400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген оқырман үшін көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет

Сынып жетекшіміз әр аптаның дүйсенбісі күні сынып сағатынын өткізетін. Кезекті сынып сағатында «Дені саудың – жаны сау» атты тақырыпта мектеп мейірбикесімен кездесу өткізілген болатын. Сынып сағаты жетекшіміздің кіріспе сөзімен басталып, мектеп мейірбикесі Оразбаева Гүлнар Демеуовнаның дәрісімен жалғасты. Дәріс сабақ «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет» тақырыбында өткізілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық” дегеніндей, сол қауіпті індет туралы баспасөз беттері мен теледидар хабарларынан,бағдарламалардан тындап, естіп жүргенде баса назар аудармайды екенмін. Мейірбикенің дәріс сабағын тыңдай отырып, өз түйсігімде қалған індеттен бойымызды аулақ ұстап, басқа елдермен тереземізді теңестіретін, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табылатын мемлекет атану жолында жастарды салауатты өмір салты қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат болып ержетуіміз керек екенін замандастарыма ұғындырмақ оймен осы ой-түйінімді жазбақ болдым. Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоятыны бәрімізге аян. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама?! Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып баратынын, нақты дерек сандар көрсеткіші шарықтап кеткенін дәрістен тындай отырып, оған көптеген себептер бар екенін түйсіндім. Менің ойымша, біріншіден, бозбалалар мен бойжеткендердің бұл жаста өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салынуы болса, екіншіден, бір сәттілік ләззат үшін шоқ басқанын білмей қалған жастардың қателігі деп санаймын.Абай атамыздың өз заманында айтқан «Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтық аздырар адам баласын» дегені қазіргі уақытқа дөп келіп тұр.Сондай-ақ нашақорлықтың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң балалардың өмірге жиі келетіні бәрімізге де белгілі. Қазіргі таңдағы аталмыш дерт бір адамның, яғни нашақордың ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның басындағы қасіреті болып отыр. Нашақорлықты аузынан от шашып тұрған аждаһаға теңеуге болады. Бүгінгі жастардың, замандастарымыздың ой – арманы, мақсат – мүддесі, тілегі жоғалып,ХХІ ғасырдың салауатты да саналы азаматы болудан қалып бара жатқаны бала жүрегімді қынжылтады. Бірақ көпке топырақ шашудан аулақпын...

Бұл көңіл – күйімізді, сана – сезімімізді, мінез – құлқымызды бұзып бара жатқан қауіпті індетке тыйым салу қоғамымыздың басты міндеті. Сорақылығы сондай, түбі қылмысқа апаратын жол екенін ұғыну нашақордың көзін тас қып байлап тастағандай. Зардап шеккендер өзінің баяғы өмірлеріне орала ала ма, орала алмай ма?.. Не істемек керек? Адам қалпына келу қиынға соқса да, дер кезінде талпыныс жасап көрмесек, кеселдің шырмауынан қашып құтыла алмайтынымыз анық. Аңғалдық пен албырттыққа берілмей, есірткінің  құлына  айналып бара жатқан, әлі оң-солын танып білмеген ұрпағымызды рухани азудан сақтауымыз қажет.Қысқасын айтқанда, есірткімен күресіп қана қоймай, оны болдырмаудың, алдын алудың жолдарын іздеуіміз керек. Ғасыр дертінен айығуымыз қажет.Ел болып, халық болып күресу басты міндетіміз екенін ұғуымыз керек деп есептеймін.   Жас жеткіншек, достарым! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіздер. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыздар. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыздар. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыздар. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда.
Өзіңізге сеніңіздер. Өзіне сенімді адам ғана өзін сақтай алады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырыңыздар. Сіздер ел үшін керексіздер. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар! 



Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі

8-сынып оқушысы

Нұрсайын Мерей

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қараша
1108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі