Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу. 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласының « Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

6.4В Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Мұғалімнің аты-жөні:

Ахмет Айман

Пән/Сынып: математика

6 Б сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Күні:

17.04.2025

Сабақтың тақырыбы:

Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Нақты процестердің графиктерін қолдана отырып, шамалар арасындағы тәуелділікті табады және зерттейді

Зерттеу сұрағы:

6 «Б» сынып оқушыларының математика сабағында мәтінді есептерді қолдану арқылы логикалық ойлауын қалай дамытуға болады?

Зерттеу мақсаты:

Оқушыларды мәтінді есептерді түсініп, оларды шешу тәсілдерін меңгеруге үйрету, мәтінді есептерді шешу арқылы логикалық дағдысын қалыптастыру.

Индикатор:

1.Мәтінді есептердің математикалық моделін құрады.

2.Шамалар арасындағы тәуелділігін анықтай алады, графигін сызады, талдау жасайды.

3. Нақты фактілер мен дәлелдерге сүйеніп, дұрыс қорытынды жасай алады.

4.Есептің шешімін талдау арқылы басқаларға түсіндіре алады.

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын түсіндіру.

Бағалау парағы түсіндіріледі.

«График детективтері» әдісі арқылы өткен білімді пысықтау.

Сызбада автосалондардың 5 жыл ішіндегі сатылымы көрсетілген. Сызбаға қарап төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Сызбада қандай тәуелділіктер көрсетілген?

  2. Қай жылда ең көп сатылым болды?

  3. Жылдарды сатылым санына қарай өсу ретімен орналастыр.

  4. Осы жылдар аралығындағы машиналардың сатылу санының өзгеріс ауқымы қанша?

  5. 2010 жылы неше машина сатылды?

Сәлемдеседі.

Оқушылар тақтада берілген графикті пайдалана отырып, берілген сұрақтарға жауап береді.

Жауап:

  1. Сызбада сатылған көліктердің санының уақытқа тәуелділігі көрсетілген.

  2. 2009 жылда ең көп сатылым болды.

  3. 2008, 2007, 2011, 2010, 2009

  4. Өзгеріс ауқымы 16000-4000=12000 дана

  5. 2010 жылы 12 мың дана машина сатылды.

Мадақтау арқылы бағалау.


Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»




Слайд 1

08:55-09:00

5мин


Сабақтың ортасы

09:00-09:08

8 мин


Жеке жұмыс


«Гексагон» әдісін қолданып әр оқушыға жеке тапсырма беремін.

  1. Тапсырма.

1. А және В қалалар арасындағы қашықтық 200км тең. Жылдамдықпен уақыттың тәуелділігін формула арқылы көрсетіңіз. Кестені толтырыңыз.

t(сағ)

4

5

8

10

40

v(км)






  1. Тапсырма.

Балықшы үйінен шығып, көлге барып балық аулаған. Сонан соң үйіне қайтып келген. Суретте балықшының қозғалыс графигі көрсетілген.

  1. Үйінен көлге дейінгі қашықтық қандай?

  2. Үйінен шыққаннан соң 1 сағаттан кейін балықшы үйден қандай қашықтықта болған, үйден шыққаннан кейін неше сағаттан соң балықшы 14 км қашықтықта болған?

  3. Балықшының көлге барып қайтқандағы орташа жылдамдығы қандай?

Оқушылар берілген мәліметтерді пайдаланып

Жылдымдық пен уақыттың тәуелділігін анықтайды.

Жауабы:

1-тапсырма

t(сағ)

4

5

8

10

40

v(км)

50

40

25

20

5

Оқушылар берілген тапсырманы оқып, графикке қарап сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма

Жауабы:

  1. Үйінен көлге дейінгі қашықтық 20 км.

  2. Үйінен шыққаннан соң 1 сағаттан кейін балықшы үйден 10 км қашықтықта болған, үйден шыққаннан кейін 1,5 сағаттан соң балықшы 14 км қашықтықта болған.

  3. Балықшының көлге барып қайтқандағы орташа жылдамдығы 8 км/сағ.


Дескриптор:

1 тапсырма:

Қашықтык пен уакытты пайдаланп, жылдамдықты табады


Дескриптор:

2 тапсырма:

Көлге дейінгі қашықтықты табады

Үйден қандай қашықтықта болғанын анықтай алады,үйден шыққаннан кейін неше сағаттан соң балықшы 14 км қашықтықта болғанын анықтай алады

1б

Балықшының көлге барып қайтқандағы орташа жылдамдығы табады


Слайд

Үлестірме

қағаздар

09.08-09.16

8 мин


Жұптық жұмыс

  • "Бір график – көп тұжырым" әдісі

Оқушылар тақтадағы берілген тапсырманы жұптасып орындайды. Бірінші орындаған жұпты мұғалім тексереді, дұрыс жауабын тақтаға жазып көрсетеді, Қалған жұптар жауабын алмасу арқылы бірін-бірі тексереді.

1340 есеп.Суретте арақашықтығы 300 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама –қарсы шыққан жүрдек пойыздың және жүк пойызының кездескенге дейінгі қозғалыс графиктері берілген.

Графиктен мыналарды анықтаңыз:

1)Пойыздар неше сағат жүрген соң кездеседі?

2)Жүрдек пойыздың жылдамдығы қандай?

3) Бір –біріне қарама-қарсы қозғалған жүк пойызымен жүрдек пойыздың арақашықтығының (d) қозғалыс уақытына (t) тәуелділік формуласын жазыңыз.

Оқушылар жұпта біріге отырып графикке талдау жүргізеді. Бір-біріне түсіндіреді.

Бірінші шығарып болған, жұп оқушы тақтаға шығып графикке талдау жүргізеді.

Бағалау парағын толтырады.

Жауап:

  1. Пойыздар 2 сағат жүрген соң кездеседі.

  2. Жүрдек пойыздың жылдамдығы 90км/сағ.

  3. Бір –біріне қарама-қарсы қозғалған жүк пойызымен жүрдек пойыздың арақашықтығының (d) қозғалыс уақытына (t) тәуелділік формуласын жазыңыз.

d

Дескриптор:

Пойыздар неше сағаттан кейін кездесетінін табады

1б

Жүрдек пойыздың жылдамдығын табады

1б

қозғалыс уақытына тәуелділік формуласын жазады.


Слайд

Үлестірме

қағаздар


09.16-09.31

15 мин

Шығаруға 6 мин

Өзара бағалау, сыни талдау 4 мин

Түсіндіру жұмысы 5 мин


Топпен жұмыс

«Плакаттар сөйлейді» әдісі арқылы 3 топқа тапсырма беріледі.


1-топ: График арқылы тәуелділікті анықтау

Автомобильдің қозғалысы уақыт өте келе өзгеріп отырады. 1 сағатта автомобиль 60 км жол жүреді, екінші сағатта жылдамдық 70 км/сағ-қа дейін артады, ал үшінші сағатта жылдамдық 80 км/сағ болады. Төртінші сағатта көліктің жылдамдығы тұрақты болып 80 км/сағ деңгейінде қалады, ал бесінші сағатта 90 км/сағ жылдамдыққа дейін, алтыншы сағатта 100км/сағатқа дейін артты.

1.Жоғарыда берілген мәліметтер бойынша график құрастырыңыз.

2. Автомобильдің 2 сағатта жүрген жолын табыңыз.

3. Автомобильдің 3 сағатта жүрген жолын табыңыз.

4. Орташа жылдамдықты табыңыз.


2 топ. Ауа температурасы

Жарқын бір күнгі ауа температурасының өзгерісін әр сағат сайын жазып шықты және жазған сандарда мынадай заңдылықтар орын алды. Таңғы сағат 6-да ауа температурасы 0°C болды. Сағат 15:00 ге дейін температура әр сағат сайын 2°C-қа көтерілді. Ал түстен кейін, сағат 15:00-ден бастап, әр сағат сайын 1°C-қа төмендеді.

Жарқынның зерттеуі бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1.Берілген мәліметтер бойынша график құрастырыңыз.

2.Сағат 15:00-де ауа температурасы қандай болады?

3.Сағат 18:00-де ауа температурасы қандай болады?

4.Бір күнгі температураның орташа мәнін табыңыз.


3 топ. Телефон сатылымы

Электроника дүкені бір апта ішінде сатылған телефондардың санын күн сайын тіркеп отырды. Сатылым мынадай болды:

  • Дүйсенбі – 5 телефон

  • Сейсенбі – 8 телефон

  • Сәрсенбі – 6 телефон

  • Бейсенбі – 7 телефон

  • Жұма – 15 телефон

  • Сенбі – 12 телефон

  • Жексенбі – 10 телефон

Сұрақтар:

  1. Сатылым бойынша графигін салыңыз.

  2. Қай күндері телефон сатылымы орташа сатылымнан көп, қай күндері аз болғанын анықтаңыз.

  3. Апта ішінде барлығы қанша телефон сатылды?

  4. Бейсенбі мен жұма күндері сатылым саны қалай өзгерген? Осы аралықтағы өзгерісті сипаттаңыз.

Оқушылар топтаса отырып есеп шартына сай график сызады, талдау жасайды. Шығарып болғаннан кейін әр топ парақтарын ауыстырып, келесі топтың тапсырмаларымен танысып, түсінбеген жерге сұрақ белгісін қойып кетеді. Тапсырмалар әр топтың өзіне барған соң, сұрақ белгісі қойылған жердегі тапсырманы, әр топ өздері түсіндіріп береді.

1 топ. Жауап:

1. Жоғарыда берілген мәліметтер бойынша график сызады.

2. Автомобильдің 2 сағатта 130 км жол жүрді.

3. Автомобильдің 3 сағатта жүрген 210 км жол жүрді.

4. Орташа жылдамдығы 80км/сағ.

2топ. Жауап:

1.Берілген мәліметтер бойынша график құрастырады.

2.Сағат 15.00 де ауа температурасы ең жоғары болды. Бұл температура 18 қа тең.

3.Сағат 18:00-де ауа температурасы 15 болды.

4.Сағат 6:00 мен 18:00 аралығында температураның орташа мәні 11,5 болады.

3 топ. Жауап:

1.Тапсырма бойынша графигін салады.

2.Жұма,сенбі, жексенбі күндері орташа деңгейден көп, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері орташа деңгейден аз сатылым болды.

3.Апта ішінде барлығы 63 телефон сатылды.

4.Бейсенбі күнге қарағанда жұма күні 8 телефон артық сатылды.

Топтар арасында өзара бағалау, мұғалім тарапынан қолдау. (тәттілер тарату)

Слайд

Үлестірме

қағаздар




















Бекіту тапсырмасы

09.31-09.37

6 мин

«Wordwall» платформасы арқылы тест ұсынады.

Берілген суретте саяхатшының 6 сағат уақытта жүрген жолының графигі көрсетілген. Төмендегі тест сұрақтарының жауабын табыңыз.

  1. Саяхатшы неше сағат дем алды?

А) 1 сағ В) 3 сағ С) 0,5 сағ Д) 2 сағ

2. Саяхатшы дем алғанға дейін қандай жылдамдықпен қозғалды?

А) 15 км/сағ В) 10 км/сағ С) 25 км/сағ Д) 20 км/сағ

3. Саяхатшы дем алғаннан кейін қандай жылдамдықпен қозғалды?

А) 15 км/сағ В) 12 км/сағ С) 10 км/сағ Д) 20 км/сағ

4. Саяхатшының дем алғандағы жылдамдығын табыңыз.

А) 15 км/сағ В) 12 км/сағ С) 0 км/сағ Д) 10 км/сағ

5. Саяхатшының барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңыз.

А) 15 км/сағ В) 12 км/сағ С) 20 км/сағ Д) 10 км/сағ

6. Жүрген жолдың уақытқа тәуелділігін көрсететін формуланы көрсетіңіз.

А) S = 10t В) S = 12t С) S = 15t Д) S = 5t

Платформада берілген тапсырманы орындап, алған баллдарын бағалау парағына толтырады.


Әрбір сұраққа 0,5 балл қойылады. Барлығы: 3 балл.

Сілтеме

Сабақтың соңы

09.37-09.40


Қорытынды.


Рефлексия- «Білім почтасы » әдісі

оқушының өз оқу үдерісін бағалауы, түсінігін тексеруі және өзін-өзі дамыту жолдарын іздеуі.


Үйге тапсырма: №1339

Берілген бағалау парағын толтырып алған баллдарын айтады.

Оқушылар білім почтасындағы сұрақтарға жауап береді.

1. Қандай нақты процестер саған қызықты әрі түсінікті болды?

2.Сен үшін қиын бөлігі не болды?

3.Бұл тақырыпта тағы нені білгің келеді?

Сабаққа қатысқанына, белсенділігіне қарай мұғалімнің бағалауы.

С аралау тапсырмасы 1

Графикте саяхатшының 7 сағат уақытта жүрген жолы кескінделген.

1)Саяхатшы неше сағат дем алды?


2) Саяхатшы дем алғанға дейін қандай жылдамдықпен жүрді?


3) Саяхатшы дем алғаннан кейін қандай жылдамдықпен жүрді?


4) жолдың әрбәр бөлігі үшін жеке-жеке, саяхатшының жүрген жолының уақытқа тәуелділігін көрсететін формуланы жаз.


5) Саяхатшының орташа жылдамдығын тап.



Саралау тапсырмасы 2

Берілген график ауа температурасының бір тәуліктегі өзгерісін көрсетеді.

График бойынша бос орындарды толтыр:

1Shape1 ) Уақыт – шама,ал ауа температурасы –

Shape2 шама.

2Shape5 Shape4 Shape3 ) Сағат , және ауа температурасы 0°C болды.

3Shape7 Shape6 ) Сағат ең төменгі температура °C көрсетті.

4Shape8 Shape9 ) Сағат ең жоғарғы температура °C көрсетті.


5Shape10 ) Сағат 6-дан 16-ға дейінгі уақыт аралығында ауа температурасы .




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2025
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі