеміз я балалар.Күз мезгілінде күн салқындап , жауын шашын жиі жауады.Күн қысқарып, түн ұзарады.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күз мезгілі дихандардың жыл бойғы еңбегі бағаланатын ,астық мол болатын,көкөністер мен жемістер пісетін берекелі уақыт. Дихандар көктемде жер жыртып дән сеуіп ,жаз бойы еккен егінін күтіп , баптаптайды.Күз болғанда комбайнмен орылып,қамбаға жиналып,диірменге жөнелтіледі. Бидайдан ұн жасалса ,ұннан ас атасы -нан жасалады.Ұннан тағы басқа да көптеген тәттілер жасалады.Нан біздің дастарханымызға оңай жолмен келмейді.Тұқым болып егілгеннен бастап ,дастарханымызға жетем дегенше қаншама адамдардың маңдай тері төгіліп бейнеттенеді.Ол қажырлы еңбекті,сабырлықты талап етеді.Халқымыз нанды ерекше құрметтейді.Нан- дастархан байлығы ,Нан бар жерде, ән бар деп бекер айтылмаған.

VІ .Видеролик " Бір үзім нан ертегісі" ( Баланың өз біліміне сүйену)



нан қадірі жайлы тақпақ :

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар



Мына өлең нан туралы екен,нанды, оның қиқымын қастерлеу нанды ысырап етпеу жайлы айтылған .Балалар біз бүгінгі сабағымызда нанды қадірлеуді және оны ысырап етпеуді айттық.Бұдан былай күделікті өмірде нанды қастерлеп, қиқымын шашпаймыз ия.

Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналды?
Сонымен ас атасы қандай тағам?

Бидайдан не алынады?

Бидайды немен орады?

Егін егетін адамдарды кім деп атаймыз?

Күзді неліктен берекелі ай деп атайды?

VІІ.Сабақты қорытындылау .

Сабаққа жақсы араласқан балаларды мадақтау





















"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"











Ашық сабақ

Сауат ашу



Тақырыбы: Н әрпі , нанның дастарханға келу жолы

Дефектолог : Қазыбекқызы Гүлзия

Тобы : " Жұлдыз"













Қызылорда 2016 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2018
478
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі