400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Н.Әлімқұловтың «Апорт алмасы» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға тақпақты асықпай, жатқа айтуға үйрету; Үлгіге сүйене отырып сұрақтарға жауап беруге тәрбиелеу; Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөздік қорын молайту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Н.Әлімқұловтың «Апорт алмасы» өлеңі

Мақсаты: балаларға тақпақты асықпай, жатқа айтуға үйрету;

Үлгіге сүйене отырып сұрақтарға жауап беруге тәрбиелеу;

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөздік қорын молайту;

Қажетті құрал- жабдықтар: жемістер, алма ағашы, апорт ағашы.


Сабақтың барысы:

Тәрбиеші :

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ!Бүгін біздің балабақшамызға қонақтар келіп отыр.Бәріміз қонақтармен амандасайықшы!

Балалар қонақтармен амандасады.


Шаттық шеңбер.

Армысың алтын күн!

Армысың көк аспан!

Армысың жер ана!

Қайырлы таң балалар!


Балалар орнына отырады

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ? Күз


Күз айларын атайықшы.

Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күзде не піседі ? ( жемістер мен көкөністер)

Балалар күзде күн салқындайды дедік, сондықтан жылы киініп денсаулығымызды күтуіміз керек. Ауырып қалмас үшін нені көбірек жеуіміз керек?(дәрумендер)

Иә, дұрыс айтасыңдар дәрумендер жеуіміз керек. Ал дәрумендерді қайдан аламыз?

Дұрыс, жемістер мен көкөністерде біздің денсаулығымызға пайдалы

өте көп дәрумендер бар екен.

Дәрумендерді орысша не деп айтамыз.

- Дәрумен-витамнн


Топқа қолында себеті бар Қызылтелпек келеді. Тәрбиеші балалардың назарын Қызылтелпекке аударады.

-Балалар, бізге бүгін Қызылтелпек келіп отыр екен.

Қызылтелпек :

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бұл қай топтың балалары екен? Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, тыңдап жауабын тауып көріңдер!


Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

/Алма/

-Жарайсыңдар балалар , жұмбақтың жауабын дұрыс шештіңдер!


Слайд тамашалау.

Жемістедің суреттерін көрсетіп, олар туралы айтқызады.Бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.


«Қандай жемісті алдың?» дидактикалық ойыны

Үстел үстінде /муляждар, ұсақ заттық суреттер/ тұрады, Балалар 1-2 ұнаған жемістеді алып, қандай жеміс алғанын айтып беру керек.

Мысалы: Алма-дөңгелек, сары, үлкен, бақта өседі.Алмадан тосап дайындайды.

Өлең тыңдаймыз.

Н.Әлімқұловтың «Апорт алмасы» өлеңін оқып, түсіндіреді.

Апорт

Апорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін?!

Апорт деген тәтті алма,

Ол өседі бақтарда.

Алатауда өседі ол,

Оған тең жоқ деседі ел.

Өлеңді оқи отыра, ойын іс-әрекеттерімен қимыл жасап отырады және алдын ала дайындалған суреттерді пайдаланады.Жетекші сұрақтар арқылы шығарманы талдайды.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су қуйғанда өседі.


Қызылтелпек :

Балалар менде тәтті апорт алмалары бар.Егер менің тапсырмамды орындасаңдар сендерге сыйлаймын.

«Алма ағашынан алма жинау» дидактикалық жаттығу.

Қорытынды.

Балалар қандай жеміс туралы тақпақ жаттадық?

Алма қайда өседі екен?

Алмада қандай дәрумен түрі бар?

Сендер алма туралы жақсы айттыңдар,тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Енді сендерге Қызылтелпектің беріп жіберген сыйлығын табыс етемін


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі