Орал қаласы
№50 «Заңғар» бөбекжайының
Музыка жетекшісі, педагог-сарапшы
Кублашева Бибигуль Орынбайқызы.
Нан қайдан шығады?
(Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік)
Безендірілген залға балалар музыкамен кіреді.
Жүргізуші -Балалар бүгін біздің зал қандай әдемі? Қаншама түрлі-түсті жапырақтарға толы.
Жеміс-жидек піседі,жапырақтар сарғайып,
Құстар ұшып барады,жаңбыр жауып,күн суып.
Жылы киім киеміз,бақшамызға келгенде,
Бұл қай мезгіл балалар,жауабын кәне кім табар?
Балалар: Күз мезгілі.
Ән: «Алтын күз»
Тақпақтар.
Музыкамен ортаға Алтын күз шығады.Қолында құшақ толы бидай масағы.
Алтын күз: -Алтын астық алқабым
Жел аймалап тербеткен
Байлыққа толы әр бағым
Келген бәрі еңбекпен
Жаңбыры көп желімен
Сұрғылт келген мезгілмін
Келбетім жүдеу
Жүрегім жомарт мен күзбін!
-Сәл-ме балалар! Сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма?
Жүргізуші : Қош келіпсіз күз ханша.
Күз ханша:-Балалар күз мезгілі сендерге ұнайды ма? Жаңбыры көп,күннің күркірі көп. Сендер күннің күркірінен қорқатын шығарсыңдар?
Жүргізуші:О не дегеніңіз?Біздің балалар нағыз батыл,өнерлі,ақылды балалар.Олар күннің күркірінен қорықпайды.Солай ма балалар?
Балалар: Иә.
Жүргізуші:- Күз ханша сізден сұрайын дегенім қолыңыздағы не нәрсе?
Күз ханша:Бұл бидай масағы. Қауызы алтын дәнге толы. Бұл менің барлық тіршілік иелеріне, адамзатқа сыйлар байлығымның бірі.
1-бала:-Ол бидайдың бізге қандай пайдасы бар?
Күз ханша:- Балалар бидайдың пайдасы өте зор. Бидай ұнынан сендердің сүйікті печеньелеріңді, тәтті тоқаштарды, бөлкелер, нандар, макарон тағамдарын т/б жасайды.Сендер күнде жеп жүрген нанның дастарханға қандай еңбекпен келетінін білесіңдер ме? Мен сендерге «Нан қайдан шығады?» деген ертегіні айтып берейін. Мұқият отырып тыңдаңдар.
Музыкалық қойылым. «Нан қайдан шығады?»
Күз ханша: Бір күні кішкентай тышқан жүгіріп келе жатырып нан сататын дүкенге кіріп кетеді. Нанның хош иісі мұрнын жарады. Тышқан нанды искелеп, жегісі келеді. Бірақта дүкеншіден қорқып жақындай алмай тұрады. Бір кезде: «Неге мен дүкеншіден сұрамаймын, хош иісті нанды қайдан алатынын? Бәлкім сонда барып тегін тәтті нанға тоярмын»- деп ойлайды.
Музыкамен билеп дүкеншілер кіреді. Қолдарында нан бөлкелері.
Тышқан дүкеншіге жақындап: -Сәлеметсіз бе дүкенші. Осы нан қайдан шығады?
1дүкенші:- Мен нанның қайдан шығатынын білмедім.Ол бізге наубайханадан келеді.
2дүкенші: -Біз тек дайын нанды сатамыз. Сен оданда барып наубайханадан сұрап көр.
3-дүкенші: -Жолың болсын тышқанжан!
Күз ханша:-Жүгіріп тышқан наубайханаға келеді.
Музыкамен билеп Наубайшылар кіреді. Қолдарында оқтаулары.
1-наубайханашы: Сәлеметсің бе, Тышқан! Сен бұл жерде не істеп жүрсің?
Тышқан: -Сәл-бе Наубайханашы! Айтыңызшы, осы нан қайдан шығады?
2-наубайханашы: Бізге ол ұн болып диірменнен келеді . Бидай ұнынынан біздер толтырып тоқаштарн, нандар әзірлейміз.
3-наубайханашы: Сен оданда диіреншілерден барып сұра. Бір білсе солар білер. Жолың болсын тышкан!
Күз ханша: Тышқан енді диірменшілерден сұрауға кетеді.
Музыкамен билеп Диірменшілер кіреді. Бір -бір қап бидай, ұн арқалап.
Тышқан:-Сәлеметсіздер ме диірменшілер? Осы нан қайдан шығады?
1диірменші: Сәл-ба тышқан! Мен ол жағын білмедім. Ол бізге бидай болып қырманнан келеді.
2 диірменші: Сен оданда қырманшылардан сұрап көр.
Күз ханша: Тышқан енді қырманшылардан сұрауға кетеді.
Музыкамен билеп күректерін,қаптарын арқалап Қырманшылар кіреді.
Тышқан:-Сәлеметсіздер ме Қырманшылар? Осы нан қайдан шығады?
1қырманшы: Мен ол жағын білмедім. Ол бізге мәшинелермен егіс даласынан келеді.
2 қырманшы:-Біз оларды тазалап диірменге жөнелтеміз. Сен оданда егіс даласына барсаңшы. Сол жерде Диханшы ата болу керек. Білсе сол білер.
Күз ханша: Сөйтіп тышқан егіс даласынан бір-ақ шығады. Жүгіріп келе жатып Дихан атаға түйісіп қалады.
Тышқан:-Ой-ой басым. Сәлеметсіз бе! Сіз Дихан атасыз ба? Мен сізді іздеп келе жатырған едім.
Диханшы:-Амансын ба тышқанжан! Иә,мені неге іздедің?
Тышқан: Ата мен сізден білсем дегем.Нан осы қайдан шығады?
Диқаншы:-Е.е білсем деген талабың дұрыс.Бұл ас атасы-Нан. Бізге оны жер ана сыйлайды,ал диқандар оны баптап өсіреді. (Слайдтан нанның жасалу жолдары туралы суреттерді көрсету)
Диқаншы :Жер анам менің көсілген,диқандар оны өсірген.
«Еңбекпен тапқан нан тәтті» деген -Мә,жей ғой.
Тышқан:-Рахмет дихан ата.Ой неткен еңбек? Нан бізге оңайлықпен келмейді екен ғой. Енді түсіндім.Қой, оданда жөніме кетейін, тегін тамақ жалқаудың ісі. Сау болыңыз диқан ата! (кетеді)
Күз ханша:-Мінекей нан бізге оңай келмейді.Оны дихандар өсіреді екен.Енді сендер бидайдың пайдасын білетін боласыңдар.Ертегі ұнады ма?
Балалар: Иә.
Күз ханша:-Балалар сендер енді жемістер мен көкөністердің қайда өсетінін білесіңдер ме? Ендеше мен сендерге әндете сұрақтар қойып көрейін.
Ән « Жемістер жыры»
Күз ханша:-Аппорт деген алманың, таттыңдар ма бал дәмін? 2 рет.
Балалар: - Аатауда өседі, теңдесі жоқ деседі.2 рет
Күз ханша:- Өрік,өрік,өрік ше? Жауап берші ендеше. 2 рет.
Балалар: -Білеміз ғой өрікті , өседі ол бақтарда. 2 рет.
Күз ханша: -Жауабын кім береді? Қызанақ қайда өседі? 2 рет.
Балалар: -Қызанақты білеміз, бақшамыздан көреміз. 2 рет.
Күз ханша: -Алқаптағы бидайды, қашан оны жинайды? 2 рет.
Балалар:- Алқаптағы бидайды, Күз келгенде жинайды.
Дастарханда аппақ нан, сол бидайдан жасалған.2 рет
Күз ханша:Балалар өте тамаша! Мен туралы барлығында біледі екенсіңдер. Сендерге риза болдым.Менің жолға шығар уақытым болып қалыпты. Мекеніме қайтайын. Мен осы күзгі балға құр келмей сендерге өзімнің тәтті жемістерімді ала келген едім, сол жемістерді сендерге табыстағым келеді. (балаларға жемістер таратып беріледі).Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Мерекені тойладық,
Би биледік,ән салдық.-деп мерекені қортындылайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз