Материалдар / Нақыл сөздер бастауыш сыныпқа арналған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нақыл сөздер бастауыш сыныпқа арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Нақыл сөздердің мағыналары айтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2019
9832
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Афоризмдер ( Нақыл сөздер)

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Жүсіп Баласағұн



Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Луций Анней Сенека



Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.

Фуллер Тори Эдвин

Жүргенде көп достық атын малданып
Алайда тек қалма оған алданып


Әл-Фараби



Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер

Жүсіп Баласағұни



Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос,
Жайшылықта «
доспын» деген жай сөз

Саиф Сараи



Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен 
дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет Өтемісұлы



Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!


Баубек Бұлқышев



Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал 
дос өз теңіңнің ішінен


Әл-Фараби



Жолдасын таппаған ер азады,
Басшысын таппаған ел азады


Мұхтар Әуезов

Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы



Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді.

Адольф Дистервег



Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.

Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани.

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек

В. Маяковский.



Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.

В.О.Ключевский.



Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі

Ы.Алтынсарин

Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ


Л.Н.Толстой



… арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар


Ғабиден Мұстафин



Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады


Бауыржан Момышұлы



Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек?


Жүсіпбек Аймауытов



Үміт жүректі қуанышқа толтырады


Менандр



Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар


Анатоль Франс



Үміттен гөрі үмітсіздік көбірек алдайды


Люк де Калье Вовенарг



Үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан


Бауыржан Момышұлы

Ақша қымбат тұрады

(Р.Эмерсон)



Ақша ақшадан туады

(Т.Фуллер)

Ақылды адам алғыс айтудан ауырсынбайды

Э. Бульвер-Литтон



Өзгенің өзіңе көрсеткен қызметін ұмытпа да, сенің өзің көрсеткен қызметтеріңді ұмыт

Пубиилий Сир



Берген — үндемесін, алған — айтсын

М. Сервантес



Рақметі жоққа қызмет көрсетсең — ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау — зор бақытсыздық

Ф. Ларошфуко



Ең зор бақытсыздық — біздің жек көруімізге лайық адамдардың көмегіне зәрулік

Кабус

...қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым


Мұхтар Әуезов



Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті — оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезімталдығы мен сезгіштігі


Борис Владимирович Асафьев



біздің қазақ әнқұмар халық… Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара-бара не болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады.


Сұлтанмахмұт Торайғыров



Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді


Григорий Николаевич Потанин



Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады


Э. Вульфсон



Қолдан істелген екі ішекті домбырадан мұндай нәзік, мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім! Егер де мына қарапайым жаныңа тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның ызыңдаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес едім!


Александр Ефимович Алекторов

Құр айқай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?


Абай Құнанбаев



Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, музыка ән-күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар


Сұлтанбек Қожахметов



Ән — халық үні, оныі шындығы, оның ойы мен сезімі


Жамбыл Жабаев

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .

Жүсіпбек Аймауытұлы



Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.

Қадыр Мырза Әлі



Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…

Мұқағали Мақатаев



Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!

Ғабиден Мұстафин



Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.


Ғабит Мүсірепов



Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.

Мұхтар Әуезов



Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…

Жүсіпбек Аймауытов



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!