Материалдар / Нашақорлық ғасыр дерті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нашақорлық ғасыр дерті

Материал туралы қысқаша түсінік
СЫныптан тыс жұмыс ретінде зиянды әдеттерге арналған шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қырқүйек 2018
974
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Нашақорлық –ғасыр дерті.

Мақсаты:

Жастар арасындағы нашақорлық өзекті проблема болып отыр,

сондықтан өте қауіпті жұқпалы дерттен, алдын ала сақтандыру,

наша ықпалына қарсы тұра алатын жауапты тәртіпке тәрбиелеу,

болашақ педагог мамандарды осы істе жұмыс жасау үшін

жұмылдыру, бір адамдай зиянды әдеттерге ымырасыз болуға шақыру.

Тәрбие сағатының түрі : Дөңгелек үстел.

Өтілетін орны: Жиын залы.

Тәрбие сағатының барысы: 1.Кіріспе

2.Сұхбат бөлімі.

3. Алғы тест.

4. Көрініс.

5. Мамандармен сұхбат.

6. Қорытынды.


1- жүргізуші: - Саламатсыздарма, құрметті достар! «Нашақорлық-ғасыр дерті»

атты кешімізге хош келіпсіздер!

2- жүргізуші - Біз сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз,бүгінгі тақырып

ешкімді де бей-жай қалдыра қоймас. 1- жүргізуші - Нашақорлық Дүние жүзі елдерінің және Қазақстанның да бірінші

проблемасы.

2- жүргізуші -Нашақорлық деген не?

Біреу кофе,темекіні наркотик десе, енді бірі анаша мен

марихуана дейді, кімдікі дұрыс.?


1- жүргізуші - Егер медициналық энцеклонедияға көз салсақ «Нашақорлық»

термині грек: « narko»— естен айырылу, mania»- жындану деген.

мағынаны білдіреді.

2- жүргізуші - Менің ойымша дәл қазір бірнеше мамандар келіп отыр,

сол кісілерге сөз кезегін берсек.


Маман. --- Иә, бұл термин «Нашақорлық» ауруының мәнін ашып көрсетеді.

Нашақорлыққа салынғанда ішкі дене мүшелерімен қатар адамның

жүйке жүйесі де зақымданады.

Оның іс - әрекеті , қылығы қоғам үшін қауіпті бола бастайды.

Нашақорлық қауіпті ауру іспетті ол кем дегенде он адамды осы

жол- ға салып үлгереді.

Темекі де есірткі затына жатады, ондағы никотин адам миында

тұйық шеңбер жасап тәуелділік тудырады.

Кофе мен шәй жапырағында аз мөлшерде кокаин кездеседі,

сондықтан шәй ішпесек басымыз ауыратыны сондықтан.


1- жүргізуші ------- Меніңше маман –кеңесшілермен келісуге болады.


Тағы сіздің кеңесіңізге құлақ түрсек , қандай наркотиктер жер -

бетіне таралған ?

Маман: - Дүние жүзі бойынша 2000 жылы өндірілген апиын 6600 тоннаны

құрайды. Бұл «Алтын жарты ай» елдері--- Ауғаныстан, Пәкістан,

және Иранның шекараларының тоғысқан жерінде ---жер шарыны

ның ең үлкен апиын көкнәрін өндіретін жер.

Ауғаныстандағы 4600 тонна есірткінің 65 пайызы Еуропаға

Қазақстан,Қырғыстан,Түркіменстан,Өзбекстан ,Тәжікстан арқылы

тасымалданады. Алтын ұшбұрыш аймағы Лаос,Камбоджа,Тайланд

Есірткі заттары Апиын және оның препараттары морфин, героин,

Синтетикалық түрлері промедол,методон

Галлюциногендік : анаша, марихуана, ЛСД, Экстази т.б

Уытқорлық түрлеріне алкоголь, никотин, бензол, толуол,

краска,клей жатады.

2- жүргізуші: Нашақорлық, және тәуелді ету мүмкіндігі жоғары, оларды

есірткілер тобына алып уытқорлық терминдерін мамандар түсіндіріп

өтті.


1- жүргізуші: Біздің елімізде Қазақстан Республикасынд 2001-2005 жылдары наша-

қорлықпен күрес стратегиясы, Президентіміздің арнаулы жарлығымен

бекітілген. Онда әсіресе кәмілетке толмаған жастар арасында

нашақорлық- тың таралуына тиым салу мен алдын –алуға ерекше маңыз

берген.


2- жүргізуші: Неліктен жастарымыз нашақорлыққа тап болады? Жасөспірімдік кезең

деген не? бұл сұрақты мамандарға қоймас бұрын жастарға сөз берсек.



  1. жүргізуші:

  2. Осы айтқан пікірлерінің жалғасы ретінде «Аңыз бен Шындық» ойынына

кезек берсек. Ортаға 8-білімгер шықсын . Қолыңыздағы жазылған сөз

шындыққа жанасама,әлде жоқпа соны дәлелдеп ,топқа бөлінесіздер.

1. Әлемдегі кез келген есірткі-адам денесаулығы үшін зиянды . Ш

2. Желімді искегеннен жүрегіңіз ,көтеріліп жағдайыңыз,нашарлағаннан

өлмейсіз. А


3.Алкоголь –ынталандырушы құрал , оны ішсең ,көңіл күйің көтеріледі.

А

4. Марихуананың іздерін адамның ағзасынан бір ғана порция

тартқаннан кейін бір аптаның ішінде анықтауға болады Ш

.

5. Темекі –есіртрткі Ш

6. Спирттік ішімдікті 15 жасқа дейін ішіп көргендерге жасөспірімдік

шақта өсіп жетілгенге дейін есірткі қолдану қаупі екі есе артық төнеді.

Ш

7. Тйым салынған есірткіні жасөспірімдер ең алғаш бейтаныс ересектер-

ден алып қолданады, олар балалар жүретін жерлерді аңдып жүреді. А

8. Нашақор болу міндетті емес –оны бір пайдаланғаннан кейін тастап

кетуге болады. . А

2- жүргізуші: Көрнекті ақынымыз Қадір Мырзалиевтің

--Әңгіменің көшелік расына ,

Тойғанға мәз кейбіреу сырасына.

Бір –ақ рет берілген мына өмірді .

Өзіміз ғой қылатын рәсуа! осы өлең шумағы жастарымыздың жат әдетке алып баратын «Қауіп факторын» жинақтайтын кезеңі қай тұс екенін мына Ролдік ойыннан «Қауіпті әуесқойлық»

Автор: -- Кеш. . Құлаған ескі үй ауласында кезекті жиын. Бұл жерде әркім өз проблемаларымен бөлісе алады.

1-қыз : ---- Мені анам түсінбейді.Оның ойынша, менің өз қөзқарасым болуы мүмкін емес. Ол үнемі -Сен білесің бе, мені анам түк білмейтін, әлі жассың» -дейді . Сонымен бірге менің өзінен ештеңе жасырмауымды талап етеді.Менің әңгімемді тыңдамайды да немесе ойымның бәрін бос сөз деп есептейді.Анамды жақсы көремін ,бірақ бір-бірімізді ешқашан түсінбейтін шығармыз» .

2- қыз: - Ол мені түсінеді деп ойлайтынмын. Бір-бірімізден ештеңе жасырмайтынбыз . Ол әскерге кеткенде үнемі хат жазып жүрдім. Біркүні бір адамнан хат алдым.Оған жазған хаттарымды бүкіл жолдастарымен бірге оқиды екен. Менің сезімім ойыншық болғаны ма? Не істерімді білмеймін?.

3- жігіт: -Мен жақында ғана жаңа мектепке ауыстым, сыныпта өз топтары қалыптасқан, өзімді жалғыз сезініп жүрмін.

Әңгімеге бір ер бала араласады: -Бүгінгі кеште өз проблемаларыңды ұмытуға қалай қарайсыңдар? Мен де сендерге арналған бір нәрсе бар ( Шөп салынған кішкентай пакетті қалтасынан шығарады.. Жастар онымен келіседі.


1- жүргізуші: Сіздер осы жастарға қандай ақыл кеңес берер едіңіздер? «Жоқ» деп айтуға не жетіспеді деп ойлайсыздар?.

2- жүргізуші: «Жасөспірім шақта нашақорға айналды» атты Ролдік ойыннан ой түйіңіздер.


Автор: - Нашақор ұйқысынан есірткінің кезекті мөлшеріне ақшаны қайдан аламын деген оймен оянды.


Нашақор жасөспірім ( Бөлмені сенделіп айналып жүр) : --------- Ақшаны кімнен алсам екен ? ( Телефонмен досына хабарласады) .

- Қарызға ақша бере аласың ба?

-Бере алмаймын .

- Маған ақша керек түсінесің бе?, үш күнге бере тұр.

- Өз-өзіңді ұстаймын деген уәдең қайда?

-Сен оны оңай ғой деп ойлайсың ба?

( Досынан ақша ала-алмаған оның есіне бағалы заттар салынған сандықша түседі, соны сатады.)

Автор: ------- Нашақор ұрлықты осылай бастап, кісі өлтіруге дейін барады.

1- жүргізуші: Нарколог дәрігерге сұрақ.

1. Нашақордың емделуі мүмкін бе?

2. Нашақорларды емдеу құны қанша тұрады?

3. Психотропты заттарға не жатады ?

2- жүргізуші: Халқымыз есірткінің зардабын мына мәтелдерден анық аңғартады емес пе?

Қауі қатер төндіретін халыққа ,

Есірткімен күресуден жалықпа.

1- жүргізуші: Еңбек зейнет әкелер

Есірткі бейнет әкелер.

2- жүргізуші: Есірткі тартпа !

Мүсәпір болма жатқа.

1-жүргізуші: Өзіңе -өзің сақ болда

Есірттіге тап болма.


2-жүргізуші: Көпке оғын атқан

Есірткіден сақтан.


1- жүргізуші: Есірткіге ерте жолағаның

Жастығыңды ерте тонағаның


2- жүргізуші: Әуестенсең есірткіге әу бастан

Құтылмайсың СПИД деген науқастан.

1- жүргізуші: Есірткі тартып сорлаған

Өз тәнін сатып қорлаған

Тірлікте жолы болмаған

Өмірін ажал торлаған

Сиқыры көзді байлаған

Уыты бойды жайлаған

Өлімге сені сайлаған

Келмеске мүлде айдаған

Қаша алмай мүлде сұмдықтан

Өзіне -өзі қол сұққан

Айырар жан жоқ қорлықтан

Көк нәрге әбден құнныққан

Шыңғырып айтсам шындықты

Есірткі жайлы сұмдықты

Ендігі сөз сендерде,

Кеселді мұндай кім ұқты.?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!