400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Нан қайдан келеді?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне сенарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Панфилов ауданы

Үшарал ауылы

«Айгөлек» балабақша тәрбиешісі: Молдабекова Райхан Торгаевна


Білім саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Не дәмді?

Мақсаты: : а) Ненің дәмді екенің ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.

ә) Асты қадірлеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.

б) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.

Әдіс-тәсілдері: Ертегіні оқу,тақырыпқа шолу жасау,әңгімелесу,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: қоржында көкөністер мен жемістердің муляждары, үй жануарларының суреттері,электронды киіз үй.

Билингвальды компонент: жемістер-ягоды,көкөністер-овощи, үй жануарлары-домашние животные.

Әрекеттің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Балалар, бәріміз шаттық шеңберін құрайық.

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Күнге қол бұлғайық. Әрбір адам күнің көзіне қарап қуанады. Күн өзінің нұрымен жылытады,тезірек өсуімізге көмектеседі.

Балалар дөңгелене тұрып бірге айтады.

Күнге қолдарын бұлғап,күнмен амандасады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Әңгіме жүргізу.Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Иә, балалар,көктем мезгілі.

Көктем айларын атаңыздаршы?

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайық.

Көктем туралы тақпақ білесіздерме?

-Балалар жарайсыңдар!

-Балалар қараңдаршы,біздің алдымызда «сикырлы сандықша» тұр. Барлығымыз бірге, «Сиқырлы сандықша ашыл!» деп айтайық.

-Балалар,қараңдаршы оның ішінен «Киіз үй» шықты.

Бұл Электронды киіз үй:

Мұнда бір «ертегі »жазылған екен.Барлығымыз бірге тыңдап көрейік.

Педагог балаларға қайталап,әңгімелеп береді.

-Балалар,сиырдың төлін не деп айтамыз?

-Қойдың төлін ше?

-Жылқы төлін.....

Төрт-түліктің пайдасы сұралады.

-Балалар ертегі ұнады ма?

-Ал, балалар, ертегіден нені түсіндіңдер?

-Балалар,өз үйлеріңде өздерің нені жақсы көресіңдер?

-Көрдіңдер ме? Әр адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын, жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті.

Сергіту жаттығу:

Алма баққа барайық,

Алма жинап алайық,

Ең үленін дәмдісін,

Әжемізге сыйлайық.

Балалар сендер қандай жемістер мен қөкөністерді білесіңдер?

Ойын «Бұл ненің дәмі?»

Мақсаты: Жемістерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айта білуге үйрету.

Ойын шарты: баланың көзі жұмылады. Қоржынға салынған жемістерді қолдарына алып, оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек.

Жарайсыңдар балалар!

Ендеше екі топқа бөлініп шығармашылық жұмыс жасайық. Көктемде ең алғаш қай ағаш гүлдейді?

1-топ «Алманы» бояйды. (дәстүрден тыс әдісі бойынша).

2-топ Үй жануарларын өз қоректеріне сызық арқылы қосу.



Балалар өз жауаптарын береді. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Алақай ау,алақай!

Қандай жақсы көктем-ай.

Гүлге оранды далалар,

Келді ауылға көп торғай.(Інжу.)

Көктем күні керемет,

Жаңбыр жауар себелеп.

Күн ашылса болғаны,

Көлбеңдейді көбелек.


Балалар «Не дәмді?» ертегісін тыңдайды.





-бұзау

-қозы

-құлын.

Балалардың жауабы.

Ертегіні айтып

береді.



Сергіту сәтін қимылмен жасайды.


Ойынға қызығып қатысады.





Алма ағашы.



Балалар жұмыстанады.

Рефлесиялық-түзетушілік

Балалар жарайсыңдар! Бүгін біз қандай ертегімен таныстық?
Ертегі ұнадыма?

Ертегіде қандай жануарлар бар?

Белсенді қатысқан балалар марапатталады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жемістердің көкөністерден айырмашылығын айта білу;

Игереді: ертегі мазмұның түсініп,айта білуді.

Меңгереді: асты қастерлей білуді,шығармашылық тапсырмаларды орындау.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі