«Нашақорлық -ауыр індет, алдын алу міндет» ҚМЖ . Сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Нашақорлық -ауыр індет, алдын алу міндет» ҚМЖ . Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Нашақорлық -ауыр індет, алдын алу міндет» ҚМЖ. Дайын .Сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар



Сабақтың тақырыбы: «Нашақорлық - ауыр індет, алдын алу міндет»


Бөлім:

Есірткіге жол жоқ!


Педагогтің аты-жөні:

Иманбаева Анар Бақытжановна

Күні:

29.11.2024 жыл

Сыныбы: 8 «А»

Қатысушылар саны: 10 Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

«Нашақорлық - ауыр індет, алдын алу міндет»


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
















І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, оқушыны түгелдеу;

Ә) Білім алушының зейінін сабаққа шоғырландыру.


II. Ой қозғау:
Есірткіні күнделікті өмірде өздеріне серік етіп жүрген адамдар туралы бейнебаянға (видеоролик «Нашақорлық») назар аударайық.


Оқушылар, бұл бейнебаяннан не көріп отырмыз? Ойларымызды ортаға салайық. (Оқушылар үйден осы сұрақтарға алдын - ала дайындалып келеді)
1. Есірткі дегеніміз не?
2. Есірткінің қандай түрлері бар?
3. Есірткінің адам организіміне әсері қандай?
4. Есірткіге құмарлық дегеніміз не?
5. Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады?
6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Осы сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады.
1) Есірткі дегеніміз не?»
- Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру дегенді білдіреді.
- Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті. Және адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.


















Оқушылар сұрақтарға жауап береді.













Интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы












































  • Есірткінің қандай түрлері бар?

Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын өнімдеріне морфин, кофеин, метадон, көкнәр және т. б. заттар жатады.
- Сора өнімдері: гашиш, анаша, марихуана және т. б
- Қолдан жасалған эфедрин, фентози тәрізді дәрі, дәрмектер және т. б.
- Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар ( бензин, бензол, толуол және т. б оларды көбінесе иіскейді).
Адам организміне ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі – анаша. Анаша – сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.                            

  • Есірткі қолданудың қандай жолдары бар? (Ақерке)
    Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы миға тез жеткізеді. Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.) Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлерді іздей бастайды. *

  • Есірткінің адам организміне әсері қандай? (Нұркен)
    Адам организміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.
    Есірткі анда - санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ - қолдарының сіңірі оқтын - оқтын құрысады.
    Оны мына бейнебаяннан көре аламыз. «Нашақорлық – тұңғиық түбі»



Сурет көрмесімен таныстыру.
Мұғалім: Мектептің кітапханасында «Нашақорлық - ғасыр індеті» атты бұрыш ұйымдастырылған. Жыл сайын Республика баспаларынан түрлі ақпараттық - публицистикалық газет - журналдар шығады. Солармен таныс болыңыздар: «Наркопост», «Есірткісіз болашақ», «ҚР мектептеріндегі зиянды заттарды қолданудың алдын алу», т. б. Сабақ соңынан осы көрмемен жақынырақ таныссаңыз болады.

Рефлексия: «Шаттық шеңбері»
- Балалар, менің қолымдағы доп ненің белгісі деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, ол - спорттың белгісі. Ал спорт – денсаулық кепілі. Біз осы доп арқылы салауатты өмір салтын ұстанатынымызды көрсетіп, бір - бірімізге жақсы тілек тілейік.(оқушылар бір - біріне допты беру арқылы бір - бір тілек айтады)

















































Шаттық шеңберге тұрады














Сабақтың соңы












Қорытынды.
Мұғалім:
- Ия, оқушылар. Бүгінгі көріп отырғанымыздай нашақорлық - қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Ата - аналар және сіздер мен біздер, әрбір Қазақстан азаматы біріге күресуіміз керек.
Олай болса, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, жоғары көтеріп, бүгінгі сабағымыздың ұранын айтып жіберейік:
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!»
«Біз нашақорлыққа ЖОҚ дейміз!»
- Барлығыңызға, келген қонақтарға үлкен рахметімізді айта отырып, тәрбие сағатын жабық деп жариялаймын.




Саралау.


Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?


1

5.Тапсырманы орындау кезінде күтілетін нәтижені саралаймын.


Бағалау.


Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2024
302
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі