Нарық және оның заңының жұмыс істеуі. Сұраныс пен ұсыныс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нарық және оның заңының жұмыс істеуі. Сұраныс пен ұсыныс

Материал туралы қысқаша түсінік
Нарық және оның заңының жұмыс істеуі. Сұраныс пен ұсыныс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда медициналық жоғары колледжі


Оқу сабағының жоспары №3

Нарық және оның заңының жұмыс істеуі. Сұраныс пен ұсыныс

(сабақтың тақырыбы)

      Модуль /пән атауы: Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері

      Педагог: Усманова Асия Серикболовна дайындады

     "___" ____________2024 жыл

      1. Жалпы мәліметтер

      Курс:1. 2, Мамандығы: «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология», «Фармация»

Топтар:

      Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

      2. Мақсаты, міндеттері: Нарықтың мәні және атқару механизмі, нарық инфрақұрылымы, нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері, бәсекелестік мәні, бәсекелестіктің түрлері, монополия мәні және оның түрлері, сұраныс мәні оның заңы, ұсыныс мәні оның заңытуралы мәлімет алу. Студенттердің ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдау.

     3. Күтілетін нәтижелер: Нарықтың атқаратын қызметімен танысады, нарықтың түрлерін ажырата алатын болады.Монополия, олигополия, дуоплия терминдерін білетін болады. Сұраныс пен ұсыныс заңын ажырата алады, олардың қисық сызықтарын орната алатын болады, сондай-ақ оларға әсер ететін негізгі факторларды анықтай алатын болады.

4.Тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды адалдыққа, ұқыптылыққа, пән сүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету

      5. Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта   

1.Қ.С.Есенғалиева «Экономика негіздері» оқулығы 2013жыл

2.Ә. Абдуллаев «Экономикалық теория» Оқу құралы 2004жыл

3.Ж.Р.Қазақбаева «Құқық негіздері» Оқу құралы 2019ж

      5. Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басы

20 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Аудиторияның, кабинеттің және топтың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған студентті белгілеу, студенттерді сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру

2. Үй жұмысын тексеру.

Термин сөздерге анықтама беріңіз

  1. Мемлекет

  2. Құқық

  3. Заң

  4. Нормативтік актілер

  5. Заңдық нормалар

  6. Конституция

  7. Құқықтық институттар

  8. Конституциялық құқық

  9. Онтологиялыққызметі

  10. Гносеологиялық қызмет

  11. Методологиялық қызмет

  12. Эвристикалық қызмет

Дескриптор:

1.Мемлекет пен құқық терминдерін біледі;

2.Конституциялық құқық заңнамаларын анықтайды;

3. Конституциялық құқық- Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде біледі;

4. Конституцияның заңдық қасиеттерін анықтайды; 5.Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлерін ажыратады;

6.Құқықтық институттардың мақсаттарын анықтайды.

3. Білім алушыларды оқу мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Қолдану: тақтамен жұмыс атқарады.

Анализ: мәтінді талдау, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау: Мемлекет, құқықтық мемлекет, зайырлы мемлекет, Конституция түсініктерін қалыптастыру.

Ортасы

50 мин

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Мағынаны тану: ДЖИГСО әдісін қолдана отырып, топтарға 5 түрлі мәтін таратылады. Топтар мәтінмен жұмыс жасайды. Жаңа білімді оқушының өзі игеруі, бірін-бірі ұжымдық оқыту.

Сабақтың жоспары:

1.Нарық және оның қызметтері

2.Бәсеке және оның түрлері

3.Монополия және олигополия

4.Сұраныс

5.Ұсыныс

5.1 Тақырыпқа сәйкес терминдермен жұмыс (сабақтың тілдік мақсаты)

Нарықтық экономика- Рыночная экономика - Market economy

Нарық- Рынок - Market

Олигополия – Олигополия - Oligopoly

Монополия – Монополия - Monopoly

Дуополия – Дуополия - Duopoly

Cпрос – Demand – Сұраныс

Предложение – Sentence -Ұсыныс

6. Жаңа сабақты бекіту

1-топ: Термин сөздер:

1.Нарықтық экономика

2.Таңдау еркіндігі

3.Бөлшек сауда нарықтары

4.Көтерме сауда нарықтары

5.Баға

6.Өнімдер нарығы

7.Қаржы нарығы

8.Монополия

9.Олигополия

10.Дуополия

11.Билатералдық монополия

12.Монопсония

13.Олигопсония

2-топ: Сызбаларды толықтыру.

3-топ: Келесі тұжырымдар дұрыс па?

Нарық – бұл ақша мен тауардың айналым шеңбері

Иә жоқ

Нарық бұл өзін-өзі реттейтін жүйе

Иә жоқ

Нарық бұл айырбас айналымының шеңбері

Иә Жоқ

Нарық бұл сатушы мен сатып алушыны кездестіретін механизм

Иә Жоқ

Нарықтың пайда болуының басты шарты – ақшаның пайда болуы

Иә Жоқ

Бағалы қағаздар нарықтық қатынастардың объектісі болып табылмайды.

Иә Жоқ

4-топ: Тест тапсырмалары

1.Өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны

А) Нарықтық экономика

Б)Аралас экономика

В)Табиғи экономика

Г)Іскерлік экономика

Д) Жасанды экономика

2. Өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық экономикалық қатынастар жүйесі.

А)кәсіпорын

Б)нарық

В)кәсіпкерлік

Г)бизнес

Д)конгломерат

3. Үй шаруашылығы, фирма және мемлекет болып табылады:

А) нарық объектісі

Б)нарық субъектісі

В)өндіріс

Г) мемлекет

Д) саяси қоғам

4. Тауарлар мен қызмет көрсетулер, өндіріс факторлары, ақша, бағалы қағаздар және т.б. жатады.

А) нарық объектісі

Б)нарық субъектісі

В)өндіріс

Г) мемлекет

Д) саяси қоғам

5. Өндіруші мен тұтынушы, сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке болып табылады:

А) Нарықтың негізгі элементтері

Б)нарықтың саясаты

В) нарықтың бағыттары

Г) нарықтың мақсаттары

Д) нарықтың кірістері

6. Нарық инфрақұрылымның негізгі элементтері

А)несие жүйесі және коммерциялық банктер

Б)тауар, қор, валюта биржалары

В)жәрмеңкелер, аукциондар

Г)мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары

Д)ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары

Е) барлық жауап дұрыс

7.Жетілген бәсекенің белгілері:

А)рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз.

Б) рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ.

В)өндіріс факторларының мобилділігі жоғары.

Г)рыноктағы бағаға  әсер ету мүмкіншіліктері жоқ.

Д)ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.

Е)барлық жауап дұрыс

8.Монополия – бұл нарық құрылымы және мұнда:

А) бірғана фирма өндіруші болады

Ә)шығарылған өнімнің бір ғана сатып алушысы болады

Б)өзара бәсекеге түсетін аздаған фирмалар болады.

В)бағаны бақылау болмайды.

9.Монополист фирма

А)өнімді кез келген көлемде өндіре алады және сата алады

Ә)өзінің өніміне кез келген бағаны тағайындай алады

Б)Ең жоғарғы деңгейдегі пайда беретін баға мен өндіріс көлемінің тіркестерін таңдай алады

В)нарықтағы өнімнің бағасына әсер ете алмайды

10.Төмендегілердің қайсысы монопорлия түріне жатпайды:

А) трест

Ә)концерн

Б)дисконт

В) картель

11.Монополияның бір түрі

А) дисконт

Ә) бәсекелестік

Б) картель

В) кооперация

12.Өзіндік ерекшелігі бар тауармен нарықта бір ғана фирманың болуы

А) олигополия

Ә)монополия

Б)жетілген бәсеке

В) монополиялық бәсеке

6.Мысалдардың қайсысы табиғи монополияға жатады:

А)қала метрополитені

Ә) «экономика» баспасы

Б)жинақ банкі

В)Қазақстан Британ техникалық университеті АҚ

13.Монополия ұмтылады:

А)таза бәсекелестікпен салыстырғанда көп көлемде өнім өндіруге және жоғары баға тағайындауға

Ә)таза бәсекелестікпен салыстырғанда аз көлемде өнім өндіруге бірақ жоғары баға тағайындауға

Б)барлық уақытта көп өнім өндіруге

В)тұтынушыларды берілген өніммен толығырақ қанағаттандыруға

14.Пайданы мейлінше арттыратын монополист өзінің өніміне бағаны төмендетеді, егер:

А)шығындар көбейсе

Ә)шекті түсім шекті шығыннан кем болса

Б)шекті түсім шекті шығыннан артық болса

В) тұрақты шығындар көбейсе

15.Монополистің шекті түсімі

А)бағадан жоғары

Ә)бағадан төмен

Б)бағаға тең

В)нақты айту қиын

15. Сұраным заңы - бұл:

а) ұсынымның сұранымнан артуы, бағаны төмендетеді;

ә) егер тұтынушылардың кірісі ұлғайса, сатып алатын тауар көлемі де өседі;

б) сұраным қисығының төмен жылжуы жағымды жағдаймен байланысты болады;

в) тауар бағасы төмендесе, сатып алу көлемі ұлғаяды.

16. Х тауарының сұраным қисығының өзгеруі неге байланысты болуы мүмкін?

а) кейбір себептерге байланысты, Х тауарының ұсынымы азайды;

ә) Х тауарының бағасы көтерілді, осымен байланысты ол тауарға сұраным азайды;

б) Х тауарына сұраным күрт өсті, сондықтан стаып алу көлеміне оның бағасының жоғарлауы әсер етпейді;

в) Х тауарының бағасы төмендеді, оған деген сұраным ұлғайды.

17. Басқа шарттар өзгерген жоқ, бірақ тауар бағасы өссе, ұсыным заңы келесі жайдан көрінеді:

а) ұсынымның өсуі;

ә) ұсынымның азаюы;

б) ұсыным көлемінің өсуі;

в) ұсыным көлемінің азаюы.

18. Тауар нарығы тепе- тең жағдайда болады, егер:

а) тауарға деген сұраным оған деген ұсыныммен тең болса;

ә) нарықта тауар тапшылығы, молшылығы болмайды;

б) берілген баға бойынша тұтынушы тауардың нақты санын сатып алуға, ал сатушының тауардың дәл сондай нақты санын сату ойы бар;

в) сұраным көлемі тауарға деген ұсыным көлемінен төмен.

19. Егер сұранымның икемділік коэффициенті кіріс бойынша 0-ден жоғары, 1-ден аз болса, онда мұндай тауар:

а) аса керемет тауар;

ә) күнделікті қажет тауар;

б) сапасы төмен тауар;

в) сапасы жоғары тауар.

Дескрипторлар:

-Нарық мәнін түсінді

-Нарықтың түрлерін ажыратты

-Сұраныс пен ұсыныс заңдарын білді

-Сұраныс пен ұсыныс гарфиктерін тұрғызды.

-Олигополия мәнін түсінді

-Монополия терминімен танысты

-Олигопсония терминімен танысты

-Монопсония терминімен танысты

Соңы

20 мин


Қорытындылау

«Нарық » түсінігі туралы біліміңізді үш сөйлеммен беріңіз.

1. Нарық бұл ________________________.

2. Нарықтық қатынастар бұл ________________________.

3. Сұраныс пен ұсыныс заңы бұл ____________________.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім ?

- немен жұмыстыжалғастыруқажет?

Рефлексия.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмыстыжалғастыруқажет

-Сабақ барысында мен үшін ......қызықты болды…

-Бүгінгі сабақта мен ..............білдім….

Нарықтық қатынастардың қоғамдағы қажеттілігін, қасиеттерін жоғары бағалап, өзіме қажет етемін. Себебі,...

-Сабақта маған қиын болды…

-Бірақ, мені... таңқалдырды.

Бағалау:Мадақтау сэндвичі.

  • Міндетті бағыт бойынша:

  • Қ.С.Есенғалиеваның «Экономика негіздері» оқулығынан «Нарықтың жүйенің мәні» , «Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері» тақырыптарын (139-150, 167-184 беттерін) конспектілеу

Тереңдетілген бағыт бойынша:

  • Нарық, бәсеке туралы видеороликтер жинақтап, презентациялау

  • Нарық тақырыбында шағын макет жасау

  • шығармашылық бағыт бойынша:

  • Бәсекені қалай қалыптастыруға болады? атты модель қорғау

Әлеуметтік желіден «Бәсеке» фильмін көріп ой түю






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2025
266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі