жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Нан дастарханға қалай келеді?»+ «Бидай»
Білім беру саласы: Таным
Кіріктірілген сабақ: Шығармашылық
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:Жаратылыстану+Сурет
Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»+ «Бидай»
Мақсаты:Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен , қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Бидайды жаңаша әдіспен қағаз бетіне салу арқылы, ұқыптылыққа баулу, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі:Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Дамытушылығы:Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең, нақыл сөз, мақал-мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Жаңа сөздер:Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан,элеватор.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,тақпақ,тиым сөздер,сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар:Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, ойынға дидактикалық құралдар,ұн, видео ролик, слайд.
Шаттық шеңбері:
Бақыт деген осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып
Тұрайықшы кел бері
Бақыт деген
Көрмей қалса сағынып
Мені іздейтін
Адал жүрек сендегі
Кіріспе бөлім:Әңгіме-Сұрақтар.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктемде күн жылынады, құстар ұшып келеді,талдар бүршік жарады,жер көгере бастайды, жылғалардан су аға бастайды, адамдар жұқа киіне бастайды, жаңбыр жауа бастайды;
-Дұрыс айтасыздар балалар!
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай.
-Қане айтайықшы.
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-Ал балалар 1айда неше апта,бір аптада неше күн бар екен,айтып кетейік!
-1айда ң апта бар,1аптада .күн бар.
-Балалар ашық оқу қызметін бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасығым келіп отыр.
Жұмбақ:
Үсті тас,
Асты тас.
Ортасынды піскен ас (таба нан)
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар (Бидай)
-Дұрыс таптыңдар балалар осы нан мен бидайды не байланыстырады деп ойлайсыңдар?
-Себебі нан бидайдан жасалады.
-Дұрыс, балалар қараңдаршы нанның бірнеше түрі бар екен:ақ бөлке,қызыл күрең тоқаштар,сап-сары бауырсақ,батон,қара нан т.б бар екен.Ал осы нандарды неден пісіреді?
-Ұннан.
-Енді сол ұн қайдан шығады соны білесіңдерме?
-Бүгінгі ашық оқу қызметімізде біз ұнның қайдан шығатынын,нанның дастарханға қалай келетіндігін білетін боламыз.
-Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді.Оны диқаншылар күтіп баптайды.Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып,зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады.Күн демей,түн демей егін алқабында егін жинаумен болады.Өсіп шыққан бидайды комбайншылар орып,машиналарға салып береді.Көліктер оны элеваторға тасиды.Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады.Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады.Ұнды қапқа салып вагондарға тиеп,қалалар мен ауылдаға жөнелтеді.Қапқа салынған немесе дайын болған ұнды наубайханаларға апарылады.Наубайханада ұнның әр түрлі сортынан нанның түрлерін пісіреді.Наубайханадан дүкендерге жіберіледі.Дүкеннен адамдар сатып алып,дастарханға қояды.
-Міне балалар біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Видео ролик көрсету(нанның дастарханға келу жолдары)
-Сонда нан дастарханға оңай жолмен келе ме екен?
-Жоқ әрине көптеген адамдардың маңдай терлерінің арқасында келеді.
Дидактикалық ойын: «Нанның дастарханға келу жолдарын табу»
Ойынның барысы:
Бингвальдік компонент:
Астық-мука,нан-хлеб,бидай-пшеница.
Сергіту сәті
Көктемде жерді жыртамыз Қимылмен көрсетеді.
Тегістейміз тырмалап
Дәндерді оған саламыз
Жайқалып көктеп шықсын деп
Күз болғанда орамыз
Нанға біздер тоямыз.
Тәжірибелік жұмыс.
Бидай дәнінен ұнның жасалу жолын көрсету.
Ғажайып сәт.
Наубайшы келеді.
-Сәлеметсіздерме балалар!Мені таныдыңдарма?Мен сендерге ұннан қамырды илеп,нанды қалай пісіру жолдарын көрсетемін.
- Сәлеметсізбе, қош келдіңіз!
Балалар назарын наубайшы апайға аударады.Дайын болған қамырды наубайшы апай пісіруге алып кетеді.
Наубайшы апайдың наны пісіп дайын болғанша біздер қонақтарға нан туралы тақпақ,мақал,нақыл сөздерімізді айтайық.
-Қане кім айтады?
Айша:
Нан ардақты адал ас
Кәрі жас одан аттамас
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасынан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ислам:
Из чего печется хлеб
Что едим мы на обед
Хлеб печется из муки
Что дает нам колоски
Жансая:
Нанда өмірдің иісі мен дәні бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар
Нұрайлым:
Ас атасы-нан
Нан атасы-дән.
Аруна:
Нанды бір қолмен үзбе.
Али:
Нанды жерге тастама.
-Жарайсыңдар балалар !
Наубайшы апай дайын болған нанымен тәтті бауырсағын балаларға көрсетіп,ұсынады.
Балалар рахмет айтып наубайшы апаймен қоштасады.
-Балалардың назарын бидайдың суртіне назар аударта,
Мынау бидай,бидайдың ұзын сабағы,ал мынау ұзын мұртшалары.Егер мына бидайдың сыртындағы қауызын ашитын болсақ,ішінен мынадай бидай шығады.(бидайды көрсету қолдарымен ұстатып).Бұл дәнді ұнтақтасақ ұн пайда болады.оны тәжірибелік жұмысымызда көрдік.
-Балалар алдымыздағы құралдарымызды алып осы бидайды суреттейік.
-Балалар әуелі маған мұқият қараңдар. (суреттің салу жолдарын көрсету)
Балалар өз беттерінше бидайды суреттейді.
Тапсырманы орындап болған балалар суреттерін тақтаға іліп,көрме ұйымдастырамыз.
-Суреттерін тамашалау.
Қорытынды жобалау:
-Балалар бауырсақ,тәтті тоқаш,батондар біздің дастарханға келу үшін қандай жолдардан өттік.
-Балалар өз ойларын айтады.
-Сол үшін қаншама адам жұмыс істеп тер төкті,қане атап өтейікші.
-Тракторшылар,комбайншылар,шоферлер,қырманшылар,наубайшы,дүкеншілер.
-Сондықтан қаншама адам күні –түні еңбек етіп тер төккен қасиетті нанды қадірлеуіміз,қастерлеуіміз керек.
Балалар бірге:
Көктемде егін егетін
Күзде жиын беретін
Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды.
-Біздің еліміз-Қазақстан Республикасы ең бай,ең құдыретті ел.Нан тіршіліктің ,өмірдің алтын қазығы.Нан береке,нан байлық.
Бұл – бидай масақтары біздің мемлекеттік елтаңбамызда да бейнеленген. (суреттін көрсету)
Біздің қазақ халқы қонақжай,үйге келген қонаққа біз не ұсынамыз?
-Иә нан бауырсақтан ауыз тигіземіз. (қонақтарға бауырсақтан ауыз тигізу)
Бүгінгі ашық оқу қызметі аяқталды.
Сау болыңыздар!(балалар бірге қоштасу)
|
Аланова Айшат |
|
Аманғали Әділ |
|
Арғынғазы Сезім |
|
Асылбек Бейбарыс |
|
Абаева Камила |
|
Абдраева Амир |
|
Аманқосқызы. А |
|
Бекенұлы Санжар |
|
Бақберген Бекарыс |
|
Жанұзақова Лайана |
|
Жетпісұлы Алихан |
|
Жастілеков Ердос |
|
Ермек Қайсар |
|
Есенғали Даулет |
|
Еркінғали Лейла |
|
Ерали Даниял |
|
Избасарова .Ж |
|
Қайрат Нұрали |
|
Қайырғали Айша |
|
Марат Еңлік |
|
Маратова Назым |
|
Мейырман Гүлсая |
|
Рахымжан Айсезім |
|
Ришатұлы Данияр |
|
Ризабекқызы.І |
|
Саматұлы Сұлтан |
|
Сағынбай Әдемі |
|
Сагинбаев Радмир |
|
Садыков Арслан |
|
Сагидуллина Диана |
|
Ораз Асия |
|
Өмірбек Сезім |
|
Тастанова Асем |
|
Тұрмысбекқызы.Т |
|
Утепбергенова.А |
|
Узакбаев Адиет |
|
Ысмайылхан.Е |
|
Шелденова Фатима |
|
Шынтас Адина |
|
Хамит Бексұлтан |
|
Мұхамбетрахим.М |
|
Бахыт Ясмин |
|
Максот Темирлан |
|
Ескужин Тамерлан |
|
Ескужин Томирис |
|
Қажымұрат Аяна |
Тексерілді ___________Кубденова.Ж
24.08.2017.
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру
Тақырыбы: «Керует»
Мақсаты: Балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру,текшелерден құрастыру арқылы белгілі бір затты жасауға болатынын түсіндіру .
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ- жауап,әңгімелесу.
Қолданылатын құралдар: құрылыс материалдар, суреттер.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық Қозғаушылық
|
Біздерде бар қуыршақ, Бұзау қозы құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Әмір беріп бұйырсақ.
|
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. |
|
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру |
-Балалар бүгінгі оқу қызметімізде жиһаздар туралы әңгіме айтамыз. Үй жиһаздарының қайсысын бірінші жасауға болатынын сұрау, орындықты жасап көрсетеді де балаларға құрастыруды ұсынады, үстелді жасап көрсетеді, құрылыс материалдарын қалай пайдалану керек екендігін түсіндіреді. Жиһаздарды үйлестіріп орналастыруға мән береді. Біз бүгін балалар орындық жасадық. Ол орындыққа қуыршағымызды отырғызып ойын ойнаймыз. Оларға қосымша құрақ көрпешелер немесе кішкене кілемдер беріп ойынды ойнауды дамытады. |
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. -Орындық,диван,стол. Балалар өз жұмыстарын тәрбиешімен бірге мұқият орындайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Балалардың жасаған құрылыстарын: үстелді, орындықты, төсекті жасағанда құрылыс материалдарын қалай орналастырғанына көңіл бөліп, мадақтап ,қорытындылайды. |
Әр балаға өзінің жасаған жұмыстары жайында әңгімелеп беру ұсынылады. |
Біледі: Құрылыс материалдарынан жиһаз құрастыруды.
Игереді: Орындық, үстелді жасауды.
Меңгереді: Онын көлеміне, пішініне сәйкес кеңістікті дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.
Тәрбиеші: Марданова С.У.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген