400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Нан қайдан келеді?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғажайып ағаштың пайда болуы. Балалар біздің топта ғажайып ағаш пайда болды. Ғажайып ағаш туралы өтірік әңгіме оқып береді.Баяғы өткен заманда бір патшалықтағы балабақшаның тобының балалары жерге бидайдың дәнін отырғызыпты.Ол дәнді олар терезенің алдынан тауып алыпты. Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес. Алмұртта емес, апелсинге де ұқсаматын. Нан, тоқаш,бауырсақ,печенье өсіпті.балалар болса, түскі асқа да,кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті. Проблемалық сұрақ Ал нан қалай дастарханға келеді? Оны білу үшін балалар бүгін біз әр оталықта жұмыс істейміз. Қолымыздағы фишкалар бойынша орнымызды табамыз. Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар. Әдебиет орталығы. Суретпен жұмыс Нанның дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді. -Астық жинау. Дәнді егістіктен жинау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Аққала ауылы













«Нан қайдан келеді?»

(оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы)








Тәрбиеші: Абдрахманова.Ш.А










Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Тобы:

Тақырыбы

«Нан қайдан келеді?»

Сабақтың мақсаты

1.Балаларға көрнекі құралдарды  пайдалана отырып,ертегінің мазмұның түсіндіру.

2. Нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

3.Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер:   түсіндіру,  ертегінің мазмұның ашу,сөздік жұмыс жүргізу.

Көрнекіліктер

Көрнекіліктері: нанның түрлері,бидай,комбайн,диірменнің суреттері. Сөздік жұмыс:наубайхана,диірменші,қауыз,диқан.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру




«Күлімдейік».

-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға,  ата-анамызға, апайларға  күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.

«Амандасу» рәсімі

«Өрнек» атты бақшаның

Тәрбиелі баласы

Алдыменен үлкенмен

Амандасып алады

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы таң достарым!

-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






Ғажайып ағаштың пайда болуы.

Балалар біздің топта ғажайып ағаш пайда болды.

Ғажайып ағаш туралы  өтірік  әңгіме оқып береді.Баяғы өткен заманда бір патшалықтағы балабақшаның тобының балалары жерге бидайдың дәнін отырғызыпты.Ол дәнді олар  терезенің алдынан тауып алыпты.

Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес. Алмұртта емес, апелсинге де ұқсаматын.

Нан, тоқаш,бауырсақ,печенье өсіпті.балалар болса, түскі асқа да,кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті.

Проблемалық сұрақ

Ал нан қалай дастарханға келеді?

Оны білу үшін балалар бүгін біз әр оталықта жұмыс істейміз.

Қолымыздағы фишкалар бойынша орнымызды табамыз. Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар.

Әдебиет орталығы.

Суретпен жұмыс

Нанның дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді.

-Астық жинау.

Дәнді егістіктен жинау.

Элеватор және қоймалар.

   Сөздік жұмысы :                                                 Наубайхана-нан пісіретін,нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып,ұн шығаратын кәсіпорын.Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған

 Дидактикалық ойын « Нан пісірейік»

Нан пісірудің ретін еске түсірейік.Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады.Әр түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады.

Ғылым орталығы

Бірнеше дақылдарды  үстелге қойады.

Проблемалық сұрақ

Ұнды неден және қалай алады?

                 Суретпен жұмыс

-диірменді қарау.Диірменнің түрлері. Сумен, желмен, тоқпен.

-нан пісіру процесін қарау.

       Балалардың тәжірибесіне сүйену.

Нанды қалай  пісіреді?


Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Біз дәнбіз, диқан жерге дән екті

(дән сепкен қимылды көрсетеді)

Сіркіреп, жаңбыр жауды

(қолдарын шапалақтайды)

Жер бетіне көгеріп, бидай шықты

(қолдарын жоғары көтереді)

Жайлап самал жел есті

(қолдарын ырғайды)


Балалар қимылдарды қайталайды

 Рефлексивті — түзетушілік

Шығармашылық орталық.

 Өз бетінше жұмыс.

Балалар дайын қамырдан әртүрлі нан жасайды.

Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды

Балалар,мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

Нанды неден пісіреді?Ұнды қалай жасайды?

машина. Нан туралы мақал-мәтелдер үйретіледі.

Ас атасы-нан,

Нан- тіршілік көзі,

Нан бар жерде,ән де бар.

Бағалау әдісі «Бес саусақ»

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Қасиетті нан туралы білу..

Өзіне үйренгені

Ұжымдық және жеке жұмыстың дағдылары болу.

Үйрену

 Сурет бойынша әңгіме құрастыру қолынан келуі






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі