400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Нан қайдан келеді?" ҚМЖ Дефектолог сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Нан қайдан келеді? тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар. Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелеу. Диқан мен наубайшылардың еңбегі жайлы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Түзету сабағы.


Мектеп: «Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Күні: 03.10-07.10

Мұғалімнің аты-жөні: Байжанова А.Ж

Сынып:


Сабақ тақырыбы

Нан дастарханға қайдан келеді?

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелеу. Диқан мен наубайшылардың еңбегі жайлы түсіндіру. «Н» дыбысын дұрыс дыбыстату. Зейінін ойлау қабілеттерін, буындарды оқу дағдысын дамыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

«Біз өмірдің гүліміз».

Зеңгір көктен                     Бал достыққа,

Нұрын төккен,                   Жолдастыққа,

Ортақ біздің күніміз.         Шақырады әніміз.

 

Жайнап өскен,                   Тыныштыққа,                     

Жайдары өскен,                 Нұр құшақта

Біз – өмірдің гүліміз.        Бақыттымыз бәріміз.



 «Нан дастарханға қалай келеді».

-         Балалар, айтыңдаршы күнделікті біздің дастарханымызда  қасиетті, қадірлі қандай тағам тұрады?

-         Сендер  ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?

-         Нан туралы қандай ертегі білесіңдер?

-         Дұрыс, айтасыңдар балалар. Бізге қонаққа

 «Нан қайдан келеді? ертегісіндегі кейіпкер тышқан келіпті, ол нанның дастарханға келу жолын айтып бермекші, қысқаша мазмұнын тыңдайық.

Ертегі: «Нан қайдан келеді?»

  Ертеде бір тышқан болыпты. Ол нан дүкеніне келіп, сөреде жаңа піскен сап – сары, иісі бұрқыраған бөлкелерді көріп, тұмсығын жыбыр – жыбыр еткізіп, бір бөлкені кеміре жей бастайды.

Сол сәтте дүкенге «Сатушы» кіріп келеді. Тышқан дереу сыртқа шығып «Апырай, мұншама нан қайдан келді екен» деген сұрақ мазалайды.


        

-         Нан, сен қайдан келдің? – дейді сыбырлап.

-         Сатушыдан сұра, - деді нан.

-         Сатушы, сатушы «Нан қайдан келеді?» – деді тышқан.

         

-         Наубайшыдан сұра – депті сатушы,

-         Наубайшы, наубайшы «Нан қайдан келеді?» – деді тышқан.

                      

Наубайханаға келеді. Мұнда көп адамдар нан пісіреді екен. Сонда тышқан наубайшыға келіп, наубайшы, наубайшы «Нан қайдан келеді?» дейді.

-         Диірменшіден сұра, - дейді.

Тышқан диірменшіге келеді. Диірмен тастары тынымсыз айналып, ұн төгіліп, көзді ашып жұмғанша қап – қап ұн пайда болды. Тышқан таңдана қарап: «Диірменші, диірменші нан қайдан келеді?» - деп сұрайды.

                 

-         Комбайншыдан сұра дейді диірменші қарт.

-         Содан тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келеді. Комбайн бидайдың сабанынан дәндерін бөліп жүк машиналарына тиейді.

-         Комбайншы, комбайншы  «Нан қайдан келеді?» деп сұрады.

-         Көктемде тракторшы жерді жыртып, тұқым себеді. Егіншілер күтіп баптайды, көп еңбек сіңіреді. Міне қалың астық – сол еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады – деді комбайншы.

Осылайша тышқан өзін мазалаған сұрағының жауабын тауыпты.

Тапсырма №1

Ертегі бойынша түсінігін сұрау.



Тапсырма №2

Қане, балалар, дәптерімізді ашып, суретке қарап, нанның дастарханға келу жолдарын, суреттің  ретін санмен көрсетіңдер.



Психологиялық ахуал

Оқушылар бірге қайталайды







Оқушы тапсырманы орындай алды.







Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

https://youtu.be/uiV7y3MTG9c


Оқушы сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Мақалдың жалғасын тап.

Нан – тамақтың  ....,            (атасы)

Ынтымақ – көптің .....,        (батасы)

 

Балалар, кім нан туралы тыйым сөздер біледі? Сурет бойынша тыйым сөз шығару.

Нанды бір қолмен үзбе.

Нанды, дастарханды баспа.

Нанды төңкеріп тастама.

Нанды аяққа баспа. 

 

 

Ал, енді балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар.         

 

 «Не жасырынғанын тап». Дидактикалық ойын.

Шарты: балаларға ұннан пісірілген нан түрлерін көрсету. Балалар көздерін жұмады, бір суретті алып тастаймын. Балалар қай сурет жоқ екенін табуы керек.

  






Кері байланыс








«Рефлексия» кері байланыс

«Смайл» әдісі


Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Смайл» әдісі арқылы білдіре алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
25.01.2023
667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі