Материалдар / «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет »

«Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет »

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ









Picture 1














ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет »








Топ кураторы: А.Ильясова





















Қазалы қаласы

2024-2025 оқу жылы

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары ___________________ Ә. Тілеубайұлы



ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Күні: 17.06.2025 жыл

Курс: І курс

Тобы: №24-1

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет »

Тәрбие сағатының мақсаттары:

Студенттерге темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.


Куратор: Салауатты өмір салты дегеніміз не?

Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Бүгінгі сабағымыз конференция түрінде өткізгелі отырмыз. Сабақ 2 бөлімнен тұрады.

Ендеше бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күйімізді көтеріп алайық, бастайық. (ән)

Мен саған ... тілеймін.  «Жүректен – жүрекке» әдісімен тілегімізді жазып қолымыздағы гүлді оқытушыға сыйлайық.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.

Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызды алуға болады.

І бөлім: Темекі
Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Білімалушылардан қандай жауап болар екен. Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері. Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.

               Өмірің болсын десең сенің сәнді
               Ойланып, айналаңа қара мәнді.
               Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
               Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
               Салауатты мақсатың - өмір сүру,
               Өмірдің мағынасын керек білу.
               Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
               Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру 

Куратор: Студенттер, біздің ортамызда көптеген мамандықтармен бірге жұмыс жасап темекі мен есірткіге зерттеулер жүргізген студенттер бар екен. Ендеше сол студенттердің зерттеп келген жұмыстарын көрейік.

Биолог (Рамазан): Темекі алқатұқымдас класына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грамында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады.
Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі. Дүниежүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.

Куратор: Білімалушының берген осы ақпаратына биолог мамандардың алып-қосары бар маекен? Сөз кезегін Бурумбаева Гулмира тәтилеріңе сөз береміз. Қысқаша шолу жасап өтсеңіздер.
Нұрдәулет: Темекі шегу әдетке айналады не себепті.

Куратор:Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізген Аружаннан алсақ.
Дәрігер (Аружан): Темекі түтігіндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.

Ақжібек: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі мен нашаны шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді?

Куратор: Бұл туралы тобымыздың социологы не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

Социолог (Әмина): Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, тбірақ темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деп ауыл тұрғындарына сұрақ қойып көрдім. Көп адамдар «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.

Әлихан: Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме?

Куратор: Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде зерттеу жүргізген Батырханға сөз береміз.

Химик (Аяулым): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-90 0 – қа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиян түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунд ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг дейін никотин тартады. Темекі түтінінде никотиннен басқа да улы заттар бар. Олар: аммиак, иіс газы, синиль қышқылы, мышьяк, висмут, 20 жыл ішінде өкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады.


  Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның».  
«Дені сау бала  әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі»


2 –бөлім .

Куратор: Балалар есірткінің басы темекіден басталғанын көріп отырмыз. Сондықтан, темекі – есірткіге апаратын бірден-бір жол. Есірткі деген не деген сұрақ (Студенттің ой – толғауын тыңдап, пікірталас жүргізу.)


Бакдаулет:

Мен - есіркіге қарсымын!

Есірткі деген сөздің өзі бір зұлымдық сияқты құлаққа жағымсыз естіледі. Есірткі - адамның санасын жаулап қана қоймай, әрдайым өзіне еліктіретін бір қасиеті бар химиялық зат. Есірткі түрлері: гераин, какаин, анаша, канапля және тағы басқалары. Көбінесе есірткіні Ауғанстан мен Батыс мемлекеттерінде өндіреді. Оны қолдану тәсілдері көп. Оны ине шаншу немесе дәрі сияқты капсулаларда қолданады. Есірткінің дәрі немесе қант пудрасы сияқты болып келуі оның бір елден екінші елге тасымалдануына мүмкіндік береді, себебі оларды дәрі немесе витаминдер сияқты шекарадан тасымалдау оңайға түседі.

Қазіргі кезде мектеп оқушылары мен студенттер арасында есірткінің дәмін сезіп, сол зұлымдыққа мойынсұнып кеткен жастар барын жоққа шығара алмаймыз.

Нашақорлыққа беріліп, сол "батпақтан" шығудың жолын ойлап, арнайы емдеу орындарында емделетін адамдар арқылы біз мәдени іс-шаралардың жемісін көре аламыз. Тайған жолдарынан қайта жақсы өмірге оралудың өзі үлкен күш-жігерді талап етеді. Жастар, нашақорлыққа берілмей, қызыққа толы өмірдің парасатты азаматы болуға ұмтылайық!

Есірткіні зерттеп келген нарколог зерттеушіміз слайд дайындап келген екен назар аударайық.

Куратор: балалар біз азымаз ойын ойнайық. Ортаға 6 – студент келсе екен. Ойынның шарты: Мына шарлардың ішіндегі сұрақтарға жауап беру керек.

Сұрақтар:

  1. Әдепті бала қандай бала? (Дина)

  2. Сабақтан қандай көңіл күй алдың? (Динара)

  3. Сабақ саған ұнады ма?( )

  4. Болашақта қандай маман болғың келеді? (Ендеше өз өнеріңді көрсет.) (Бекжан)

  5. Бүгінгі сабақ саған несімен ұнады?( )

  6. Сабақтан не үйрендің?( )


Куратор: Нашақорлық туралы өлең шумақтар:

Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін
Ей адамдар,аулақ болғын жаманнан,
Ұрынсаң егер құр қаларсың бұл жалғаннан,
Жамандыққа бет бұрмай, таза жүрсең,
Жақсылар да табылады тек жаныңнан.
Бұл әлемде лас істің көп қой түрі,
Барлығы да адамды күйдірір тірі.
Соның бірі нашақорлық жанды жеген,
Жақсы мейлі жаманды да қылған жынды.
Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін,
Қаларсың жалғыз әлемде,қызығын көрмей өмірдің,
Өзің көрген азапты өзгелерге көрсетпе,
Ата-анаңды ойлағын,олардың бұзба өмірін.
Арын сатқан аңқауларға ермегін,
Бетке ұста еліңнің ұлы ерлерін.
Солардай сен бола алсаң айбынды
Ата-анаң мен мақтанышы еліңнің.
Бірақ рет қана тәуекелдің зардабы,
Өміріңнің мәңгі өшпес сортаңы.
Одан кейін еш ойлантпас,қиналтып,
Сол нәрсенің бойыңды арбап алғаны.
Ол әкетер сені де үйір қылып,
Құтылып көрші сен одан болсаң жүйрік.
Жан-дүниең өртеніп кететіндей,
Бір сәт оны қабылдамай тартсаң күйік.
Түсінбеймін,осыларды біле тұра,
Адамдар неге үйір бұл құрғырға.
Бұларсыз-ақ өмір сүріп болмас па еді,
Өміріңді бүлдірмегін,жүргін таза!


Алихан:
Білсең достар, арақ,шылым-дұшпаның,
Мықты болсын оған деген ұстаным.
Жырақ жүрсең аулақ салып іргеңді,
Бақытыңның жолын тауып ұққаның.


Азамат:

Арақ алдап, сыра жалмап жер үстін,

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамының жүрегі айналып лоқсиды

Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

Ішсең қисаңдап жүресің, 

Ретсіз ыржыңдап күлесің

Ар-ұяттан айырыласың

Оны өзіңде білесің

Біле тұра ішесің

Өз кебініңді өзің пішесің

Ұрлық та жасайсың

Түрмеге де түсесің

Тоңсаң мені іш, жылынасың

Қайғырғанда іш, пәлеге ұрынасың

Ұялшақсың ба іш батыл боласың

15 тәулік айықтырғышқа қонасың

Мен болдым ғой жексұрында, жауыз да.

Арақ өзі құйылмайды ауызға

Әділетін айтыңдаршы, ағайын

Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?


Дидар:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң.
Нашақорлық- жайылған індет,білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ ,білем.
Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
Жерде жатқан шылымды,
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ,тиіспеді.
Жерде жатқан шылымды,
Есек келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ ,тиіспеді.
Жерде жатқан шылымды,
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ ,тиіспеді.
Сол шылымды алайда,
Тауып алды Балғабек.
Алақ-жұлақ етеді,
-Сіріңкеңіз бар ма ?- деп.
Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті.
Иіскеген жастардың,
Жан-тәнін түгел кесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі.


Куратор: (Тренинг тыныштық сәті:)

Адам!
Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды, -

(Хорменен ) «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – біздің міндет »

дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


Топ кураторы: А.Ильясова

Топ шебері: Т.Смағұлов

ЖИ арқылы жасау
19 Маусым 2025
96
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі