Материалдар / Нан қайдан келеді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нан қайдан келеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың нан өсіру жолдары туралы түсініктерін жетілдіру. Танымдық-ізденістік жұмыстарға деген талпынысын күшейту. Нанға, оны өсіріп, пісіретін адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: таным

Бөлімі: жаратылыстану

Тақырыбы: Нан қайдан келеді?


Мақсаты: балалардың нан өсіру жолдары туралы түсініктерін жетілдіру. Танымдық-ізденістік жұмыстарға деген талпынысын күшейту. Нанға, оны өсіріп, пісіретін адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.


Смарт мақсат: балалар дәнді дақылдарды өсіру жолын сурет бойынша айта алады. Дәндермен тәжірибе жасай алады. Үлкендердін еңбегің құрметтеп бағалай алады



Қолданылатың әдіс-тәсілдер: миға шабуыл, 4К модель, жұмбақтар шешу, əңгімелесу зерттеу жұмысы.

Көрнекі құралдар: əліппе-дəптер, слайд , мультфильм, түрлі түсті қарындаш, қара бидай масағы, бидай масағы, сұлы масағы. «Нанның келу жолы» тақырыбындағы суреттер.

Сөздік жұмыс: комбайн, комбайншы, ұн, бидай, қара бидай, арпа


Жұмыс

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдістер, тəсілдер)

Балалардың жұмысы

Ынталандыру-

қызығушылық

тарын ояту






Миға шабуыл:

Педагог балалардың жұмыс

істеуіне қолайлы эмоционалдық

көңіл күй қалыптастыру

мақсатында жұмбақ жасырады.

Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. ( нан)

Педагог сұрақ қояды

- Нанды неден пісіреді?

- Ұнды неден істейді?


Педагог слайд арқылы бидай түрлерінің суреттерін көрсетеді:

ақ ,қара бидай масақтары,

арпа, тары, күріш



.






Бала үні: -ұннан -бидайдан


Балалар астық дақылдарының атауларын анықтайды, өз білгендерін айтады, тақырыпқа қатысты идеяларын ортаға салады.


Ізденістік-

ұйымдастыру-

шылық


.


Педагог АКТ мульти- медиялық құралдар

көмегімен нанның дастарқанға келу жолдарын әңгімелеп айтады содан сон балалармен диалогқа шығады

4К моделі:

Коммуникативтілік: Педагог пен тәрбиеленулердің арасындағы диалог

Сыни ойлау: Балалар сұрақтарға жауап береді

Саралау: Диалог/сұрақтар қолдану


- Нанды жасау үшін қанша мамандық иелері еңбек етеді?



Проблемалық сұрақ: Балаларды «Жақсы

өнім алуға не кедергі болуы

мүмкін?» деген сұраққа жауап

табуға көмектесуге шақырады.

4К модель :

Сыни ойлау/ балалар сұраққа жауап береді

Бағалау : Ынталандыру арқылы


Зерттеу жұмысы

Бидай мен қара бидай сабақтарын қарап шығып, бір бірінен олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атап көрсетеді.

4К модель : коммуникативтілік / бір бірімен және педагогпен диалог құрады

Сыни ойлау/ педагог койған сұрақтарға жауап береді

Саралау: Нәтиже бойынша саралау.

Бақылау: Жаппай. Тәрбиеленушілердің белсенділігін. Айырмашылық пен ұқсастықтарын

Бағалау: Жұлдызшалар беру арқылы




Сергіту сəті







Педагог жетекшілігімен ойын: "Ойлан- тап!"

Шарты : Педагог балаларды шенберге жинап әр балаға доп лақтырып сұрақ қояды Балалар доп кайтарып жауабын айтады.

4К модель: коммуникативтілік /диалог арқылы

сыни ойлау/сұраққа жауап беру арқылы

саралау - сұраққа жауап алу / қолдау көрсету арқылы

Бақылау: Ішінәрә сұраққа дұрыс жауап

Бағалау: Қошеметтеу



Əліппе-дəптермен жұмыс.

(Жеке жұмыс)

Бақылау: қол моторикасын карандаштарды дұрыс ұстауын, жаппай

Қорытынды.

Дастарқанға нанның келу жолын ретімен орналастырып,үлкендердін еңбегің құрметтеп бағалайды

Бағалау: Смайлектер арқылы


Балалар диалогқа белсенді түрде қатысады.


Роликты қарап, нанның дастарқанға келу жолдарын педагогпен диалог құрып

әңгімелеп айтып береді.









Диқаншы, комбайыншы, элеватордағы жұмысшылар, наубайшы, сатушы ерінбей еңбек етіп ,халыққа қызмет жасап , нан шығарады екен.


Жақсы өнім алуға: нашар ауа

райы, зиянкес жəндіктер сынды жағдайлар

кедергі келтіруі мүмкін екенін айтады.













Балалар бидайға сипаттама береді :

кішкентай, қатты , тегіс, сұрғылт,т.б. деген қасиеттерін

атап көрсетеді. Оны өзге дақылдармен

салыстырады.



















Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды:

Жайқалады ақ бидай

Басын иіп аққудай

Трактормен комбайн

Жүргізуге мен дайын


Біздің үйімізге нан қайдан келді?

(Дүкеннен.)

Ал, дүкенге қалай түсті? (Наубайханадан.)

Бидайды егіп , күтіп – баптайтын адам-......Диқаншы Піскен бидайды жинайтын техника - ..... Комбайн Бидайдан ұн тартатын жер - ..... Элеватор Ұннан нан пісірілетін жер - ..... Наубайхана

Нанды неден пісіреді? (Ұннан.)

Ұнды неден істейді? (Бидайдан.)

Бидай қайдан алынды? (Сабақтан.)

Бидай сабағы қайдан шықты? (Егіс

алқабында өсірілді).






Бидай сабағының суретін салады.






Балалар нанның келу жолын суреттер , сандар арқылы ретімен орналастырады , нанды жасаған маман иелерін атайды үлкендердін еңбегіне құрметпен қарайды

Рефлексивтік-

түзетушілік

Тәрбиеші қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

Кері байланыс: "Бидай дәні"






Балалар бидай дәнін түсті қарындашпен бояйды:

Ештеңе түсінбедім- қызыл қарындашпен . Түсіндім,бірақ түсіндіре алмаймын-сары қарындашпен . Бәрін түсіндім,басқаға түсіндіріп бере аламын- жасыл қарындашпен



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!