Нәтиже сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Нәтиже сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлығы: Мәтінді оқиды, оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздер қолданып жазады, жай сөйлемдер құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді мәнерлеп оқиды, мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырады. Оқушылардың кейбірі: Мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, жай сөйлемдерді құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән:Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні: 24.10.2024 ж

Сынып: 3


Мектеп: Ахмер орта мектебі КММ

Мұғалімнің аты-жөні:.Матаева А.Ж.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу.

3.​4.​2.​1* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрастыру.

3.5.1.5.* берідген тапсырмаларады орындайды. Сұрақтармен жұмыс жасалады.


Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтінді оқиды, оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздер қолданып жазады, жай сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтінді мәнерлеп оқиды, мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, жай сөйлемдерді құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау критерийлері

- мәтінді мәнерлеп, шолып оқиды;

- тірек сөздерді қолданып оқыған мәтіннің мазмұнын жазады;

- сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлемдер құрастырады.

Тілдік мақсат

Бөлімде өтілген сөздерді пысықтау.

Құндылықтарды дарыту


Өлең арқылы тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жақсы мен жаманды ажырата білуді үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, суреттер, слайдтар, тапсырмалар

Бастапқы білім


Өткен сабақтарды қайталау.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» тренингі.

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.

Рaқмет!

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- мәтінді мәнерлеп, шолып оқимын;

- оқыған мәтіннің мазмұнын жазамын;

Үй тапсырмасын сұрау: Мұғалім балмұздақ таяқшаларымен тексереді.


«Қазына іздеу»

Орындау барысы: мұғалім тақырыпқа байланысты құнды бір ақпаратты жасырып қояды. Оқушылар жасырын ақпаратты табу үшін кедергілерден өтеді, яғни тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға карта (маршрут) ұсынылады.

Кедергі 6 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу

2-кезең.Сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтыру

3-кезең. Сұрақтарға жауап беру

4-кезең. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу

5-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау

6-кезең. «Менің досым» деген тақырыпта фотоколлаж дайындау. Досыңның қандай бала екенін айту.

Shape1






Таныстырылым


























Сабақтың ортасы

20 мин



















































15 мин.

Оқушылар ту суретімен екі топқа бөлінеді.


1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу.

Мен тәртіпті баламын

Мен тәртіпті баламын, Шкафтарды ашпаймын,

Айтқан тілді аламын. Кітаптарды шашпаймын.

Апам нанға кеткенде, Текшелерден үй жасап,

Үйде ойнап қаламын. Қызық ойын бастаймын.


Дескриптор:

1. Өлеңді мәнерлеп, шолып оқиды.

2. Тірек сөздерді, өлеңнің негізгі ойын анықтайды.

3.Еске сақтауға арналған сұрақтарға жауап береді:

- өлең қалай аталады?

- «-мын» деген жалғау неше рет кездеседі?

- апасы нанға кеткенде қайда қалады?

- неден үй жасайды?

- ол қандай бала?


(Ж)2-кезең. Оқушылар сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтырады, қорғайды, бірнеше оқушының жауаптары тыңдалып «Бас бармақ» әдісімен бағаланады.

Shape2 Shape3


(Т)3-кезең. «Бинго» ойыны арқылы тақтада жасырынған ұяшықтарды таңдайды, сұрақтарға жауап береді.

1. Сенің досың қандай?

2. Ол ата-анасына көмектесе ме?

3. Жалқаубек қандай?

4. Ол бөлмесін жинай ма?

5. Әлібек пен Марат қайда барады?

6. Әлібек – қандай бала?

7. Әлібектің кітаптары қандай?

8. Әнел қайда жиі барады?

9. Әнел ақылды ма?

10. Қадиша – қандай қыз?

11. Балаға әкесі не деп айтты?

12. Нұрай – қандай қыз?

13.Қадиша –қандац қыз?

Кері байланыс: Топтар бір-бірін ұпай санымен бағалайды.


Сергіту сәті «Тапсырмалар», «Алақан»

Тапсырмалар тақтада тұрады сөздерді сәйкестендіру бір-біріне әкеліп қандай сөз шыққаның оқу. Алақан өлеңімен қозғалу. Қатысушылар топта тұра береді.

(Ө)4-кезең. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады.

Мен тәртіпті бала..., айтқан тілді ала.... Менің дос... ауылда тұрады. Қуыршақтарымды ертең жинай... . Тағаны жерден ал... .

Тиісті жалғаулар: - мын, - ым, - дым.

Бағалау: топтар дұрыс-бұрыстығын тексереді.

(Т)5-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, өлеңнің мазмұны бойынша жай сөйлемдер құрайды.

Тәртіпті, еңбекқор, жалқау емес, шырпы қораптары, ренжімейді, рас, оңай, қиын, көтер.

Үлгі:Ол тәртіпті бала.

Ол тәртіпті бала, себебі апасының тілін алады.

Мұғалім жазбаша комментарий беру арқылы бағалайды.


(Ө, Т)6-кезең. «Коллаж әңгімесі»

Орындау барысы: «Менің досым» деген тақырыпта оқушылар постерге коллаж жасайды, содан соң бұл коллажды пайдаланып әңгіме құрайды, басқа топтармен таныстырады. Постерді дайындау барысында алғырлық, эстетикалық талғам мен қиялдау қабілеттері дамиды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


7-кезең. Алақай, қазына!!!!

Бұл кезеңге келгенде мұғалім оқушылардың белсенділігін мадақтап, жолдағы кедергілерден сүрінбей өтіп, қазынаға жеткендерін айтады және қазынадағы құнды ақпаратпен таныстырады.

Мақал-мәтелдер

Жақсының аты өлмейді, жаманның хаты өлмейді.

Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.





































































Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Білім қоржыны»

Оқушылар тақтаға жапсырылып тұрған қоржынның түстері бойынша сабақты бағалап асықтарды салады.


Үй жұмысы:

Өткен тақырыптарды қайталау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2025
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі