400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Нашақорлық және құқықбұзушылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтар мен сынып жетекшілергі пайдасы мол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Нашақорлық және құқықбұзушылық

Мақсаты: Рухани жаңғырту аясында оқушылардың өз құқықтары мен

міндеттерін жүзеге асыра білуіне дайын болуы, айналасындағылар

іс-әрекетінің заңға сәйкестілігін қадағалау қабілетін қалыптастыру

және қоғамға қарсы кез- келген құқықбұзушылыққа жол бермеу.

Оқушыларға нашақорлықтың аса қауіптілігін насихаттау, өзіне деген

сенімділіктерін арттыру.

Әдісі: тренинг-сабақ

Жоспары:

1. «Cызғыш» тренингі

2. Постер қорғау «құқықбұзушылық» «нашақорлық»

3. «Мен заңды қаншалықты білемін»жаттығуы

4.«Сыйқырлы бөшке» ойыны

5. «Шарлар» тренинг

6. «Тілек ағашы» жаттығуы

Кіріспе

Сәлеметсіздер ме ,балалар! Бүгін өткелі отырған «Нашақорлық және құқықбұзушылық » атты тренинг сабаққа қош келдіңіздер!

1. «Cызғыш» тренинг

1.Алфавит бойынша Есімдеріне қарай сап түзеу

2.Туған күндері бойынша сап түзеу

3.Бойларына қарай сап түзеу

4.Сынып бойынша сап түзеу

Сынып бойынша топқа бөлініп

2. Постер қорғау «құқықбұзушылық» «нашақорлық»

Нашақорлық –бұл есірткі заттарға еріксіз еліктіріп тұратын ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру.Есіркіні бір рет те болса қабылдап көрген адамдар, мұны бірнеше себептермен істейді:

  • жай әшейін

- рахаттану үшін

- болған жайтты ұмыту үшін

  • жаңа сезімдер үшін

Жастардың арасында әлі қабылдап көрмегендер не қабылдап көргендер,тәуелділер және тастағандар бар.Оның кесірінен адамда әр түрлі психикалық бұзылыстар, жеке тұлға ретінде ақыл-естің кемуі өршиді.Өлім саны өте жоғарлайды.Оның ішінде ерте өлімде аз болмайды, яғни жас кезінде инфарктан, дозаның көптігінен, тамырда қан ұйуынан,СПИД пен ВИЧ вирусының гепатитінен. Қазақстанда жыл сайын 7 мыңнан астам қылмыс жасөспірімдер қолымен жасалады екен. Соңғы жылдары оның ауыр түрлері де тіркелуде.

3. «Мен заңды қаншалықты білемін?»жаттығуы

1. Дүкенде спиртік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.


2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.


3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.


4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.


6. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.


4.«Сыйқырлы бөшке» ойыны

1. Халықаралық балаларды қорғау күнін атаңыз (1-маусым )

2. БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қай жылы қабылданды? (20.11.1989ж)

3. ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды ( 28.01.1993ж)

4.Оқушы неге құқылы?

5.Республикадағы жоғарғы заңшығарушы орган (Парламент)

6. Қазақстан Республикасы қандай мемлекетке жатады?

(Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)

7. 16 желтоқсан қандай күн? (тәуелсіздік күні)

8.Конституция күні қашан тойланады? (30 тамыз)

9.«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)

10.Мемлекеттің басты қазынасы( адам)

6. «Шарлар» тренингі -Шарты: 7 адамды ортаға шығарып, шарларды үрлеп, оларды байлауын сұраңыздар.

  • Қатысушыларға түсіндіріңіздер!

Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – сезімің.

Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.

  • Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар. Ашудың

осылай шыққаны дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?

  • Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол – қатерлі жол.

Енді 7 қатысушыларға жаңа шар беріп үрлеуді ұсыныңыз. Оны байламай ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберіңдер.

  • Шар кішірейді, бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

  • Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығаруды ұсыныңдар. Бұл нені білдіреді? Әр адам қауіпсіз жолын табу – әр адамның өз қолында.

Қорытынды:

Әрбір адамның ашу-ызаны реттей алуы, екі немесе көп арасындағы ұрыс-керіс, төбелес, құқықбұзушылық, т.б. жағдайлардың алдын алудың басты шарты болып табылады. Егерде адам алғашқы жағдайдағыдай ашуды сыртқа шығарса, ұрыс-керіске, төбелеске, құқықбұзушылыққа ұласып кетер еді.

7. «Тілек ағашы» жаттығуы

Қорытындылау.Құқықбұзушылы пен нашақорлықтан аулақ болайық!

Бүгінгі сабақтан алған әсері мен тілектерін мына жемістерге жазып. Тілек ағашына жапсыру











Жаңажол негізгі жалпы білім беретін мектебінде өткен «Нашақорлық және құқықбұзушылық» атты тренинг -сабаққа

Анықтама

Қаңтардың 25-і күні 8-9 сыныптар аралығында «Нашақорлық және құқықбұзушылық» атты тренинг-сабаққа өтілді.

Мақсаты: Рухани жаңғыру аясында оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуіне дайын болуы, айналасындағылар іс-әрекетінің заңға сәйкестілігін қадағалау қабілетін қалыптастыру және қоғамға қарсы кез- келген құқықбұзушылыққа жол бермеу. Оқушыларға нашақорлықтың аса қауіптілігін насихаттау, өзіне сенімділіктерін арттыру. Тренинг сабақ 7 бөлімнен тұрды.Оқушылар тренинг сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты. 1. «Cызғыш» тренингі өтті.

2. Постер қорғалды 9 сынып «құқықбұзушылық» , 8 сынып «нашақорлық»

3. «Мен заңды қаншалықты білемін» жаттығуы орындалды.

4.«Сыйқырлы бөшке» ойыны ойналды

6. «Шарлар» тренингі

7. «Тілек ағашы» жаттығуы

Рефлекция. Оқушылар тренингтен алған әсерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін стикерге жазып тілек ағашына жапсырды. Picture 13 Picture 1 Picture 2 Picture 19

Педагог-психолог:Э.Т.Шанкишева

Тақырыбы: Қарым-қатынас жарастығы

Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцианолды жігер беру, бірі-бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, гуашь бояулары, қылқаламдар,стакандар,жіп пен резеңке,теннис шары ,стикер қағаз.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздерді пихологиялық көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріміздібен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.

1-жаттығу. Амандасу

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Нұсқаулық: Барлығымыз орнымыздан тұрып бір-бірімізбен әр саусағымызды біріктіріп бір-біріне тілек айту арқылы амандасады.

Енді мына конфеттер арқылы топқа бөліну

2-жаттығу Арт терапия элементін қолдану арқылы сурет салу.

Бәріміз емін еркін отырып, терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық. Алдарыңызға берілген қағазға өз ойларыңызды суретпен көрсетіп салыңыздар. Ойларын сұрап, қорытындылау.

3-жаттығу «Футбол» жаттығуы

Мақсаты: Топпен бірлесе жұмыстануға үйрету

Әр топ мүшелері қарама-қарсы команда болып,ойын ойнайды.

Тениис шафригін үрлеу арқылы қақпаға доп салу қажет.

4-жаттығу Жіп терапиясы «Пирамида құру»жаттығу

Мақсаты:  Ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу.

Қажетті құралдар: жіп, резеңке, стакан
Ережесі: Екі топ қатысушылары резеңке жіппен стакандардан пирамида құрайды.Қай команда пирамиданы тез әрі биік етіп құраса, сол команда жеңіске жетеді.

7-жаттығу «Лабиринт» жаттығуы

Қай команда мына лабиринттен тез жол тауып шықса, сол команда жеңіскежетеді. Тренинг соңында жеңімпаз команда мадақталады.









































«Жаңажол негізгі жалпы білім беретін мектебі» КММ-де

мектеп мұғалімдеріне жүргізілген «Қарым-қатынас жарастығы»

атты тренингке берілген

Анықтама Қараша айының 7-сі күні мұғалімдерге «Қарым-қатынас жарастығы»тренинг

өткізілді.Тренингтің мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцианолды жігер беру, бірі-бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру.

1-жаттығу. Амандасу

2-жаттығу Арт терапия элементін қолдану арқылы сурет салу.

3-жаттығу «Футбол» жаттығуы 4-жаттығу Жіп терапиясы «Пирамида құру» жаттығуы

5-жаттығу «Лабиринт» жаттығуы.Тренингке мұғалімдер қызығушылықпен белсене қатысты.


Педагог-психолог: Э.Т.Шанкишева









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі