Материалдар / "Нашақорлық-ғасыр дерті"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Нашақорлық-ғасыр дерті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, зиянды әдеттер – араққа, темекі шегуге және есірткіге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру, сақтандыру, олардың алдын алу шаралары туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
764
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Сабақтың  тақырыбы:   « Нашақорлық - ғасыр  дерті»  
 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық,  СПИД, арақ, темекі  сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Күтілетін нәтиже:     1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды; 
                                  2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі;
                                  3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
                                  4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;
Сабақтың  әдісі: ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу.
Сабақтың  көрнекілігі: суреттер, слайд.                              
Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеология
Сабақтың  барысы: І Қызығушылықты ояту
І Ұйымдастыру: Оқушылармен  амандасу,бүгінгі  сабақтың  мақсатымен таныстыру. Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біз 10-сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған тәрбие сағатымызды бастаймыз. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады
ІІ Мағынаны тану:

Овал 1 СПИД Есірткі



Прямая со стрелкой 3 Прямая со стрелкой 5

Шылым Арақ



1.Жалпы  есірткі  заттар  адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды. Көптеген жастар есірткі бойды балқытып,ләззат алғандайалдамшы күйге түсетін күшін қызық көріп әуестенемін депкүндердің күнінде онсыз омір сүре алмайтын жағдайға жеткенін сезбей қалады. Рас наша немесе марухуаннаның дәмін бір-екі рет татқан адам, одан қайтып құтыла алмай, дәрменсіз күйге түседі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.

 Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін.



Темекінің салдарынан дүние жүзінде жыл сайын бес миллион адам қаза табады

Еліміздің 33 % жастары темекіні тұрақты тартатындар





«Прямая соединительная линия 21 Шылымның адам өміріне зияны»

Прямая со стрелкой 17 Мидың жұмысын бұзады.

Прямая со стрелкой 18 Есті жоғалтады.

Прямая со стрелкой 19 Сөйлеу қабілетінен айырлады.

Прямая со стрелкой 20 Қарым-қатыныс бұзылады.



Қазақстанда темекі тартатындар көрсеткіші (2010 жыл)



ІІІ Ой қозғау
1.    ЖҚТБ мен АҚТҚ  бір ұғым білдіреді ме? (иә)
2.    ЖҚТБ-мен зақымданған адамдар өзін дені сау сезініп, сырт көзге солай көріне ме? (иә)
3.    Маса шаққанда ауру жұғады ма? (жоқ)
4.    ЖҚТБ-мен ауратын адамды құшақтау қауіпті ме? (жоқ)
5.    Қоғамдық әжетхананы пайдалануда зақымдану қауіпі бар ма?  (иә)
         
ІV. Жағдаят сұрақтар:

  1. Адам темекіні бір рет тартқанда қандай күйде болады? Осыдан кейін тағыда тартқысы келедіме, жаман әдетті неге тастап кетпейді?

  2. Барлық адам темекінің зиян екенін біледі, бірақ оны неге тоқтатпайды?

  3. Біздің ағзамызға темекі шегу қаншалықты қауіпті?

  4. Қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар?

  5. Әйел адам ағзасына темекі қалай әсер етеді?

Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші

1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

2. Ішпеген, шылым шекпеген,  (Жасайды жылдар көптеген.)

3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

4. Адам арақты ішеді,  (Арақ ақылды ішеді. )

5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )

6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )

Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап дайындайық. 
1.    Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2.    Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3.    Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.


Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың  пікірлерін білдік, тыңдадық.  Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағазға жазып, тақтаға ілесіздер. Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді: 
Үндеу!
    Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!

Бүгінгі ашық сабағымыздың түйінін С.А.Назарбаеваның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр. «Дені сау ұрпақ- әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты азамат халықтың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болмақ». Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Нашақорлықтан бас тартып, өмір таңдаңыздар!

































   





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!