|
Мотивациялық
қозғаушы
Ұйымдастырушы-ізденістік
Рефлексиялық-
түзетуші
|
Шаттық
шеңбері
Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз,
Баршаңызды
құрметтеп
Бас иеміз
біз!
Армысың күн
Анамыз,
Бүгін біз
қуанамыз.
Дастарханда әр
үйдің
Болсын ыстық
нанымыз.
Балалар үстелдегі суреттерді
алып, суретке қарап ізгі тілектерін
білдіреді.
Жұмбақ
жасыру:
-
Асты тас, үсті
тас,
Ортасында піскен
ас.
-
Ұзын мұртты сарылар, Қойынында
наны бар.
-
Балалар біз күнде ақ нан, қара
нан, тәтті бөлкелер, печеньелер, торттар жейміз. Бұлар неден
жасалатынын білесіңдерме
?
-
Ал, ұнды неден алады
?
-
Ұнды мына ыдыстағы дәндерден
алады.
Барлығың мұқият қараңдар.
Барлық дәндер бірдей ме ? Мына дөңгелек дәндер – бидай, ал сопақ
дәндер арпа. Бидай мен арпа дәнді дақылдар. Бидайдан ақ нан,
арпадан қара нан дайындалады. Нанды біз күнде жейміз, әрқашан
дастарханымызда нан тұрады. Ас атасы – нан, нан атасы – дән, деген
екен дана халқымыз. Балалар, нан береке бастауы демекші, бүгінгі
оқу іс-әркетімізді нан туралы тақпақтан
бастасақ.
Нан - ардақты адал
ас,
Кәрі жас одан
аттамас.
Нандай жоқ қой асыл
дән,
Жеп үйренген
жасыңнан.
Дастарханнан нан
кетсе
Береке кетер
асыңнан.
Ей балалар,
балалар,
Болмаңдар сірә нанға
тар.
Өмірдің алтын
арқауы,
Бар қасиет нанда
бар.

Даланың
арынан
Даланың
таңынан
Даланың жанынан
өседі
Нан жемісі ол
кешегі.
Нан –
өмір,
Жеміспен алып келген
кешегі.
Нанға пірім
деп,
Жырым деп
табынам.
Нанда өмірдің иісі мен дәні
бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары
бар.
Нан өмірдің ана сүті
арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні
бар.
Нан қиқымын
шашпаңдар,
Жерде жатса
баспаңдар.
Теріп алып
қастерлеп,
Торғайларға
тастаңдар.
Еліміздің құдіретін асырып
тұрған
Менің
де,
Сенің
де,
Оның да мерейін үстем қып
тұрған
Ол – нан
!
-Ал, енді осы қасиетті нан
дастарханға қалай келеді екен. Ерте көктем келуімен адамдар
трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды.
Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі
сеуіп, жаз бойы егін басында жүреді. Егін піскенде оны адамдар
комбайнмен жинауға кіріседі. Күндемей, түндемей егін алқабында
жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады.
Диірмен бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа
салып, вагондарға тиеп қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа
салынған ұн наубайханаларға
апарылады.

Наубайханада ұннан қамыр илеп,
пеште нан пісіріледі. Содан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар
нанды сатып алып, дастарханға қояды. Көрдіңдер ме балалар, нан
дастарханға оңай жолмен келмейді
екен.
Нанның келу жолында қандай
мамандық иелері еңбек етеді
екен.
Сергіту
сәті.
Жайқалады ақ
бидай,
Басын иіп
аққудай.
Трактормен
комбайн
Жүргізуге мен
дайын.

Билингвизм: нан- хлеб, бидай –
пшеница, ұн – мука.
Тийым
сөздер:
-
Нанды бір қолмен үзуге
болмайды.
-
Нанды төнкеріп қоюға
болмайды
-
Нанды аяқ астына
тастамаңыз.
-
Нанды сатып алғанда таза
дорбаға салыңыз.

Шығармашылық
жұмыс.
Ғажайып
сәт.
Наубайшы келеді. Балаларға
дайын қамырдан нан, бауырсақ жасауды үйретеді. Балалардың жасаған
нандарын пісіруге алып
кетеді

Ертегі
сахналау.
«Қасқыр, түлкі және
дихан»

-
Нан болса ән
болады.
-
Тістем нанның
қадірін
Тарыққанда
білерсің
-
Қоныс көркі –
там,
Дастархан көркі -
нан.
-
Нан тамақтың
атасы
Ынтымақ көптің
батасы.
-
Ащы еңбектен тәтті
нан.
-
Ақ қар көп
болса,
Ақ нан көп
болады.
«Бауырсақ»
өлеңі
Дастарханда
шашылып,
Жатты қызыл
бауырсақ.
Бауырсаққа
қызығып,
Қарап тұрып, көзін
сап:
Қайдан келдің бауырсақ, деп
сұрады қуыршақ.
Дүкеннен келдім нан
сатқан.
Дүкеннен келдің қай жақтан
?
Наубайдан келдім ұн
жапқан.
Наубайға келдің қай
жақтан

Диірменнен келдім ұн
жапқан.
Диірменге келдің қай жақтан
?
Даладан келдім кең
жатқан.
Жер анам менің
көсілген.
Диқандар мені
өсірген.


Қорытындылау
тойдың сәні әнменен , демекші
енді қонақтарымызға наннан ауыз тигізейік. Біздің халқымыз
қонақжай, үйге келген қонаққа нан ұсынамыз. Нан дастарханға
оңайлықпен келе ме екен ? сол үшін нанды қастерлеуіміз, ысрап
қылмауымыз керек. Алдыңызға келген нанды тауысып жеп, оның қоқысқа
кетуіне жол бермеуіміз керек. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекет
сендерге ұнады ма ? Не ұнады
?
Балаларды мақтау қағазбен
марапаттау

|
Балалар шеңбер жасап, өлең
жолдарын іс- әрекетпен
орындайды.
Аспанымыз ашық
болсын.
Нанымыз көп
болсын.т.б.
Құрбанбай
Мунира
Пернебай
Кәмшат
Атаханова
Рано
Бекзатова
Жасмина
Адылхан
Бақдаулет
Зайырұлы
Тимур
Диқаншы, тракторшы, комбайншы,
жүргізуші, диірменші, наубайшы,
сатушы
Балалар іс қимылмен
орындайды.
Балалар
қайталайды.
Закирова
Асел
Тайрова
Шахзада
Балалар нан жасауға
кіріседі.
Қасқыр – Рахымжан
А
Түлкі –Закирова
А
Дихан - Нұртай
Д
Азатылла
М
Азатылла
Т
Еркинова
Диана
Алим
Аида
Рустемова
Асал
Балалардың
жауаптары
|