400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Нәруыздың құрылысы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге сабақ жоспарлауға комегін тигізеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: _______

Мектеп: 192 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Жакупова А.К

Сынып: 9 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Нәруыздар. (жаңа тақырыпты меңгеру)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Нәруыздардың қасиеттері мен қызметтерін сипаттау.

Сабақтың мақсаты

    • нәруыздардың негізгі қасиеттерін білу.

    • нәруыздардың ерекшелік белгілерін түсіну.

  • нәруыздардың тірі ағза тіршілігі үшін маңызын сипаттау.

Бағалау критерийлері

  • нәруыздардың қасиеттерін біледі;

  • нәруыздардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

нәруыздардың қасиеттерін атай алады, қысқаша маңызын түсіндіре алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

нәруыз, гемоглобин, инсулин, амилаза, кератин, коллаген, миоглобин, актин, миозин, антидене, тромбин, меланин, денатурация

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Биохимиялық реакцияларға қатысатын нәруыздар ... аталады.

Қанда оттегі мен көмірқышқыл газын ... тасымалдайды.

Нәруызды қыздырғанда ол... ұшырайды.


Құндылықтарды дарыту

Оқу кезінде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Нәруыздың қасиеттері туралы білім арқылы физика және химия пәндерімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сыныптан органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді, 8-сыныптан полимерлер және мономерлер ұғымдарын, нәруыздың қасиеті мен қызметтерін түсіндіре алады.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-6 мин






Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Сыныпты «Актин», «Миозин», «Гемоглобин», «Фибрин» топтарына бөлу.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Жүректен жүрекке» стратегиясы Оқушылар жанындағы досының көңіл күйін көтеру мақсатында:

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.- деген өлең жолдарын айтады.












Сабақтың ортасы


I. Тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі мәтінмен жұмыс.

Берілген тақырыпты әр түрлі тәсілмен жұмыс жасалады. Оқушылар берілген мәтінді жеке оқиды. ЖЖ бір-біріне түсіндіреді. Артындағы көршілерімен топта талқылау жүреді,өз идеялармен бөліседі, өмірмен байланыстыра алады.

Керібайланыс: ҚБ «Бағдаршам» әдісі


слайдтар






« Нәруыздардың қасиеттері мен қызметтері»бейнекөрсетілім көрсету



II. Тапсырма

I топ «Фишбоун» әдісі


II топ «Тірек сызбалар немесе кластер» әдісі нәруыздың қызметтерін түсіндіріп ,талдау





III топ «Эксперимент» әдісі нәруыздың ферменттік қасиетін анықтау.



« Кері байланыс»
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісі арқылы топ мүшелері топтарды бағалайды, коп жұлдыз жинаған топтарды марапаттаймын





http://old.itest.kz/lekciya_i_tarau_naruyzdyng_qasietteri_zhane_atqaratyn_qyzmetteri


https://www.youtube.com/watch?v=fVkActauPEk

https://www.youtube.com/watch?v=gizhDtUPABo



стикерлер

Постер




Оқушылар кестеде нәруыздың биологиялық қызметін нәруыздың мысалдарымен сәйкестендіреді.

Нәруыздар

Жауап

Биологиялық қызметтері




Гемоглобин


А. Ағзаны ауру тудыратын бактериялардан қорғайды.



Антидене


Б. Жануарлардың мүйізі, тұяғы құрамында болады.



Кератин


В. Оттегі мен қоректк заттарды тасымалдайды.




Инсулин


Г. Ағза жасушаларының глюкозаны сіңіруін реттейді.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Нәруыздардың қасиеттерін біледі.

Нәруыздардың қасиеттерін атайды.

Нәруыздардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.

Нәруыздардың маңызын атайды.

Нәруыздардың қызметін атайды.



















«5 5 1» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.



Сабақтың соңы

39-40 мин







Керібайланыс Рефлексия

Бес саусақ

  • 1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......

  • 2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.

  • 3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.

  • 4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...

  • 5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.




Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

«Байланысқан карта» жасау кезінде оқушылардың қалаған формада өз білімін көрсетуіне мүмкіндік беріледі.

Постер жасаған кезде оқушылар өздеріне ыңғайлы бағытты таңдап ала алады.

Ресурстардың әртүрлі көздерімен жұмыс жасайды.

Нәруыздың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін нақты мысалдар мен ойша эксперимент түрінде көрсету тапсырмасы арқылы саралау жүзеге асырылады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

«Байланысқан ассоциация» құру, ауызша жауаптары арқылы

Қорытынды кесте толтыру арқылы оқушылардың меңгеру деңгейі бағаланды.



Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Партада дұрыс отыруына назар аудару.


Тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздікті сақтау.

Тәжірибе, постер жасау кезінде белсенді қозғалыс жасайды







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1952
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі