Материалдар / "Нашақорлық-қоғам дерті" 8-сынып оқушыларының байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Нашақорлық-қоғам дерті" 8-сынып оқушыларының байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Нашақорлық - қоғам дерті »







Топтың аты: Денсаулық

Топтың ұраны: «Денсаулық -қоғам байлығы»

М

Топтың төс белгісі

ақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын осы көрініс арқылы түсіндіру.

Түйін: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Отанымыздың келешегі, көркеюі жастардың қолында .Сондықтан біздің таңдауымыз-салауатты өмір салтын сақтау.Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.

Есірткі,нашақорлық – адамзатты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық. Өміріміз өз қолымызда.





















11жалпы білім беретін орта мектеп КММ























Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Туған күні айы жылы

Жетекшінің аты- жөні

1

Әуесбаева Гаухар Бахытбайқызы

12.03.2004

Жанадилова Айдын Калдибаевна

2

Турегалыева Айслу Ерлановна

30.12.2004

Жанадилова Айдын Калдибаевна

3

Жолдыбай Әділжан Талғатұлы

16.04.2004

Жанадилова Айдын Калдибаевна

4

Маратова Арай Бериковна

06.06.2004

Жанадилова Айдын Калдибаевна

5

Тауниязова Оразгуль кувандыковна

06.11.2003

Жанадилова Айдын Калдибаевна

6

Бекбулатова Медина Тулькибайқызы

29.09.2004

Жанадилова Айдын Калдибаевна

7

Ахметова Манар Қаржаубайқызы

31.07.2004

Жанадилова Айдын Калдибаевна

8

Истелеева Асел Жанарбековна

24.09.2004

Жанадилова Айдын Калдибаевна

9

Нугиева Динара Исаевна

10.07.2003

Жанадилова Айдын Калдибаевна



Қисық жол» атты көрініс

(Сахнада бір отбасының түскі ас ішу кезі көрсетіледі. Анасы ас қамын әзірлеуде. Әкесі мен анасының арасындағы диалог.)

Ана : Ау,әкесі түскі аш ішейік келсеңші,Еламанда келіп қалар.

Әкесі сахнаның ар жағынан сөйлеп шығып келеді (көзінде көзәйнек, қолында газет)

Әке : Сағат болса 2- ден асты. Ұлымыз неге кешігіп жатыр екен.

Ана : Келіп қалар,күнім сол, өзі шаршап жүр, ҰБТ –сы қиын, күнде тест ке

дайындалады.

Әке : Оқысын, оқығаннан қор болмайды. Өз нанын тауып жейді.

(Осы кезде есік соғылып, ұлы келеді, анасы қарсы алады.)

Еламан: Сәлем, әке,анашым ,мен келдім.

Анасы : Кел құлыным (еркелетіп) , қарның ашқан болар.

Еламан : Қарным ашқаны соншалық, қандай тағамызға да ризамын.

Әкесі : Ұлым, сабағың қалай, биыл оқуыңды аяқтайсың, дұрыстап дайындалып жүр.

Еламан : Иә, әке жақсылап дайындалып жатырмын. Күнде сабақтан кейін ҰБТ-ға дайындық сабақтары өтеді.

Анасы : Менің ұлым ақылды. әкесі ұлың шаршап келді, бала тамағын ішсін енді.(даусын көтеріңкіреп)

Еламан : (тамағын ішіп отырып) Әке,ана мен сіздерге бір нәрсе айтайын деп едім. Бүгін біздің сыныптағы Бауыржан бар емес пе, туған күнін атап өтпекші, туған күніне достарын жинап жатыр екен, мені де шақырды. Қалай қарайсыздар. Баруыма рұхсат етесіздерме? 11 сыныпта оқимыз. Бітіреміз дегендей….

Әкесі: Ол қайсысы, әлгі ұзын ба?

Еламан : Иә, дәл өзі әке.

Әкесі : Бармайсың , үйде жұмыс көп, маған қолғабыс етпейсің бе, жалғыз өзім үлгермей жатырмын.

Анасы : (ұлын қорғаштап) Әкесі бара қойсын, достарымен бойын жазсын, сабақтан шаршап жүр, кешікпей келеді ғой, рұхсат ет, енді.

Әкесі (сөйлеп,ренжіп сахнадан шығып кетеді.) Жалғыз ұлдан көмек болмайтын болды ғой, бармайсын!

Анасы : Ұлым, сондай барғың келіп тұр ма? Әкең ренжіп жатыр ғой. Жақсы мен әкеңді бірдеңе етіп көндірермін, сен көп кешікпе, жарай ма.

Еламан : Жарайды, анашым, сен алтынсың ғой.

Еламан сахнадан жүгіріп шығып кетеді.

2. Көрініс (Туған күн кеші)

Сахна қараңғы , музыка туған күн кеші , жастар билеп жатыр.

Туған күнге Арман келеді , бәрі қуанышпен қарсы алады. Барлығы қосылып билеуде , Еламан досы Елжас екеуі топтан бөлініп, екеуара сөйлесіп тұр. (Осы кезде жалпы жарық сөндіріліп. Жарық тек екеуіне түсіріледі)

Елжас: Еламан кеш тамаша өтуде, үйдегілер қалай жіберді, мен өлердегі сөзімді айтып, сұрандым әйтеуір.

Еламан: Иә, мені де әкем жібермей, анам көндіріп, шықтым-ау әйтеуір.

Екеуінің әңгімесіне Туған күн иесі Күмісбек келеді.

Күмісбек : Достар, неғып билемейсіңдер, ұнамай жатыр ма ?

Еламан, Елжас : Кеш тамаша өтуде, тағы да туған күнің құтты болсын ! (екеуі жарыса)

Күмісбек : Достар , бүгін менің туған күнім, мені сыйлайсыңдар ғой, иә.

Еламан : Әрине, Кума сенің туған күніңде сенің тілегің болады ғой.

Күмісбек : Олай болса, кешті неге қыздырып, көңілденбеске, нағыз өмірдің балын татпасқа.

Еламан : Кума, ол не дегенің туған күнің қызықты өтуде,достарың жаныңда, бұдан артық қандай қызық.

Күмісбек : Сен нағыз өмір, кайфты білесің бе?

Еламан: Кума, не айтып тұрсың арақ-шарапты айта көрме

Күмісбек : Достым, сен қайда қалғансың , менде бір керемет бар, дәмін татып көрсең, дүниенің рахатын көріп, қиындығыңды ұмытасың.(Қалтасынан төртбұрышты етіп дорбаға салынған есірткіні көрсетеді)

Елжас (зілді дауыспен): Күмісбек, сенің оның не, Еламанды неге итермелеп жатырсың,ол өте жақсы дос,өзіңнің былық істеріңе Еламанды араластырма!

Күмісбек пен Елжас сөзге келіп қалады.

Еламан: (Екеуінің жанжалдарын тоқтатып) Достар,сендерге не болған.

Елжас : Еламан, жүр кетейік бұл жерден.(Еламанды итермелеп, алып бара жатады.)

Күмісбек : Еламан, досыңды туған күнінде ренжіткенің жігіттікке жата ма екен.Мен сені шын досым деп ойласам.

Еламан : Елжас, Куманы ренжітпейік, қалай десек те бүгін туған күні ғой.

Елжас : Еламан, бұл бәлеге жолама, өміріңді құртасың.

Күмісбек : Кетшей әрі (Елжасты итеріп жібереді .Еламанға есірткіні ұсынып) Білесің бе, бұл тамаша, кешті қыздыра түседі, көңіл-күйің көтеріліп, қиял-ғажайып ертегіге барып қайтасың.

Екеуі сахнадан шығып кетеді

3. Көрініс

Жүрек соғысының үнімен сахнаға есеңгіреп, Еламан шығады.

Кеш жалғасуда, жастар биді жалғастыруда, Еламанның басы айналып, әр жерге бір соғысып, билегендей болады. Бірнеше уақыттан соң, Еламан Күмісбекті топ ішінен іздеп табады.

Күмісбек (күліп) : Еламан, жағдайың керемет қой,

Жарық екеуіне түсіріледі

Еламан: Кума. Басым айналып, өзім түсінбейтін бір күйде тұрмын,билегім келеді, тағы қайталауға болмай ма?

Күмісбек : (мысқылдап)Неге болмасқа, басқа әдістерінде қарастыруға болады. Бірақ енді ақша керек, ақша,ақша…………….

Еламан : Қалайша ақша, менде ақша жоқ ! Берші, Кума,берші, біртүрлі қалжырап барамын.(Күмісбектің ның аяғына жығылады)

Күмісбек : (Итеріп жіберіп) Ақша, бауырым, ақша, ата-анаңнан ал!

4. Көрініс

Еламан үйіне айқайлап кіреді : Ақша керек,ақша деп,үйдегі заттарды қопара бастайды. Ұлының даусын естіп, анасы жүгіріп келеді.

Анасы : (ұлының есірткі пайдаланғанын білмей) Құлыным-ау, саған не болған, ауырып қалдың ба, айтамын ғой жылы киін деп.Ақша не үшін қажет,тыңдашы ұлым.

Еламан: (Анасының сөзіне құлақ аспай, көзі көрмей, аяғына құлап) Ақша керек, ақша

Анасының жоқ деген сөзіне анасын итеріп жібереді. Айғайды естіген әкесі жүгіріп келеді,бөлмедегі жағдайды көріп.

Әкесі : Ұлым, мұның не, саған не болған, бұл шынымен сен бе? Өз көзіме өзім сенбей тұрмын.

(Ұлының қандай күйде тұрғанын түсінген әкесі қалтырап. Шапалақпен ұлының жағына ұрып жібереді.) Есірткінің әсерінен есі шығып,көзі көр соқыр болып тұрған ұлы үстел үстіндегі пышақты әкесіне сұғып алады. Әкесі жерге құлайды.Түсінбей қалған анасы әкесіне тұра ұмтылады.)

Анасы : (жылап,айқайлап,зарлы үнмен)Әкесі-ау ,не болды тұр,тұр,жедел жәрдем.Жалғыз ұлдың құрбанына айналғаның ба?(Жедел жәрдем мен полиция көліктерінің сиренасы жіберіледі)

Жарық сөндіріліп. Жарық тек Еламанға түседі. (Мұңлы,ащы әуен ойнап тұрады)

Еламан : (Денесін құшақтап, жылап,): Мен бақытты отбасында дүниеге келдім, ештеңеден таршылық көргенім жоқ, Анда- санда тентек болған кезімде әкем ұрса бастас анам «ойбай жалғыз балада нең бар?» деп ара түсетін.

Таусылмақ дәм. Бітпек өмір өзенім

Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.

Мені есірткі найзазымен тіреген,

Өз әлімше арман көлде жүзе алмай

Қанатымнан жараланған күйде мен.

Еламан төмен қарап, жылап отырады.Сахнаға Періште кейпінде (Еламанды айналып жүріп):

Періште :

Ей, жас жігіт,

Жан едің сен гүл жүзді,

Солып қапсың ,тынышыңды кім бұзды.

Өмір қатал,көңіліңе қарай ма ?

Душар болдың қайғыға

Енді арылу оңай ма?

Наша үшін қиған жастық өмірін,

Ең сорлы жан сен боласың !

Ең соңғы жан сен боласың ғаламда.

Осы сөздерді айтып,періште сахнадан шығып кетеді.

Еламан: (Жарық тек Еламанға түсіріледі)

Жас,жеткіншек!

Өздеріңе айту менің борышым

Ауырсаңдар бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол үшін.

Құтқаратын күш жоқ,онда

Әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен есірткіге жоламаңдар сол үшін !

Соңғы сөзін айтып, Еламан жерге құлай кетеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!