Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Нағыз байлық 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға еңбекпен байлықты ажыратып білуді үйрету үшін.Ақша қалай ұстауын білуді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Нағыз байлық»

Мақсаты: 1) Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру;

2) Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын арттырып, дұрыс сөз қолданыстарын қолдана білуге үйрету;

3) Адам баласы үшін ең қажетті нәрсенің, нағыз байлықтың не екенін үғындыру.



Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, үлестірме материалдар, слайдтар,

интерактивті тақта.

Сабақтың технологиясы: «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы»



Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі.



Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг

  • Біз қандай баламыз?



Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз

Біз - талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.



2. Үй тапсырмасын тексеру.



1-топ. Сахналау. «Қожанасыр мектепте»

2-топ. Сахналау. «Төрттен төрт алса, не қалады?»

3-топ. Қожанасырға сипаттама.

4-топ. Қожанасырға хат.



3. Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту кезеңі. «Ой қозғау»

- Қазіргі заманда адамға жақсы өмір сүру үшін не қажет деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабынан кейін)

Д остық Байлық Ақша

Д енсаулық Адамға қажет Мейірімділік

Б ілім

Машина Үй Сүйіспеншілік



ІІ. Мағынаны тану

Ендеше біз бүгін жақсы өмір сүру үшін ең алдымен не қажет екенін білетін боламыз.

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу. «Нағыз байлық»

  2. Жанұялық топтарға бөлінген балалар кілең 1-лер, 2,3,4 болып топтасып отырып, өзіне тиісті бөлімді оқып, талқылайды.

  3. Жанұялық топтар орындарына қайтып келіп, топта түсіндіреді.



Топ атаулары:



  1. «Сүйіспеншілік» тобы

  2. «Табыс» тобы

  3. «Байлық» тобы

  4. «Бақыт» тобы



4. Топқа сұрақтар (мұғалім)

1-топқа - Сүйіспеншіліктің қандай артықшылығы бар?

2-топқа - Адамды сыйлап, жақсы көрсең, басқа да қасиеттер өзінен-өзі

келетінін отбасында кім білді?

3-топқа - Баланың анасы неліктен көзіне жас алды?

4-топқа - Отбасы мүшелері бақытты ма?



От басы бақытты болды дәлелдеу

1-топ Анасы бақытты, өйткені ... (постермен жұмыс)

2-топ Бала бақытты, өйткені ...

3-топ Әкесі де бақытты, өйткені...

4-топ Осы үш қонақтың қайсысын өз үйлеріңе шақырар едіңдер? Неге?

ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі.

  1. Осы мәтіндегі негізгі ой қандай?



Сү йіспеншілік болса табыс келеді байлыққа кенеледі

  1. Эссе жазу. «Нағыз байлық деген не?» (сызбаға сүйене отырып)



Д остық Мал Ақша

Д енсаулық Байлық Мейірімділік

Б ілім

Машина Үй Сүйіспеншілік





Ме нің ойымша, «нағыз байлық» деген , себебі...





  1. «Автор орындығында» әр топтан ең үздік эссені оқу.



  1. Сабақты қорытындылау.



Білімің болса басында,

Кәсіпті үйрен жасыңнан

Еңбекпен тапқан табысың,

Байлық боп келер қасыңа.





  1. Бағалау.



  1. Үйге тапсырма.

‹ ›



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
769
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12