Материалдар / «Нартұлға – Әлімхан ЕРМЕКОВ» Бағыты: «Әлімхан Ермеков-қоғам және мемлекет қайраткері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Нартұлға – Әлімхан ЕРМЕКОВ» Бағыты: «Әлімхан Ермеков-қоғам және мемлекет қайраткері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әлімхан Ермеков және Тәуелсіз Қазақстан» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ұсынылған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
518
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ




«Әлімхан Ермеков және Тәуелсіз Қазақстан»

аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына

ұсынылған жұмыс








Тақырыбы: «Нартұлға – Әлімхан ЕРМЕКОВ»


Бағыты: «Әлімхан Ермеков-қоғам және мемлекет қайраткері»







Жоба авторы:

тарих пәнінің мұғалімі

Тілеубаева Роза Күнтуғанқызы



Мектеп:Қарағанды облысы білім басқармасы

Қарқаралы ауданы білім бөлімі

"Бақты ауылының №21 жалпы білім беретін мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















Мазмұны


Кіріспе... ................................................................................................................

1. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері – Әлімхан Ермеков......................................................

2. Әлімхан Ермеков – Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде топтастыруда ерекше рөл атқарған кесек тұлға............................................................

3. Ә.Ермеков – қазақтың тұңғыш профессор-математигі................................

4. Ә. Ермеков жайлы тың деректер...................................................................

Қорытынды ..........................................................................................................


Қолданылған әдебиеттер......................................................................................








































Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі: Қа­зақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен Алаш арыстарының мұра­сын және ғұмырбаянын зерттеу мен жазу бүгінгі күннің өзекті мәселесі бола бермек. Іріліктің қандай болатындығын тіршілігінде көрсетіп үлгерсе де, Алаш азаматының кей біз біле бермейтін туыстық қарым-қатынастарын,мұраларын еске алып жаңғырта түсетін тұстары әлі де бар екендігін осы жобада тың ақпараттармен толықтыра түспекпіз. Ізденіс арқылы тапқан жаңа ақпаратты, мұраларын халқыма насихаттау, ұлттық сананы нығайту тарихшы ретінде менің парызым деп ойладым.

Жобаның мақсаты: Қазақ автономиясын құруда өлшеусіз еңбек еткен Ә.Ерме­ков­тің ғұмырбаяны мен туыстарының тың естеліктерін жариялап, өшпес із қалдырған атамыздың өлшеусіз еңбегін зерделей отырып,болашақ ұрпақ санасына сіңіру.

Жобаның міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:

  • Ә.Ерме­ков­тің ғұмырбаянына тоқталу;

  • Әлімхан Ермеков- Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері екендігін тарихи деректермен дәлелдеу;

  • Ә.Ермеков – қазақтың тұңғыш профессор-математигі екендігіне тоқталу;

  • Туыстары берген ақпараттар мен дәлелдерді пайдалану арқылы көпшілік біле бермейтін кей сәттерге тоқталу.

Жоба құрылымы: Жоба кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жоба объектісі: қоғам және мемлекет қайраткері Әлімхан Ермеков туралы тың деректердің алатын орны

Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік


  1. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері – Әлімхан Ермеков

Әлімхан Әбеуұлы 1891 жылы Қарағанды облы­сының Қарқаралы ауданында дүниеге келіп, 1899-1905 жылдары Қарқаралы қалалық учи­лищесінде, 1905-1912 жылдары Семей ер­лер гимназиясында оқып бі­тір­ді. Одан кейін 1912-1917 жылдары Томск техно­логия инс­титутының тау-кен ісі факультетінде оқыды. 
Алаш азаматы сынақты ке­зеңді ба­сы­нан өткізіп, Томск институ­тын­дағы оқуын уақытша үзіп, ел тағды­рын ойлағандықтан қоғамдық-саяси істер­ге араласып, 1917-1919 жылдары «Алашорда» мүшесі болды. Одан кейін түрлі деңгейде қызметтер атқара жү­ріп, 1920 жылы Қазақ АКСР-нің тер­риториясын межелеуде В.Ле­ниннің алдында үлкен жиналыс­тар­ға қа­тысып, баяндама жасап, қазақ же­рінің тұтастығының сақталуына ат­са­лып, ұлттық мүддені қорғаған ай­ту­лы азамат болды.
1938 жылы НКВД-ның құрығына ілігіп, Куйбышев қаласында тұтқын­да­лып, Алматы қаласына жіберілген. 1939 жылы 28 ақпанда Қазақ КСРО Шекара және Ішкі әскерінің әскери трибуналы 58-1 а, 2, 8, 11 баптарымен «Халық жауы» ретінде бас бостанды­ғынан айырып, еңбекпен түзеу лаге­ріне 10 жыл мерзімге Краснаярск өлкесінің Канск қаласындағы Ени­­сей­­лаг­қа жіберді. Одан 1947 жылы шы­ғып келгенде тағы қуғын-сүргінге ілігіп, 1948 жылы Шымкент қаласы­нан Алматыға ішкі түрмеге қылмысты деген айыппен тағы да 58 бап бо­йынша, бас бостандығынан айы­рып, бұл жолы Коми АКСР-ның Воркутла­гына қамауға алынып, 1955 жылы ғана босатылған. Өмірінің 18 жылын түрмеде өткізген Алаш арысы барлық қиындыққа мойымай, ауыр азапты жылдарды басынан өткізген. 
Қазақ зиялысы бостандыққа шыққаннан кейін 1955-1958 жылдары Қарағанды политехникалық институ­тында қызмет атқарып, зейнеткер­лікке шыққан. Осындай қиындық­тардан кейін аман қалған, өмірінің соңына дейін халқына қалтқысыз қызмет етіп, 1970 жылы дүниеден өткен Әлімхан Әбеуұлының қоғам­дық-саяси, ғылыми және педагоги­калық қызметі жөнінде Қазақстандық ғалымдар өз еңбектерінде жақсы атап көрсетіп келеді.

  1. Әлімхан Ермеков – Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде

топтастыруда ерекше рөл атқарған кесек тұлға.

Отызға да толмаған Әлімхан Ермеков – Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде топтастыруда ерекше рөл атқарған кесек тұлға.
Әлихан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі- Қазақ автономиясы шекарасының біртұтастығын жан­қиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 жылы 17 тамызда В.И.Ле­нин­нің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық ко­миссарлары кеңесінің мәжілі­сінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баяндама жасайды. Онда ол жер, Қа­зақ­станның шекарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлел­дер­мен қорғап шығады. Окупанттар өз кінәсін мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Кас­пийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақы­рымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақы­рым­дық ұлан-ғайыр жер Лениннің ті­келей қолдауымен Қазақ еліне қайта­рылады. Ол қазақ жерлерін біртұтастығын сақтаудағы еңбегінің арқасында батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтар қазіргі Қазақстан территориясының негізін қалады. Ол кісілер өмір сүрген кезеңде ауылдан шыққан жас жеткіншектерге орыс оқу орындарында оқу қиын болатын. 1912 жылы Том техникалық институтында оқыған Әлімхан алғашқы қазақтың бірі болды. 1917 жылы шәкірт Әлімхан оқуын тоқтатып, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш ардақтыларымен бір ту астына бірігіп, автономия құруға атсалысты.
Алаш зиялылары, Қазақ автономиялық республикасын құруға атсалысқан Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермек, Жақып Ақбаевтар Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ә. Ермекұлы – Алаш ренессансының бірегей тұлғасы, ол француз, ағылшын, латын, италия тілдерін жетік білген. Қазақ республикасының территориясына Каспий теңізінің солтүстік жағалауы – Астрахань губерниясынан Қазақстанға қайтарылғаны тиімді екенін Әлімхан Ермеков В. Ленинге дәлелдеп бермегенде қазақтың шұрайлы, мұнай мен балыққа бай өлкесі қазіргі Қазақстан территориясынан тыс қалар еді.

  1. Ә.Ермеков – қазақтың тұңғыш профессор-математигі.

Әлімхан Ермековтің математика саласы бойынша республикадан басқа жерлерде де еңбегі жоғары бағаланып, 1935 жылдың 5 қарашасында СССР ЦИК жанындағы Жоғарғы техникалық білім беру комитетінің Жоғарғы аттестациялық комиссиясы оған профессор атағын беруге және де ғылым докторы дәрежесін қорғауға ұсынды. Осылайша, Ә. Ермеков – қазақтың тұңғыш профессор-математигі. Профессор Әлімхан Ермековтің «Ұлы математика курсы» оқулығы жоғарғы техникалық оқу орындары мен педагогикалық институттарға арналып, қазақ тілінде латын қарпімен 1935 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген.
Кітапта жоғары математика элементтері аса қарапайым, жеңіл тілмен түсіндіріледі. Автор тілінің айқындығы, теориялық топшылаулары, есептердің шығарылу дәрежесі, келтірген мысалдары үйренушіні баурап алады. 1929-1930 жылдары қазақ зиялыларымен бірге түрмеге қамайды. Ол абақтыда алаш дарыны М. Әуезов пен бірге отырды. Репрессияның екінші толқынында Әлімханның басына тағы да қара бұлт үйіріліп, 1939 жылы сотталып, 1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Жалпы алғанда

Ә. Ермеков өмірінің 18 жылы қамау мен лагерьде өтті. Әлімхан Әбеуұлы болмаса, атақты геолог Қаныш Сәтбаев ғылымға бет бұрмаса керек. Михаил Усов пен Әлімхан екеуі Қанышқа геологияның қыр-сырын айтып, қызықтырады. Әлімхан Ермековтің ұрпақтары да ғылым мен білімге жақын болды. Ұлы Мағауия – минерология ғылымдарының докторы, геолог, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі.  Немересі Олег Ермеков қазіргі таңда Ұлыбританияда тұрады.
«Maryadi education» атты білім беру орталығының басшысы, экономика ғылымдарының докторы.  Ұлттың ұлы перзенті өмірден өткенде атақты батыр Бауыржан Момышұлы: «Қатты күйзелістемін, себебі Қазақ мемлекетінің қалаушысы, тұңғыш профессор Али аға қайтыс болды», – деп жоқтады.  1955 жылы Қарағанды тау-кен институтында оқыған,

Ә. Ермековтің сүйікті оқушыларының бірі Ю. Попов ұстазы туралы: «...Ақ шашты, мықты, өте мейірімді. Студенттерге сабақты өте байсалдылықпен байыппен  түсіндіргені ұнайтын. Лекторымыз Ермековтың қызықты әдеті бар еді. Жидесінің оң жақ қалтасында міндетті түрде бор жүреді. Тақтаға өте үлкен әріптермен, түсінікті жазатын. Сабақ біткен соң жазған борын оң жақ төс қалтасына қайта салып қояды». Міне, осындай естеліктер ол кісі жайлы жазылған еңбектерді парақтай отырсаң, өте көп кездеседі.

  1. Ә. Ермеков жайлы тың деректер.

Қарқаралы ауданы, Бақты ауылында тұрып, сол жерде өмірінің соңына дейін қызмет жасап, дүниеден озған Ермағанбетов Амантай деген кісі болды. Осы кісінің Әлімхан Ермековтің жиені екенін сол өңірдегі көп адамдар біледі екен. Шешесі марқұм тірі кезінде «Әлімхан деген нағашың бар. Көп жыл айдауда жүріп, бір-бірімізден хабарсыз қалдық. Егер мен өліп қалсам саған аманат. Сол нағашыңды тауып ал. Ол саған қорған бола алады. Осы өтінішімді орында»,-деп тапсыра береді екен. Бұл 1955-1960-шы жылдар кезі болыпты. 1963-ші жылы Амантай ағаның шешесі өмірден озады. Ол кісінің аты- Нұрғайша болатын. Содан жылдар өтіп, Амантай аға балалы-шағалы болып,қызмет, бала-шаға деп тағы да біраз жыл өтеді. 1966-шы жылы жан-жақты іздеу салып, нағашысын тауып алады. Қарағанды қаласына келген Аталарың Әбеу халыққа қадірлі,озық ойлы,орысша білетін адам болды. Біз Қаракесек руы, оның ішінде Арғын боламыз дейді екен. Әлімхан атасы Ермек кезінде Абайдың әкесі Құнанбаймен Меккеге қажылыққа барғанын да жыр ғып айтып отырады екен. Жиені Амантаймен өмірінің соңғы жылдарында қатты араласып,бір-бірімен қимай қоштасып жүріпті.

Мен осы тақырыпты алып, зерделеу кезінде осы Амантай ағаның тұңғыш баласымен тілдесіп,маған Әлімхан аталары жайлы не білетіндігі жайында сұрадым.

Сол кісіден алған ақпараттарымды ортаға салсам деймін: «Әкем өз нағашысын көп іздеп, кеш тапқанына қатты налитын.Тағдырдың жазуы шығар,бір-бірін тапқан соң 4 жылдай ғана араласып үлгерді. Атамыз 1970 жылы қайтыс болып кетті. Бірақ жеңгесі, яғни атамыздың жұбайы Рахиля әжемізбен, ұлы Мағауиямен қатты араласып тұрды. Раушан апайымызды қатты мақтайтын еді. Маған мектеп бітірген соң Қарағандыға барып Университетте оқисың және нағашымның үйінде жатып оқисың дейтін. Сол айтқаны бойынша 1977 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға құжат тапсырып, абитуриент атандым. Қалаға келісімен бірден әкем Әлімхан нағашымыздың үйіне түсті. Апамыз жаны қалмай күтіп алып, мен оқуға түскенше сол үйде болатынымды айтты. Ленина көшесінде (қазіргі Абай көшесі 58) тұратын еді. Біз емтиханды қазіргі Гагарин алаңындағы корпуста тапсырдық. Таңертең көше бойымен тік жүріп отырып,корпусқа жаяу баратынбыз. Әр емтихан тапсырған сайын Рахиля апамыз бірдемені ырымдап отыратын. Әлі есімде, 1-ші емтиханды тапсырып үйге келсек, маған «5» аласың дейді. - Апа, оны қайдан білесіз десем, кастрюльге көже пісіріп жатқанда қақпағының үстіне бір кеспе жабысып қалыпты да, ол ирелеңдеп 5-ке ұқсап тұр. Мені ас бөлмеге апарып, міне сенің бағаң деп ырымдап тұр. Осылай, бар емтиханды ойдағыдай тапсырып, оқуға түстім. Енді КарГУ-дің жатақханасынан орын алып, оқу басталғанша үйге қайтамыз десек, Рахиля апамыз қатты ренжіді. Біздің үй тұрғанда қайдағы жатақхана, жатасың осында деп кесіп айтты. Мағауия ағамыз да солай болуын құптады. Үй 3 бөлмелі еді. Апамыз бір бөлмеде, тағы бір бөлмеде көп жылдар бойы өздерімен бірге болған күтуші Вера Михаиловна деген кісі жататын. Мен апаммен бірге бір бөлмеде, бұрын атамыз жатқан төсекте жаттым. Әлі есімде, үйдегі барлық жапқыштар аппақ,крахмалданған болатын. Апамыз тынымсыз, үй шаруасын өзі істеуге тырысатын. Мағауия ағамыз,жеңгей анда-санда келіп тұратын. Жеңгей орыс ұлтынан болды. Әкем ауылдан келгенде ол үйге де қонаққа барып тұратынбыз. Немересі Олег жиі келіп тұратын. Сол жылы ол үйленіп, кәрістің қызын алды. Мен 2-ші курста оқып жүргенде Рахиля апамыз қайтыс болды. Мен содан соң ғана жатақханаға шықтым. Өмір өтіп жатты. Өкінішке орай өмірден ерте озды. Мен әкем қайтыс болғанда енді ғана жоғарғы оқу орнын бітірейін деп жатқан едім. Әкем өте бауырмал, өз ауылында сыйлы, адамгершілігі жоғары адам еді. Атамыз берген ескерткіш заттарды қатты қастерлеп ұстайтын. Үйде «Білім және еңбек» деген журнал болатын. Атамыздың сол журналда бірнеше тілде жазған қолтаңбасы, көптеген фотосуреттері болатын. Әкеміз қайтыс болған соң сол материалдың бәрі үйде қара шамаданда жататын еді. Тұрмыс құрып жеке кеттік. Бауырлар жас болды. Атамыздың әкеме берген көз болатын көп заттарды кейіннен таппай қалдым», - деп әңгімесін аяқтады. Қолымда бар қалғаны міне, мына суреттер деп осы жобада ұсынып отырған Әлімхан Ермековтің қолтаңбасы бар фотосуреттердің көшірмесін берді. Ол суреттер жобаға қосымша етіп толықтырдым.



     









Picture 1 Picture 3 Picture 2 Picture 4

Picture 7


Қорытынды.


Қорытындылай келе, талай тарихи кезеңді өткерген Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері - Әлімхан Ермеков XX ғасыр басындағы өз елі,өз жері үшін барлық ниетімен қызмет еткен,халқына жанашыр ірі де дара тұлғалардың бірі де бірегейі десек болар. Бір кездері ата-бабаларымыздың киелі қонысы болған жерлерімізді «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» қалдырмай, қанша өмірлерін құрбандыққа шалып күресе білген Алаш азаматы Әлімхан Ермековтің өмірі үлгі боларлық. Бұл жобада бізге белгілі деректерді де негізге ала отырып, ауылдас адамымыздың естелігін негізге алынды. «Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болар»-дегендей, елі, халқы, болашақ ұрпағы үшін еңбек еткен, қоғамда ойып алар орны бар қоғам қайраткері Әлімхан Ермеков жайлы әлі де айта беруге болады.Еліміз тәуелсіздік алып,қайта жаңғырған заманда өмір сүріп, ұлт мүддесін жоғары қойып ұстайтын осындай азаматтарымыз көбейе берсін.Көненің көзіндей болып,осы уақытқа дейін сақталған суреттері баршамызға ескерткіш болсын.


























Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Өмір жолы»khabar.kz/kk/m-ra-at-mir-zholy/...
2. Әлімхан Ермеков қоғам қайраткері egi.kz/kk/limhan-ermekov-o-am-...
3. kk.wikipedia.org/wiki/Әлімхан_..

4. Ә. Ермеков туралы 20 дерек e-history.kz/kz/news/show/927

5. Математикадан тұңғыш қазақ профессоры
  adebiportal.kz/kz/blogs/view/3840




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!