Материалдар / Нашақорлық-ғасыр дерті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нашақорлық-ғасыр дерті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне тәжірибе жинауға көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
1212
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Нашақорлық-ғасыр дерті

Мақсаты:Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр, «Есірткіге жол жоқ!» және суреттер.
І. Кіріспе сөз
ІІ. Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндама
ІІІ. Сахналық қойылым «Жан азабы»
ІV. Салауат үгіт-насихат тобының қойылымы
V. Нарколог кеңесі
VІ. Рефлексия

Мұғалім сөзі:
І. Кіріспе сөз.
Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге мектебіміздегі 1-ші желтоқсан күні өткен «Есірткіге жол жоқ!» атты акция аясында және бүгін, яғни 19 қараша бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты 5 а–сынып оқушыларының «Нашақорлық ғасыр дерті» атты кіріктірілген үлгідегі ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге мектебіміздің психолог маманы, оқу ісі меңгерушісі және дәрігер маманы қатысып отыр.

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған
заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық-зор байлық»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.

1- жүргізуші
«Нашақорлық - ғасыр дерті» атты баяндама
Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш
майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

2-жүргізуші:
Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.
1- жүргізуші:
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

2-жүргізуші:
Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.
1- жүргізуші:
Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көкөрім жастар.
2- жүргізуші:
Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осыдан жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адамдар өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.

1-жүргізуші:
Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.
ІІІ. Сахналық қойылым. «Жан азабы»
Қойылымды тамашалау.

ІV. Салауат үгіт насихат тобының қойылымы.
2-жүргізуші:
Анаша шегушілер бара-бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қалады.
1-жүргізуші:
Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.
2-жүргізуші:
Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады.
1- жүргізуші:
Анаша шегушілер - өзін-өзі өлтірушілер.
2-жүргізуші:
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.
1-жүргізуші:
Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сақ болайық, ағайын!
1-жүргізуші:
Ажал тарататын анашадан абай болайық!
2-жүргізуші:
Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,
1-жүргізуші:
Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,
2-жүргізуші:
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,
Екеуі қосылып:
Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!

V. Нарколог кеңесі.
1 - жүргізуші:
Сөз кезегін ауылымыздың наркологына береміз.
Маманға сұрақтар қоямыз:
1. Нашақорға заң несімен қауіпті?
2. Адамның нашақор екеніне сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?
3. Нашақорлықты басқаша қалай атауға болады?

VІ. Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ
өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ
өмірімізге неге балта шабамыз?
Хормен:
Өз өміріміз үшін күресе білейік!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Кері байланыс.
1. Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай
сезімдер тудырды?
Мұғалім сөзі:
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.














Тақырыбы: Өнеге - отбасынан
Мақсаты:
а) білімділігі: Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты
ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да 
парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;
ә)дамытушылығы: Халқымыздың тәлім- тәрбиесінің ананың 
ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен 
берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді 
балалар бойына дарыту.
б) тәрбиелілігі: отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,
қайырымдылық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар
Әдісі; әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап
Тәрбие сағатының барысы 
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, 
туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
І. Кіріспе сөз.
Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.
Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата-анасын сағынған
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы,тілегі
Әрқашан да бір арнадан табылған.
ІІ. 
ІІІ. 
ІҮ. Өмірде не жетім
1.Өмірде ата-анасы жоқ болса,бала -жетім.
2.Халқына сенімсіз болса,хан –жетім
3.Суы жоқ- құдық жетім
4.Досы жоқ жігіт- жетім
5.Шәкіртсіз ұстаз –жетім
6.Қызы жетесіз болса, ана- жетім
7.Ата-ана ақылы жерде қалса,
бәрінен де сол жетім
Ү. Ата-ана туралы хадистер
Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі баланың түп негізі ата-ана болып табылады.
Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады.Сен соны білуің керек.
Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.
Борыш-ата-анаға ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.
ҮІ. Әңгіме
-Бір үйде жүз туыс бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату-тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп: 
-Біз бір үйдегі 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 100 туыс адам қалай тату тұрасындар?- депті. 
-Балалар, осының ссебебін сендер неде деп ойлайсындар? 
*Өзара түсіністік. 
*Сыйластық. 
*Еңбексүйгештік. 
*Мейірімділік.
*Сыпайылық
*Қайырымдылық.
ҮІІ. Балаларға сұрақ:
Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
-Анаңның туған күні қашан?
-Үйдегі адам саны қанша?
- Бауырың неше жаста?
- Үйде ыдысты кім жуады?
-Үйді кім жинастырады?
-Таңертең сені кім оятады?
-Әкеңнің туған күні қашан?
ІХ. «Мақалдың жалғасы тап» ойыны
1.Атаға қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
5.Ұядан не көрсе,...
Х. Балаларға жұмбақтар шештіру:
Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген,
Бұл күнде жиеннің анасы. Ол кім?
Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті-ақ дейді немере,
Бал шырындай үнің деп. Ол кім?
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған. Ол кім?
Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге,
Білгенің асады кәдеге. Ол кім?
ХІ. Балалар шығармашылығы.
ХІІ. Анама ақ тілек!
Ой- толғаныс. Аналарына гүл ұсынып, тілектерін айтады.
ХІІІ. Қорытынды.
- Не тәтті ? Ананың сүті
- Не жұмсақ ? Ананың қолы
- Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын,
Бауырмал болса, інің жақын
- Не қымбат ? Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт – береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

ТАҚЫРЫП: Зиянды әдеттерден аулақ бол!

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: 1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету; 2. ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту; 3.адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген, жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір - бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптасады; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамиды, шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйренеді.
МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: оқушылар
САБАҚ БАРЫСЫ: Оқушыларды топқа бөлу, топпен жұмыс
Сабақтың барысы: 
Кіріспе: Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы,Отанының сенімді тірегі» деген екен. Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Зиянды әдеттерден аулақ бол!». Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты Қазақстан” атты жүрдек жолаушылар поездымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздер көптеген тапсырмалар күтіп тұр. 
Шаттық шеңбері: Алдымызда кездескен,
Көп қонақты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Аялдамалар
1.«Кел, танысайық» таныстыру 
Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап, ой бөлісейік.
2. “Мың бір хадис” аялдамасы“
1-топ. 1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу.
Тамақтың берекесі де осында.
2-топ 2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады. 
3-топ 3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. («Мың бір хадистен»)
Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім — кімге де ақиқат. Балалар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
3. “Денсаулық -зор байлық” аялдамасы
1-топ . «Денсаулық-зор байлық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2-топ .Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3-топ. «Дені саудың жаны сау» деген мақалды қалай түсінеміз?
2-топ БИ
Мұғалім: «Арақ — арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші, балалар зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек
4.“Жағдаятты талдау” аялдамасы 
1.Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің?
2.Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?
3.Саған 11-сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық.Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?
5.. “Ұлы ғұламалар не дейді?” аялдамасы 
-Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма? дейді
---Біріншіден, шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.
-Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді.
---Екіншіден, олардың үйін ешқашан ұры тонамайды. 
-Себебі, шылым адамның өкпесі таза болмайды да күндіз- түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп, үйге жақындай алмайды.
----Үшіншіден, шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды
-Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын? ( Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады.)
1-топ БИ
6. Кім көп біледі? Мақал-мәтел сайысы

Мұғалім:1997 жылдың қазан айында ел Президенті Н.Ә. Назарбаев “ Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” туралы Қазақстан халқына жолдауын ұсынды. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді, арамдыққа және қылмысқа итермелейді. Сонымен қатар ішімдікке құмар адамның рухани байлығы азайып, адамгершіліктен жұрдай болады. Ішімдік барлық ішкі мүшелерді улап, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдықтырып, небір талантты да дарынды жас жеткіншектеріміз арақтың кеселінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті-ақ. Міне, осындай өкініштердің алдын- алу мақсатында Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған және Саламатты Қазақстан жолдауларында еліміздің келешегін өркендетуді атап көрсеткен.
7. «Уланбасын—өмірің» аялдамасы (көрініс)
8. Аялдама «Егер мен президент болсам, өз мемлекетімнің азаматтарының денсаулығын нығайту үшін не істер едім?» постер қорғау
Мұғалім:Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сабақтың тақырыбы: «Менің құқықтарым , менің міндеттерім»

Мақсаты: Оқушыларды адамзаттың басты құндылықтарын айыра 
білуге үйрету және заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің 
мағынасын ашу, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: мемлекеттік рәміздер, буклет , суреттер.
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойындар

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
б) Ой шақыру сұрақтары
ІІ.Негізгі бөлім
1. Ата заңым – алтын заңым. 
а) «Бәріміз бірге!» ойыны
б) Өмір, денсаулық, бостандық.
2. Менің отаным – Қазақстан.
а) «Кім жылдам?» ойыны
ІІІ. Қорытынды
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық. 
Мұғалім: 
Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып, терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз?
Әрине, күнді, күннің нұрын көреміз. Егер күн жарқырап, нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз? 
Қуан шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін! (балалар хормен айтады)

2) Ой шақыру сұрақтары
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы кім қандай мақал біледі?
в) Қазір қай мезгіл?
г) Желтоқсан айы қай мезгілге жатады?
д) Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
- Дұрыс. 1 – желтоқсан президент күні
16- желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Балалар, бүгін біз президент күні қарсаңында өткелі отырған сынып сағатымыздың тақырыбы: «Менің құқықтарым, менің міндеттерім» деп аталады.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Ата заңым – алтын заңым.

Мұғалім: 
- Олай болса, бірлесіп «Бәріміз бірге!» ойынын ойнайық.

1) «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз –ту, елтаңба, әнұран.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
д) 1 желтоқсан - Президент күні
е) 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні
ж) 30тамыз - Конституция күні

Мұғалім: 
- Әр елдің өзіне тән белгілері, рәміздері болады. Егемендігіміздің белгілерінің бірі – ол мемлекеттік рәміздер. 
«Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл Қазақ , 
сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» -деп Төле би бабамыз айтқандай егеменді ел атандық. Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. 
- Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. 
Конституция - еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайлы байыпты да, парасатты кітап. Конституцияны мұқият оқып үйренген жөн. Өйткені онда жазылған заң талаптарын өзімізде байқай берместен, күн сайын қолданып отырамыз. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Ата заңым, алтын заңым-ардағым,
Аялаған азаматтың арманын
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың – дегендей, Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек:
7- бап. Қ.Р-ның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
9- бап.Қ.Р-ның нышандары-Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.
15- бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
24- бап. Әркімнің еңбек ету, кәсіп пен қызмет түрін еркін таңдау құқығы бар.
29-бап. Қ.Р-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30- бап. Тегін орта білім алуына кепілдік береді. Орта білім алу міндетті.
36-бап. Қ.Р-ның қорғау- оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндетті.

- Ал, балалар енді сендерді тыңдайық. Осыған байланысты не айтасыңдар?

Сергіту сәті. «Туған еліме тілегім» 
Қазақстан картасының суреті тақтаға ілініп, балалардың алдына гүл, күн көгершін суреттерін үлестірмелі түрде беріледі. Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып, не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.

Отан туралы тақпақтар айту.

ІІІ. Қорытынды.

Сонымен, қорыта келгенде өзіміздің құқығымызды қорғауға, міндеттерімізді орындауға, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Өрлей бер өркениетке, өсер елім

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып,келешекке сеніммен қарауға,елжандылыққа,ұлтын сүюге,қастерлеуге үйрету,адамгершілікке,мейірімділікке,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу,оқушылардың дүниетанымын кеңейту,қалыптастыру.
Көрнекілігі: еліміздің Рәміздері, қанатты сөздер,интерактивті тақта.
Барысы.
Мұғалім: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өрлей бер,өркениетке,өсер елім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз,ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз,кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз!
Біз Қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз.Қазақстан мемлекетін құру,қазақстандық болу-бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт.Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз!Бүгін біздің сыныбымызда ұйымдастырылған тәрбие жұмысы осындай мақсаттарды көздеген болатын.Ендеше сөз кезегін оқушыларға берейік!
1-жүргізуші: Қазақстан егеменді ел,тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып,буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!
«Менің Республикам» өлеңі «Көңіл толқыны» әуенімен оқылады.
2-жүргізуші: Иә,ата-бабам аңсаған азаттық таң,
1-жүргізуші: Ата-бабамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып,көк байрағымыз көкте желбіреді.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік үшін білектің күшімен,найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
1-жүргізуші: Тәуелсіздігііз үшін жанын пида,құрбан еткен азаматтарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмтылмақ емес.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның.

1-жүргізуші: Шартарапта шаттығындай азаттың,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
2-жүргізуші: Көк байрағы,елтаңбасы бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
Әнұран орындалады.
1-жүргізуші: Еліміздің елдігін,бірлігі мен тірлігін ойлаған ата-бабамыз ұлтарақтай жері үшін,туған елі үшін жанын берді.
2-жүргізуші:Халықтың татулығын,кең байтақ жерінің тәуелсіздігін,елінің мұраты мен келешегін ойлаған ата-бабам толарсақтан саз кешіп,ат үстінде елін қорғады.
Хор: «Егеменді Қазақстан».
1-жүргізуші: Қазақ халқы ханын ақ киізге салып,көкке көтеріп,басы жерге жеткенше сыйлап өткен.
2-жүргізуші:Татулық пен бірлікке шақырған билердің шешіміне,тоқтамына келісіп,ақыл кеңесіне құлақ түрген.Қара қылды қақ жарған әділ билердің шешіміне тоқтаған.
«Билер» көрініс.
Хор: «Атамекен».
1-жүргізуші: ата-бабамыз аңсаған азаттыққа,тәуелсіздікке қолымыз оңай жеткен жоқ.
2-жүргізуші: Халықтың басынан небір дүрбелең өтті.
1-жүргізуші: Ғасырлар бойы бабаларым армандаған тәуелсіздіктің туын тігуге Желтоқсан оқиғасы Ақ жол,нұрлы бастау болды.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік-елдіктің киелі кепілі,келелі келешегіміздің,ұлттық татулығымыздың нышаны.
1-оқушы: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен.
2-оқушы: Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
3-оқушы: Дүбір қосып өзіндей сәйгүлікке,
Ақбоз аттың алдынан шалды үміт те
4-оқушы: Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке.
2-жүргізуші: Міне,екі жарым ғасыр бойы күресіп, қан төгіп, 200-ден астам рет бас көтеріп, көтеріліс жасап,бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «Тәуелсіздік» мәні ерекше.

Ән «Елім менің».
Әдеби монтаж:
1-оқушы: Көк аспанда тулардың,
Желбірейтін күні- бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні-бұл.
2-оқушы: Атамекен ақ үйдің,
Азат болған күні-бұл.
Құндақтағы сәбидің,
Қазақ болған күні-бұл.
3-оқушы: Жұпар шашқан гүлімнің,
Жаңа ашылған күні-бұл.
Менің ана тілімнің,
Бағы ашылған күні-бұл.
4-оқушы: Алты алаштың баласы,
Қауымдасқан күні-бұл.
Бір-бірімен жарасып,
Бауырласқан күні-бұл.
5-оқушы: Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлділі.
Қазақ деген елімнің,
Құтты болсын бұл күні!
1-жүргізуші: Қарыштай бер Қазақстан шың басына,
Айналып орта Азия барысына.
Талапты ел атанып,табысты ел,
Асты даңқың мұхиттың ар жағына!
2-жүргізуші: Мемлекеттік нышандары айқын, болжам парасатын пайымдаған мемлекет аталуымыз елбасының сардарлы да салиқалы саясатының нәтижесі.
1-жүргізуші:Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.
Олай болса, жылнамалар легіне кезек берейік.
1991 жылы - еліміз Тәуелсіздігін алды.
1992 жылы- ел Рәміздері бекітілді.
1993 жылы - төл теңгелер айналымға түсті.
1994 жылы -елдің жаңа парламенті өз жұмысын бастады.
1995 жылы - еліміздің Ата заңы-Конституция қабылданды.
1996 жылы - желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.
1997 жылы - ел ордамыз Астанаға көшірілді,осы жыл «Татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып жарияланды.
1998 жыл - «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих» жылы.
1999 жыл - «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы.
2000 жыл - «Мәдениетті қолдау» жылы болып жарияланды.
2001 жыл - «Тәуелсіздік пен достық» жылы болып жарияланды.
2003-2005 жылдары – «Ауыл жылдары» болып жарияланды.
2006 жыл - сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.
2007 жыл - Қазақ тілін қолдау жылы.
Хормен: Қазақстан үшін әрбір жыл жетістікке толы болмақ.
Ән: «Қазақтың елі».
6-оқушы: Бейбітшілік ұраны-
Жарқыраған алтын күн.
Ақ қанатты қыраны-
Азаттығы халқымның.
7-оқушы: Паш еткен даңқын,атағын
Қазақстан –Отаным.
Нұрға бөлеп елімді,
Ақ таңың боп атамын.
8-оқушы: Қазақстан-Отаным,
Туған жерім киелім.
Арттырып даңқын,атағын,
Туына бас иемін.
9-оқушы: Міне осындай бар менің Республикам!
Таңы атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ-дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын.
Міне осындай бар менің, Республикам!
Көгінде күн күлімдеп күлетұғын,
Ата-баба дәстүрін білетұғын.
Жатсынбайтын халқым бар өзге ұлысты,
Құдасындай қалжыңдап жүретұғын.
Міне осындай бар менің, Республикам!
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,қадірлі оқушылар!егемендіктің елдігін,тәуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мәңгі арайлап ата бермек!
1-жүргізуші: Азаттықтың айбарлы алдаспанын асқақтата адымдаған айбынды елімнің күні шұғылалы,туы биік желбірей бермек.
2-жүргізуші: Осымен «Өрлей бер өркениетке,өсер елім» атты тәрбие сағатымыз мәресіне жетті.Келесі кездескенше күн нұрлы болғай!







Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік асыл-қасиет

Мақсаты:оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады.
Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын.
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.
Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік ашу,ызақорлық
Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады.Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?
Ол қандай қасиеттер?
1-топқа неден жирену керек?(Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)
2-топқа Неге үйрену керек?(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)
Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?»
Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлт.Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.
Екінші бұлт.рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік.
Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар.
1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің?
2.Сенің жан досың «Киноға барайық»деген болатын,ал сенің уақытың болмай жатыр.Не істер едің?
4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?
Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің?
Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт.
Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа.
Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек.
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай)
Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам баласының дұшпаны.
Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.
Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын,бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,ақылды парасатты болыңыздар!
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар!

































Тақырыбы: Табиғат және Экология 
Мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім беру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру. 
Дамытушылық: Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту. 
Тәрбиелік: Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: Табиғат және экология туралы қанатты сөздер, суреттер
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 

Кіріспе сөз Тәрбиеші: «Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті. 
Қуандық: -ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елендеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр,бірі-ядролық қарусыздандыру да,екіншісі-табиғаттағы болып жатқан дағдарыс. Қазіргі біздің республикамыз атмосфераның ластануы жөнінен бүкіл дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шығып отыр. 
Арал теңізі мен Балхаш көлі суларының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығы мен табиғатына үлкен зиян келтіруде.Бүгінде Арал теңізі мен Балхаш көлінің тағдыры-бүкіл халқымыздың тағдырымен сабақтас болып отыр. 
Елу жыл бойы Семей жерінде атом бомбасының жырылып,одан тараған әр түрлі зиянды радиоактивті заттардың ауаны ластауы және ауа,су,тағамдар арқылы ішкі ағзаға өтіп,адам өміріне әлі де қауіп төндіруде. 
Ірі қалаларда ауаға әр түрлі улы ғаздар бөліп шығаратын түрлі өндіріс орындарының көбеюі. 
Атмосфераға зиянды улы ғаздар мен олардың қоспаларын бөліп шығатын жеңіл машиналар мен көліктер санының көбеюі. 
Сағилат: 
Табиғаттан оқшау сырт қалам қайтіп, 
Анасындай арнасын тастап қашып, 
Арал қайтып барады,Арал қайтып 
Тебіренші,қарашы таң нұрына, 
Шақырамын,құлақ сал,жан-жырыма, 
Арал сенің тағдырың әлемдегі- 
Ұласып тұр адамзат тағдырына 
Ержан: 
Анаға бар адамның жаны ашыған, 
Кім безер табиғаттай анасынан? 
Аралым,күннен-күнге,жылдан-жылға 
Алыстап бара жатыр жағасынан. 
Балқаш та жалғызсырап аңыраған. 
Кім келіп көрсетті екен жәбір оған, 
Күн қайда сол кербездің бір өзіне 
Жеті өзен жеті туыстай жамыраған. 

Асылхан- Қазіргі ғылыми прогрестің шарықтап,дамыған тұсында ауаның шектен 
тыс ластануы-жер бетіне көптеген аурулар мен дерттерді қоса ала келеді. Осының 
салдарынан адам өмірі мен бүкіл тіршілік атаулығы қауіп төнді,адам өлімі 
жылдан-жылға көбейе түсуде. Климат өзгеріп,ауа-райы бұзыла бастады. 
Бақдаулет. -Бүгінде табиғатты болып жатқан дағдарыс біздің республикамызға да қауіп төндіріп тұрғаны баршамызға аян. Қазақстан жерінің бүлінбеген бір бұрышы,бұзылмаған бір ұясы қалмағаны анықталып,кеш те болса,әлемге жар салынып зерттелуде,алдын алу іс-шаралары қарастырылуда. 
Сағилат: Ей замандас! Ең алдымен досыңды ұқ. 
Досың-жер,мөлдір ауа,өсімдік 
Ала жүріп осылардың сыйлығын, 
Осыларды қорлау деген не сұмдық? 
Жер ешкімге жазбайды деп арыз да, 
Барын сарқып ала беру парыз ба? 
Жоқ,замандас,әр ұрпаққа туған жер 
Не берсе де беретіні-қарызға 
Ержан: Тіршілікті қорғауға біз жарасақ 
Қорық жасап,егін егіп,қала сап 
О,азамат,космостық дәуірің 
Талап етер сенен биік парасат. 

Табиғатқа қамқорлық жасау-әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы. Табиғаттың тырылтпайық,мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың. 
Ей,адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың. 
Ол –анаң ғой,ал,сен-кенже ұлысын. 
/М. Мақатаев/ ІІ. «Сен білесің бе?» 
Тәрбиеші:
1. Неліктен көктемде ағаштарды әктейді? 
2. Неліктен тауға шығар алдында альпинистер төменгідей ережені сақтауға тырысады? 
Егер биік таудың төбесінде өткізгін келсе,барлық темірден жасалынған заттарды жинап,өзіңнен оқшауырақ қойғын. 
3.Адам баласы тәулігіне 1кг ас пен 2л суды пайдаланатын болса,ал оның тыныс алуы үшін тәулігіне 25 кг ауа қажет екен. 
Көрініс:
Табиғаттан табар адам керекті 
Отын етіп,кесіп емен теректі 
Егін егіп,өнімдерін алумен 
Малдарына орып жасыл желекті. 
Қапқан құрып,бүркіт салып аңына, 
Өрт шығарып ну орманның маңына, 
Неге біздер жол береміз осындай 
Суық қолды адамдардың торына! 
О табиғат! Тағдырмысың сен менің 
Сенің барлық өзен,тау мен көлдердің, 
Ауаң,суың,өсімдігің болмаса 
Дүниеде қалай өмір сүремін? 
Құдыретті мол табиғат,мен саған 
Әрқашанда алғыспен бас иемін! 
Қорытынды Тәрбиеші: - «Тәрбие-бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл мәдениеті. Ендіше, табиғатты аялай білетін, адамгершіліг мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.



Тәрбие сағат тақырыбы: “Мен және менің құқығым”

Кіріспе сөз
Ата Заңның ең ардақты арқауы – ел мұраты мен халық бірлігі !
Мазмұны мен өрнегі жарасқан , тәуелсіздіктің туы мәңгі желбіресін,күніміз мәңгі сөнбесін!
Н.Назарбаев.
Қазақстан 
Республикасының
президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы 
7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды.

Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең-байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт-санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың биік болуы ойластырылған. Қазақта: « шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек-сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан осы сөздерді басшылыққа алған. 

1.Құқық А-Еліміздің негізгі заңы
2.Конституция Б-Еліміздің басшысы
3.Мемлекет В-негізгі саяси қоғамдық ұйым
4.Азамат Г-Тәуелсіздік
5.Құқық бұзушылыр Д-Заңдар жүйесі
6.Президент Е-Заң шығарушы орган
7.Парламент Ж-Заң жүйесін бұзу
8.Егемендік З-Құқығы бар ел тұрғыны 


Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына назар аударайық. Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы- алматылық Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенмен, жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан да Күннің тудан орын алуы лайық.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін-қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Егер де Туға тұтас зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырылғаны байқалады. Ол: Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан Қыран-тыныштықтың, баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елдің Негізгі Заңын – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдады.Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық қазақстандықтар еңбегінің жемісі болып табылады.Бұл маңызды құжаттың жобасын талқылау барлық жерде азаматтардың,әр түрлі саяси партиялары мен қозғалыстар өкілдерінің жиналыстарында, баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жүргізілді.Талқылау барысында бір-біріне мүлдем қарама- қарсы қөзқарастар да айтылды.Азаматтар мен заңгерлер талқылау барысында көптеген ескертулер мен толықтырулар енгізді.Жаңа Конституцияның ерекшелігі –оның Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі деп жариялауы еді.Осылайша Қазақстан халықаралық нормалары мен демократиялық және құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын барша әлемге жария етті.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасының Алматыдан Ақмолаға (1998 жылғы 6 маусымнан –Астана қаласы) көшірілуі тұсында бұрын-соңды болмаған жаңа рәсім дүниеге келді. Ол-ұлы көшті мемлекеттік рәміздердің эталондық үлгілерін жеткізуден бастау рәсімі. Тұңғыш рәсімнің “туған күні”- 1997 жылғы желтоқсанның 8-і.

317-бап
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау-
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен мың айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.





























Тәрбие сағаты: «Ұлдан ұлағат ,қыздан инабат»

Мақсаты: Пікір сайыс тудыра отырып өз ойларын дәлелдеп, ойларын анық айтуға ,өз 
бетінше ойлай білуге дағдыландыру.
Оқушыларды қайрымдылыққа ,әдептілікке, инабаттылық, кішіге қамқор болуға 
Тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, сөзжұмбақ,слайд арқылы дайындалған материалдар.

1.. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Адамның жақсы жаман қасиеттері. Сен қандайсың?
3. Атадан ұлағат, анадан ғибрат.
4. Бабалар баланы қалай тәрбиелеген .
5. Ырым –тыйым –ұлағат көзі.
6. Сұрақтар арқылы ойтолғау. 
7. Қорытындылау.

Барысы:
Мұғалім: Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз,қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ Адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйіл адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған үлгі- өнеге көрген қыз бала қайда болса да келін болғанда да көргендігін көрсетеді.Ал жақсы тәрбие алған үлгі өнеге көрген қыұлдар жау келгенде де жайдақ тақа мініп шабатын өжет,батыл, адал, жеріне туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де , кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық сыйлау жағынан халқымыз алдыны жан салмаған. Бір өкініштісі уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бар жатқандаймыз. Ұлттың ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қармай,осы заманға лайықтысын таңдап алып,инабатты қыз ұлағатты ұл тәрбиелеу ата-ананың да ұстаздар қуымының да міндеті.
2. Атадан ұлағат , анадан ғибрат.
1-оқушы: «Ата-балаға сыншы» демекші ,әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін қандай іске өнерге бейімділігін ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қасиеттерін дамытуға күш салған. 

2-оқушы: Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық жақындық қатынасын түсіндіріп ататегі туралы айтып отыруды парыз санаған.

3-оқушы: Ұл бала –қазақта шаңырақ иесі, ер азамат , ата-ананың түтінін түтетуші . Ер бала өз ата-анасына ,іні-қарындастарына қамқоршы , ел қорғаны болып саналады.

4-оқушы: Ер бала еңбекке ерте бейімделеді сөйтіп ауылдың ересек балаларымен ,құрбыларымен ,ағалары,әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға ,әңгіме тыңдап, ертегі айтуға өлең айтып, ән салуға бейімделген. Демек қазақ халқының жігіті сегіз қырлы, бір сырлы болсын дегені тегін емес.
5-оқушы: Қазақ отбасында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі үлкен .Сондықтан өз ұлыңа бар өнерін ,естіген –білгенін түгел үйретуге тырысқан. Алегер әр ұл өз тарапынан ағаға ,әкеге еліктеген.
6-оқушы: Қыз бала анасының тәрбиесінде болған. Қыз қылығы түзде демекші той- томалақ ,көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен , сергек – сезімталдық ептілігімен , сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырған.

7-оқушы: Қызға қырық үйден тыйу дегендей қыз баланы тәрбиелеуде тәртіптіерді өте қатты ұстанып отырған . Әсіресе ырым- тыйымдарды қатаң ұстанған.
Адамның жақсы жаман қасиеттері.
Сен қандайсың?
Кемшіліксіз адам жоқ .Алдымен адам өзін жақсы білу қажет. Ол үшін өзіңді –өзің мұқият тексер ,толық зертте . Осыдан барып өзіңді-өзің тәрбиелеу, өзіңді дамыту, өзіңді-өзің жетеілдіру басталады. Өзіңе –өзің баға беруге әркімнің батылы жетпейді.
Кейбіреуі өзіне өте жоғары баға береді, ал өте төмен баға беру- санасының төмендігін ,өзіне сенбейтіндігі.
Нағыз адамға тән қасиеттер.
1.Ұғымды ,ойлы ететін зерде –зейінің.
2. Сені өрге сүйрейтін –өнер-өрісің.
3. Тек ілгері бастайтын –талабың.
4. Ешқашан алдамайтын -тапқырлығың
5.Қиындықта саналатын –қайратың
6. Бәрінен де күшті- Білімің.

«Ер жігіттің »айнымас серіктері:өмірлік жарың, міңген атың-пырағың, парасатты –ақылың,.
Жігіттің жолын кесіп аяғына тұсау болатын жаулары

1. Жалқаулық
2. Аңқаулық
3. Жасқаншақтық
4. Пасықтық
5. Су жұқпас сұйықтық
6. Өсекшілдік
7. Мылжынды
Осы қысқа өмірде орны толмайтын үш нәрсе бар.
Ол-ата, ана , бала. Бір ұрпақ келіп ,бір ұрпақ кетеді. Бірақ жер бетінде өмір өлмейді, өмірді бала қосады.

«Ырым-тыйым- ұлағат көзі»
Қазақтың ырым –тыйымдары.
Ұнасын, ұнамасын, Айтқан сөзді бағамда, 
Бұзба құстың ұясын. Күлме кемтар адамға. 
Ұқсама теңтек балаға ,
Пышақтың жүзін жалама. 
Шаршасаң сәл- пәл аялда ,
Бірақта жерді таяңба.
Құр беталды ермекке , 
Бос бесікті тербетпе.
Жақтыр, мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
Жоқ әдетті шығарма, 
Түнде көлден су алма.
Адамдарды санама. 
Түнде айға қарама.
Ақыл-есің бүгінде,
Кісіге қарап түкірме.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!