400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Нарық

Материал туралы қысқаша түсінік
Нарық
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім:.

IX бөлім. Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер. Пунктуация

Мұғалім


Мерзімі


Сынып 11

Қатысқаны /қатыспағаны

Сабақтың тақырыбы:

Нарықтық экономика және дәйексөз келтіру мәдениеті. Тырнақшаның қойылуы.

Оқу мақсаттары

11.2.7.1 – БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу;11.4.5.1 – мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін (тырнақша) қолдана білу.

Сабақ мақсаты

- Мәтіннен (ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбек) қажетті ақпараттарды іріктеп алады, деректерге сілтеме жасау мен дәйексөз келтіру жолдарын меңгереді;

- Тырнақшаның қойылу ерекшеліктерін (бөтен сөз, ауыспалы мағына, шартты атау) ажыратады және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қатесіз қолданады;

- мәтін үзінділеріне талдаулар жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

«Нарық» деген сөзді естігенде көз алдарыңызға не елестейді? Оның экономикалық мағынасы қандай?

Оқушылар «Нарық» ұғымына ассоциация жасайды.

Ауызша мадақтау

176-бет

Мағынаны тану (11.2.7.1)

1-тапсырма. Оқулықтағы «Нарықтық экономика» мәтінін оқуды ұсынады.

«Мәтіннен нарықтың кемшілігі туралы ақпаратты тауып, авторға сілтеме жасай отырып дәйексөз келтіріңіз». Мәтін үзіндісі: «Нарық механизмі мінсіз емес... оның жағымсыз жақтары — әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге мейірімсіздік».

Оқушы жауабы: «Қазіргі заманғы нарық» еңбегінде айтылғандай: «Нарық — әлсіздерге мейірімсіз» (176-бет).


- Мәтіннен (ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбек) қажетті ақпараттарды іріктеп алады, деректерге сілтеме жасау мен дәйексөз келтіру жолдарын меңгереді;


Дескриптор:

Ақпарат іріктейді 1 ұпай;

-авторына сілтеме 1ұ;

-дәйексөз 1ұ;

176-бет, 9.1-мәтін

Грамматикалық материал (11.4.5.1)

2-тапсырма. Тырнақшаның қойылу ережелерін түсіндіру.

«Тырнақшаның қойылуы кідіріске байланысты болмайды...» (Ережеден үзінді).

Оқулықтағы «Есте сақта!» айдарымен танысады. Тырнақшаның 3 түрлі жағдайда қойылуын (бөтен сөз, ауыспалы мағына, шартты атау) талдайды.

Дескриптор

-ережесін айту 1ұ;

-3түрлі жағдайды атау 1ұ;

-мысалдар келтіру 1ұ;

178-бет, «Есте сақта!»

Бекіту тапсырмасы

3-тапсырма. С.Мұратбековтің «Көктемгі егіс кезінде» әңгімесінен алынған үзіндіге тыныс белгілерін қою. Мәтін: «Бір жүрген ескілеу "ДТ-54" тракторына тура тартты...» немесе «Бесінші кластың оқушысы ғой»

-сөздерге талдау жасайды.

Талдаулар жасайды

-морфолгия 2ұ;

-синтаксис 2ұ

178-бет, 4-тапсырма

Рефлексия

«Бүгінгі сабақта мен үшін жаңалық болған 1 ақпарат, қиындық тудырған 1 сәт».

Оқушылар кері байланыс береді.

«Жетістік баспалдағы»

Стикерлер




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.04.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі